Лекция Тағам өнімдерін буып-түюдің маңыздылығы. Тараның негізгі түрлерінің жіктелуі және сипаттамалары Тағам өнімдері жоғары тұтынушылық қасиетке ие болуы тиіс және халықтың рационды және қауіпсіз тамақтануына қабілетті болуы қажет



бет2/6
Дата22.06.2016
өлшемі403 Kb.
#152917
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Фенолды шайыр (смола) -тағам өнімдеріне жақындамауы керек, фенолмен жақындатса өнімнің дәмі және иісі өзгереді.

Соған қарамастан пленкалар - нитроцеллюлозадан жасалған, жақындамауы тиіс.

Экономикалық себептерге байланысты тағам өнімдерінде полилитакриндер қолданылады.

Оптималды тара құру жолында көбінесе әр түрлі пластмассалар түрін қосып және оларды басқа буып-түю материалдармен біріктіріп жасайды.

Комбинирленген пленка біртекті пленкаға қарағанда көптеген өнімдерді буып-түюде талаптарды қанағаттандырады. Бұған әр түрлі буып-түю материалдарың оң қасиеті жинақталады. Қазіргі кезде белгілі болған - целлофан-полиэтилен, целлофан-поливинилденхлорид, қатты поливинилхлорид-алюминий. Пластмассадан жасалған буып-түю материалдарының көпсандарының ішінен, тағам өнімдерін буып-түюге арналған полиэфирлі пленканы айтпай кетуге болмайды. Ол әсіресе жақсы механикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Соңғы кездерде жаңадан пайда болған поликарбонатты пленкалар кең қолданады.

Полимерден жасалған тара және орағыш материалдар арналуы, материалы, құрамы, конструкциясы және өндіру технологиясы бойынша жіктеледі.

Полимер тара жасау үшін қолданылатын материалдарды табиғи және синтетикалық материалдарға бөледі

Табиғи полимер материалдарына целлюлозаның туындылары: регенерирленген целлюлоза және целлюлоза астаттары жатады.. Орағыш материалдар көбінесе регенерирленген целлюлоза – вискозадан жасалады..

Целлюлоза пленкаларының пайдалы қасиеттері болып оның шыныдан кем емес мөлдірлігі, жоғары беріктігі (мықтылығы), майлар мен иістерді өткізбеуі табылады.

Вискозадан жасалған пленка (целлофан).

Целлофан – арзан мөлдір буып-түю материалы қағаз және картон негізінде дәстүрлі буып-түю материалдарынан айырмашылығы, ол мөлдір тара дайындауға мүмкіндік береді.

Химиялық көзқараспен қарағанда мұнда әңгіме целлюлоза жайында болмақ, тор мағынада целлюлоза гидраты туралы айтылар табиғатта кездесетін целлюлоза химиялық –техникалық процесс нәтижесінде сульфитті, сульфитті целлюлоза түрінде жиі қолданылатын мөлдір пленкаға айналады. Бұл мағынада целлофан пластмассаға жатпайтын және түрленген табиғи материал.

Табиғи целлюлоза гидратына (целлофан) айналуы мынада: алғашқы материалдың беткі – кристалды құрылымы бұзылады. Бұл реакцияға қатысатын химиялық құраушының көмегімен целлюлозаны еріту арқылы экструздейді, сосын целлюлозаны суытады. Бұл енді пленка мөлдір, ашық материал шығу үшін суыту /ванналарына тағы бірнеше вални/пленка өткізу арқылы / қосады.

Целлюлозаларды буып-түю үшін қолдану мәні, ол мөлдір және арзан, соған қарамастан оның ультракүлгін сәулелерді өткізуі басқа мөлдір пленкаға қарағанда жоғары. Мұны жарық сезгіш заттар, май, дәруменді, өнімдерді буып – түю кезінде есепке алу керек.

Негізгі шикізат – целлюлозаны ағаш қалдықтарын каустикалық содамен өңдеу арқылы алынады. Вискоза пленкасының алуан түрлері кездеседі, оның ішінде суды өткізбейтін және оны өткізетін, термосваркаланатын және сваркаланбайтын, бір немесе екі жағынан қапталған және т.б.


Лекция 6. Буып-түю материалдары. Пластмасса (жалғасы)
Су өткізетін целлофан пленкасы өнімді шаңнан, майлар мен зең түсуінен қорғау қажет болғанда қолданылады. Оған конфеттерді, жаңа пысқан көкөністер мен жемістерді, сосискаларды орауға болады.

Су өткізбейтін вискоза пленкасы нан-тоқаш және кондитер өнімдерін, сигареттерді, жаңа сойылған етті орау үшін қолданылады. Полиетиленмен қапталған целлофан қақталған етті, сырды және басқаларды вакуум жағдайында орау үшін қолданылады. Бұл жерде целлофан газдардың өтпеуін, ал полиэтилен – сварка тігісінің мықтылығын және ылғылдың өтпеуін қамтамасыз етеді. Бұндай пленкаға печенье, чипсы орауға болады.



Целлюлоза ацетаттары. Ацетат пленкалары вискозадан жасалған пленкалардың қасеттерінің көбіне ие, сонымен бірге қыздырылған күйінде жеңіл майысады (термоплатичны), жақсы формаланады және бүктеледі. Көп қабатты ламинаттардың сыртқы қабаты түрінде қолданылады. Пленка ылғал жібермейді, ал бу және газ жібереді, сондықтан «тыныс ала алатын» орамдық материал ретінде көптеген жас тағамдарды орау үшін қолданылады. Бүктеп желімдеу немесе формалау арқылы конфеттер, шоколад салуға арналған әр түрлі сиымдылықтар мен коробкалар жасауға келеді.

Синтетикалық полимер материалдарына олефин гомологтық қатарының газдарын – этилен, пропилен, бутен, винил полимерлері – поливинилхлорид, иономерлер, стирол полимерлері, полиамидтер және т.б. полимеризациялау өнімдері жатады.

Төмен тығыздықты полиэтилен – полиэтилен низкой плотности (ПЭНП). Этиленді полимеризациялау арқылы алынады.. ПЭНП пленкалары мықты болып табылады және мықтылығын – 70 0С температураға дейін сақтай алады. Ылғал және бу өткізбейді, бірақ газ өткізеді сондықтан тез тотығатын өнімдерді буып-түюге келмейді. Химиялық тұрақты болып табылады, әсіресе қышқылдар, сілтелер және анорганикалық еріткіштерге қарсы, бірақ көмірсуларға, майларға қарсы тұра алмайды.

ПЭНП буып-түюге арналған пленкаларың 75%-ын құрайды. Бұл материал полиэтилен пакеттері түрінде әр түрлі тағам өнімдерін сау үшін қолданылады. Төменгі температураларда беріктігін жоғалтпауына байланысты мұздатылған тағам өнімдерді орау үшін қолданыла алады.



Жоғары тығыздықты полиэтилен – полиэтилен высокой плотности (ПЭВП). ПЭВП-дан жасалған пленкалар 120 0С температуралаға дейін шыдайды, сондықтан одан жасалған тара бумен стерилизациялауді көтереді. Химиялық тұрақтылығы ПЭНП пленкаларының тұрақтылығынан жоғары б.т..

Радиациялық-модификацияланған полиэтилен. Кәдімгі ПЭНП пленкаларынжоғары жиіліктігі электр тогы өрісінде ұстау арқылы алынады. Тиісті тұрақтыландырғыш (стабилизатор) қолдана отырып 105 0С температураға, ал қысқа мерзім ішінде 230 0С температураға шыдайтын полиэтилен алуға болады.

Полипропилен. Пропиленнің синтетикалық полимеры болып табылады. Полиэтиленге қарағанда пропиленнің тығыздығы төмендірек, ол қатты жоғары температураға шыдайды. Тағам өнімдерін орауға арналады.

Полибутен-1 (ПБ). ПБ плёнкасы ПЭНП-ға қарағанда қатты және мықты б.т., жоғары температураға шыдайды. Оны ыстық өнімдерді орау үшін қолдануға болады. Буды өткізбейді бірақ газды жақсы өткізеді. Термосваркаланады.

Бұл пленкадан сүт құятын пакеттер жасалады.



Поливинилхлорид (ПВХ). Винилхлоридты полимеризациялау арқылы алынады. Пленка қатты және мықты б.т. Печенье және кондитер өнімдері салынған қорабтардың ішіне жайу үшін қолданылады.

Поливинилиденхлорид (/ПВДХ). Винилиденхлорид және винилхлорид сополимеры б.т. Плёнка жарық өткізеді, мықтылығы жоғары 120... 158 °С температурада сваркаланады. ПВДХ пленкаларының бу- және газ өткізгіштігі өте төмен. Көп қабатты пленкалар шығарғанда және қағаз, целлофан, полипропилен пленкаларының бетіне жағылады.

Ветчина, сыр, құс өнімдерін орау үшін қолданылады. Осы плёнкадан жасалған қаптар сырларды жетілдіру кезінде қолданылады.



Иономерлер. Полимерлердің бұл тобы коваленттік және иондық байланыстарға ие болады.. Иономерлерді «Дюпон» швейцар фирмасы зерттер дайындаған және олар Сурлин А деп аталады.

Сурлин А пленкалары этиленде негізделген және көптеген қасиеттері бойынша полиэтиленге ұқсас болып табылады. Иономерлер жарықты жақсы өткізеді (прозрачность) үй температурасында кез келген органикалық еріткіштердің әсерінен өзгермейді және жоғары температурада да бір де бір еріткіште ерімейді. Термосваркамен формалау арқылы дайындаратын тара шығару үшін қолданылады. Экструзия арқылы ламинирлеу үшін де қолданылы алады.



Стиролдың полимерлері және сополимерлері. Стирол 145 °С температурада қайнайтын химиялық сұйық болып табылады. Полимеризациялау өнімдеріне полистирол және оның модификациялары, акрилонитрил, бутадиен және стиро­л сополимерлері жатады..

Полистирол (ПС). Полистирол пленкасы өте сынғыш болып табылады және модифициялаусыз орау материалы түрінде қолданыла алмайды. Полистирол орташа деңгейде газ өткізгіштікке және жоғары бу өткізгіштікке ие. Күшті қышқыл және сілтелерге қарсы тұрақтылығы бар.

Модифицирленген полистиролдан әр түрлі стаканчи­ктер, подностар, қатты тубалар және т.б. жасайды..



Полиамидтер (ПА). Барлық полиамидтер қатты, төзімді сатериалдар болып табылады. Бумен 140 °С температураға дейін стерилизайиялауды көтереді. Томен температурада сынбайды, соққыларды жақсы көтереді, жеңіл свараланады. Буып түю материалы ретінде полиамидтер мынадый қасиеттерге ие: майлар мен сілтілерге қарсы тұрақты, газ- және кислородты , хош иістерді жақсы өткізеді. Кемшіліктері: ылғылды жақсы сіңіреді және бу өткізеді..

Полиамид плёнкалар тағам өнімдерін вакуум жағдайында буып-түю үшін қолданылады.



Поликарбонат (ПК). Көмір қышқылының полиэфиры болып табылады. Поликарбонат плёнкалары жоғары термотұрақтылық, тұтқырлыққа ие, жарықты жақсы өткізеді. Қасиеттері температураның әсерінен көп өзгермейді. Өте төмен температураларға да шыдамды. Импульстік, ультрадыбыс және кәдімгі жылу сваркалауға жарамды. Формаға оңай келтіріледі.

Ыстық тамақты орау үшін қолданылады. Автоклавтарда стерилденетін өнімдерді және микротолқын пештері үшін оралатын өнімдерді орау үшін қолданылады.

Әдетте синтетикалық және табиғи материалдардың көбісі нақты мақсатта пайдалану үшін қажетті барлық қасиеттерге ие болмайды. Материал химиялық тұрақты, бірақ мықтылығы төмен болуы, газдарды өткізбеуі бірақ суды өткізуі мүмкін. Барлық қасиеттерге ие бірақ қымбат болуы мүмкін және т..с.

Қазіргі жағдайда техниканың дамуына байланысты қажетті қасиеттерге ие көп қабатты полимер дәне комьинирленген материалдарды шығаруға болады.



Көпқабатты полимер материалдары. Әр түрлі полимер плёнкаларын біріктіру арқылы бастапқы пленкалардың қасиеттерінен едәуір жоғары қасиеттерге ие көп қабаттвы материалдар алуға болады. Әдетте полимердің екі-үш түрін екі-үш қабатқа біріктіру оптималды деп есептеледі.

Лекция 7. Буып-түю құралдары.

Қағаз және картоннан жасалған тара
Картон және қағаздан жасалған тара шығару үшін картон, қағаз, фанера, қаңылтыр, жіп, шпагат, металл таспа, металл сым, желімдегіш және тығыздағыш заттар, ылғалдан және басқалардан қорғайтын жамылыштар қолданылады.

Картон мен қағаз басқа материалдармен қосылып дайын өнімнің (тараның) қажетті мықмылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етеді.

Картон мен қағаздың типі тараның мықтылығына қойылатын талаптарға сәйкес, тараның конструкциясы оптималды (оңтайлы) және үнемді және оған салынатын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететіндей қылып таңдайды.

Картон және қағаздан тара жасау үшін ең жақсы материал болып құрамына негізінен сульфаттық целлюлоза кіретін таралық картон және қағаз табылады.

Өңдеудің түріне және өңдеудің мүмкіндігіне байланысты қағаз бен картоннан әр түрлі таралар жасалады.

Басқа да материалдармен байланысты (пластмассалар, бұлдар, қаңылтырлар) әр түрлі жағдайларда пайдалану мүмкіндігіне ие болды. өндірістің ерекшелігіне байланысты таралардың түрлері көп түрлі формалармен өзгешеленбейді, бірақ мұнда жақсы графикалық дайындау (рәсімдеу) талғамдары бойынша алынған бояғыштар және өрнек салу, лактау сияқты басқа да рәсімдеу әдістермен жасау мүмкіндігі бар.

Ерекше конструкцияларынан басқа тараның мынадай түрі қолданылады: пакеттер, қораптар, стакандар, бошкалар, шелектер және кулектер немесе рулоннан (орамша) өңделген оралған қағаздар немесе қағаздан орау үшін орауыштар қолданылады. Тағам өндірісінде буып-түю тараларынан басқа көптеген көмекші әдістер қолданылады, яғни қағаздан, картоннан жасалған. Мысалы, жабыстырылатын лента, қағаз арқан, этипеткалар, жасанды жүк сияқты.

Кулектер, пакеттер және қағаз қаптар. Кулектер және пакеттер тұтынушы тара ретіндеқолданылады, ал қағаз қаптар транспорттық тара ретінде қолданылады.

Кулектер(кулька, қамар-жөкеден жасалған үлкен қап) конус формалы, көбінесе себілмелі тауарларға қолданылады.

Пакеттің әр түрлі түрлерін машинаның көмегімен толтырып жабуға болады және сол үшін олар үлкен қолданысқа ие болады. Одан басқа пакеттерді транспорттық тараға, сөрелерге қабат-қабат қою оңай болып табылады.

Буып-түюші (ораушы) пакеттер. Орауыштарды бір қабаттан немесе көп қабаттан жеңшеден жасайды. Оларды түпті және түпсіз етіп жасайды.

Тегіс пакеттерді тегіс жеңшеден, түпсіз қылып жасайды және бірнеше дайындаудан жасайды. Ал түпті пакетті тегіс жеңшеден және аяғы жағы оралып тұратын бүрмелі жеңшеден жасайды. Көп қабатты жайылған пакеттің ауданы 2700 см2 кем болмауы керек, ал 2700 см2 үлкен болса, ол қан болып саналады.



Орауыш қаптар. Бұл көп қабатты орауыштар және жеңешеден жасалады және бұларды да түпті және түпсіз жасап шығарады. Тегіс, жазылған жерде жатқанды қаптық ұзындықтан, биіктіктен тұратын ауданы 2700 см2 кіші болмау керек.

Түпсіз, тегіс қапты тегіс жеңшеден немесе бүрмелі жеңшеден және басы не аяғы тігілген қаптан жасайды.



Қораптар. Қораптарды жұқа, тұтас және гафрирленген (кепілдінтенген) картон қағаздан жасайды. Қорапты жасау үшін жапсырма қағаз, тоқыма материалдар, пластмассалар қолданылады. Бұлар жоғары сапалы картон өңдеуші топтарға кіреді.

Жаңа картоннан жасалған тораптар - тұтынушылық тара ретінде қолданылады, ал тұтас және гафрирленген картондар транспорттық тара ретінде қолданылады.

Тамақ өнімдерін орау үшін бүктемелі қораптар, яғни беттері ашылып, жабылатын қораптар қолданылады.

Бүктемелі қораптар оларды жай әдіспен жасағандықтан кең қолданылады.

Картон және қағаз тараны конструкциясы бойынша жіктеу.

Картон және қағаз тара конструкциясы және түрі бойынша мыналарға бөлінеді:



  • гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер;

  • тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер;

  • картон лотоктар;

  • картон барабандары;

  • картон обечайкалар;

  • картон вкладыштар;

  • қағаз қаптар;

  • картон поддондар;

  • картон контейнер, прокладкалар, амортизаторлар және т.б.

Картон жәшіктер. Қолданылатын материалдың түрі бойынша гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер және тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер кездеседі. Бірінші түрі көп тараған және перспективалы болып табылады.

Жәшіктердің ішкі өлшемдері ГОСТ 9142–90 талаптарына сай болуы керек және салынатын өнімнің габариттік өлшемдері мен салмағы бойыша алынады. Жәшіктің ұзындығы мен ені арасындағы қатынас 2,5 : 1 ден көп болмауы керек, биіктігі мен енінің ара қатынасы 2 : 1 ден көп емес және 0,5 : 1 ден кем емес болуы керек..

Басқа түрлері – СРС.
Лекция 8. Буып-түю құралары. Ағаштан жасалған тара

Әр түрлі конструкцияларда атқаруда қолданылған және көбінесе транспорт ретінде бірақ басым бөлігі бірнеше рет қайта қолдануға арналған.

Тұтынушылық тара ретінде аз мөлшерде қолданылады. Ол мыналарға байланысты болып келеді:

- ағаштың түрі мен сапасына ;

- тараның конструкциясына ;

- беріктілігін, төзімділігін, ашыту мүмкіндігіне байланысты.

Ағаш тара өндірілуіне байланысты:

- жәшіктер, қайың, шырша;

- ауыр кеспек, емен ;

- жеңіл кеспек, шырша, европалық май қарағай, қайың ;

- науа.

Жәшіктер. Жәшік сырты 2 тік қойылған қабырғадан, 2 қиғаш қабырғалардан және түбінен тұрады. Жәшіктер қақпақсыз (бетсіз немесе бетпен қақпағы бар) қолданылады. Егер қабырғалары, түптері беттері тақтайшадан және бір-біріне тығыз жабысқақ және ауыр, үлкен ағаштан болса онда оны жәшік деп атайды.

Ағаш жәшіктер мына сипаттары бойынша ажыратылады:

– арналуы бойынша (әмбебаб және нақты өнімге арналған, мысалы шайға арналған фанер жәшіктер);

– конструкциясы бойынша (бұзылып-жиналатын және бұзылмайтын);

– бөлшектерін қосу тәсілі бойынша (тығыз жиналатын және решеткалы);

– бөлшектерін біріктіру түрі бойынша (сым скобалармен, шегемен және т.б.);

– өлшемдері бойынша (буып-түйілетін жүктің габариттік өлшемдері және салмағына байланысты стандарттармен бекітіледі);

- және т.б. сипаттары бойынша .

Ағаш жәшіктің бір түрі болып лотоктар табылады, олардың биіктігі 110 мм-ден аспайды.

Ағаш бөшкелер жәшіктер сияқты транспорттық тараға жатады. Олардың корпустары цилиндр немесе парабола тәрізді болуы мүмкін. Арналуы бойынша ағаш бөшкелер құрғақ өнімдер үшін және сүйықтар үшін деп бөлінеді. Құрғақ өнімдерге арналған бөшкелерге құрғақ сүт өнімдірі, жұмыртқа ұнтағы, салқындатылған балық, құрғақ бояу және т.б. өнімдер буып-түйіледі. Сүйықтарға арналған бөшкелерге тұздықтағы өнімдер, рассолдағы тұқымдар мен көкөністер, сыра, шарап, шырындар және т.б. сұйық өнімдер, сондай-ақ тағамдық майлар, мұздатылған тұқымдар мен жемістер және т.б. буып-түйіледі. Бұл бөшкелердің тығын мен тығындалатын тесіктері болады.

Бөшкелердің сиымдылығы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы коньяк, шарап, шырын құюға арналған бөшкелердің сиымдылығы 50 - 600 л, сыраға арналған - 50 - 100 л. Басқа өнімдерге арналған бөшкелер 5 - 250 л.

Лекция 9. Буып-түю заттары. Шыны тара
Шыны таралар - кең көлемде тағам өндіріснде қолданылады. Бұл көп мөлшерде шикізаттың бар екенін, сонымен қатар шынының жақсы қасиеттерімен түсіндіріледі. Мысалы:

- иістің және дәмнің толық жоқ болуы;

- иіс пен дәмді қабылдамаушылығы;

- химиялық заттарға жақсы тұрақтылық;

- қысу кезінде жақсы тұрақтылық;

- жақсы өткізбеушілік;

- толық изоляцияланған.

Сонымен қатар тараны мөлдір, мөлдір емес және жарық өткізбейтіндей қылып жасауға болады. Материал және өндіріс оған әртүрлі пішін беруге мүмкіндік береді. Бөтелкелерге өлшем тізімі 0,1 - ден 1 л - дейін стандарттарда бекітіледі. Шыны тараға бөтелке, банка және стаканнан басқа арнайы буып - түю құралдары қолданылады. Мысалы: конфетті буып - түю арқылы шыны таралар.

Кемшіліктеріне басқа тара түрлерімен салыстырғанда салмағының ауырлығы және механикалық мықтылығының төмендіні (сынғыштығы) жатады.

Шыны тараны классификациялау және ассортименті

Шыны тараны аузының мөлшері, шынының түсі, арналуы және конфигурациясы бойынша классификациялайды.

Аузының мөлшері бойынша тар ауызды (аузының ішкі диаметрі 30 мм-ге дейін) және кең ауызды (аузының ішкі диаметрі 30 мм-ден үлкен) шыны тара кездеседі. Тар ауызды тара (бөтелкелер), әдетте, шарап, арақ, коньяк, сыра, алкогольсіз сусындар, минералды сулар, ликерлер, настйкалар, шырышдар, шампан шараптарын және өсімдік майларын құю, сақтау және тасымалдау үшін қолданылады.

Тар ауызды тараның сиымдылығы 50, 200, 250, 330, 500, 700 и 1000 мл. Оларды түссіз, жартылай ақ, жасыл и қою сары шыныдан жасайды.

Кең ауызды тара (банкалар және бутыльдер) сүт және сүт өнімдерін құюға, герметикалық түрде жабылып сақталатын және тасымалданатын консервіленген өнімдерді буып-түюге арналады. Олардың сиылмылығы 100 - 10 000 мл болады және олар мөлдір және жартылай ақ шыныдан жасалады.

Арналуы бойынша тара былау бөлінеді:

– консервіленген өнімдерді герметикалық түрде жабу үшін банкалар, бөтелкелер және бутыльдер;

– тағамдық сұйықтар, сондай-ақ арақ-шарап өнімдері үшін бөтелкелер;

– және т.б.

Түсі, формасы, негізгі өлшемдері, сиымдылығы, салмағы және жіберілетін ауытқулар бойынша шыны тара оның жеке түрінің стандартында қойылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Шыны тараның сапасы тікелей шынының сапасынан тәуелді болып табылады. Шыны жақсы пісірілген, бірткеті болуы керек, ақаулары болмау керек; химиялық тұрақты болу керек, тараға құйылған өнімге көшпеуі керек және оны бұзбауы керек. Ішіндегі өнімнің жайын байкауға болатындай мөлдір болуы керек.

Соның құйылуына арналған өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты жарықтың өнімге әсер етпеуін қамтамасыз ету үшін қорғау түстеріне – қою сары, қою жасыл түске боялуы керек.


Керамика таралар

Керемикалық тара - қосымша роль атқарады. Бұған себеп жоғары бағалы шынымен бұл тара қорғаушы қасиеттермен және жақсы термоизоляциясымен иеленеді. Сонымен қатар спиртті сусындар үшін қалыпты немесе маңызды формалы бөтелкелер дайындалуы мүмкін. Бөтелкеден басқа буып - түюге арналған банкалар, саз - балшықтан жасалған, қыштан жасалған құмыралар қолданылады.

Лекция 10. Буып-түю заттары. Матадан жасалған тара
Бұлдарды бұрынғыға қарағанда буып - түю үшін қазір сирек қолданылады. Талшықты материалдың көп бөлігін тараның бұлдар дайындау үшін импорттайды. Соған қарамастан таралық бұлдарды және одан жасайтын таралар қазіргі буып-түю техникасы талаптарына сәйкес келмейді. Тағам өнімдерінің өндірісінде бұлдар жасалған таралар жасалады. Ең кіші кездесетіні тор және қап түріндегі тоқылған бұйымдар. Қап және тор жасау үшін қолданылған иілген жіптің алғашқы материалы болып:

- қабықты талшықтар: зығыр, кенекшөп, жұпкотонин, шақпашөп;

- химиялық талшықтар, целлюлоза, жұты ретінде (вискозные волокна);

- қағаз, жазық және далалақталған иілген жіпке өңделген.

Дәстүрге сай қазір алғашқы материал ретінде синтетикалық материалдар, мыс.полиамидті, полиэфирлі, поливинилді талшықтарды иілген жіпке өңдеп, керемет таралық бұл береді. Әнине, мұндайдың бағасы қымбат болғаннан кейін қолданысы шектеулі.

Бұлдан жасалған тара - тағам өнімдерінде бұлдан жасалған тара ретінде қаптау - қант, ұн, пияз, кортоптарды қаптау үшін қолданылады. Қаптар мен теңдер транспортты тара болып табылады. Қаптар әсіресе кең қолданылады, бірақ кейбір тауарларды. Мысалы: қалыпты клапонды қағаз қаптарға қаптау қабылданған жеміс - жидектер, картоптарға тұтынушы тара ретінде анықталған тауар мөлшері бар торлар қолданылады. Бұл торлар табиғи иірілген жіптен сияқты синтетикалық жіптен де әзірленеді.

Матадан жасалған тара өзінің беріктігі, жеңіл салмағы, иілімді, оңай толтырылады және қолдаңғанға ыңғайлы болып табылады. Осы қасиеттерінің арқасында матадан жасалған тара әр түрлі тауарларды буып-түю үшін кеңінен қолданылады.

Матадан жасалған тараға әр түрлі қаптар және орауыш материалдар жатады.

Матадан жасалған қаптар мыналарды буып-түю үшін қолданылады:

– азық-түлік тауарлары(бидай, оны ұқсату өнімдері, қант);

– құрғақ химиялық заттар;

– кейбір өнеркәсіптік тауарлар (кізден жасалған аяқ киім, тігіс өнімдерінің кейбір түрлері және т.б.);

– ауыл шаруашылығы тұқымдары;

– кейбір ет өнімдері.

Орауыш маталар әр түрле тауарларды орау үшін қолданылады.

Экспортқа жіберілетін тауарларды буып-түю үшін қолданылатын мата қаптар жаңа, таза, құрғақ, бөгде иіссіз болуы керек.

Дәнді дақылдарды қаптау үшін ұсталған қаптар да қолданылуы мүмкін.



Лекция 11. Буып-түю заттары. Металлдан жасалған тара

Металл – буып – түю материалдары ретінде герметикалық немесе механикалық мықтылық қажет болғанда қолданылады. әр түрлі материалдар өзінің электролитті қатарындағы күшке сәйкес коррозияға сезімталдығы әртүрлі болады. Сондықтан кейбір материалдарға қандай тауар буып-түйілетіндігіне байланысты коррозияға қарсы жабдық қажет. Металл өнеркәсібінде транспортты және тұтынушы тара ретінде қолданылады. Кейде тараның барлығы металдан тұрмайды, тек оның жеке элементі, мысалы, банка қақпағы металдан жасалады. Ең көп қолданылатын әртүрлі қалыңдықты жапырақшалы болады. Одан қара және ақ қаңылтыр құяды.

Қара қаңылтыр дегеніміз жылдам коррозияға ұшырайтын, аяғына дейін өңделмеген жапырақшалы болады. Оның буып-түю мақсатында қолдану үшін қорғаныш жабын жабу керек. Бөшкелерді (теспектерді) және барабандарды кейде қара қаңылтырлардан жасайды. Қосымша коррозияға қарсы жабын жағады. Ол жабын жақсы ұсталып қалу үшін беті таза болу керек.

Ақ қаңылтыр дегеніміз қалайланған қаңылтыр, өндірісте консерв банкілерін дайындау үшін қолданылады. Жапырмалы алюминийде көп көлемде консерві банкілерін даярлау үшін қолданылады. Мұнда банкілерді сору әдісімен дайындайды, лактайды. Алюминийді қолданудың келесі саласы құбыр даярлау. Ол тара жасау үшін сирек қолданылады.

Металл таралар -тағам өндірісінде маңызды орын алады. Сол кезде транспорттық таралар барабан, конистор, шелек және т.б. пішінді үлкен емес көлемде қолданылады, ал тұтынушы тара банка пішінді алмастырылмайтын құралы болып табылады.

Тараның көп бөлігі қаңылтырдан (ақ және қара қаңылтыр, беттің алюминийден жасалады. Металды тара - герметикалығымен жақсы жабылу қақпақтарымен, аз салмағымен, тасымалдау және сақтау кезінде қабылданбауымен сипатталады. Техникалық жоғары дамуымен тараны дайындау жоғар бағалы емес.



Банкілер көбінесе тағам өндірісінде балық, ет, шұжық, сонымен қатар жеміс - жидек компоттарды буып - түюге болады. Сонымен қатар т.б. өнімдерді сүт арнайы тағам өнімдерін буып - түюге арналған. Банкілерді фольцаганды қақпақтарына қатайтып бекітеді, кейбір банкілердікі бұралып бекітеді.

Көптеген жылдар бойы тағам өнімдерін ұзақ сақтау мақсатында буып-түю ақ қаңылтырдан жасалған банкаларға жүргізілетін. Бірақ, қалайы өндіру жылдан жылға қымбатқа түсуімен байланысты ақ қаңылтырдың орнына қалаыйны қолданусыз жасалатын қаңылтырдың басқа түрлері қолдалатын болды.

Бұл мақсатта қазіргі кезде алюминий және оның қорытпалары кеңінен қолданылады. Алюминий және оның қорытпаларын тот баспайды, олар жоғары мехникалық қасиеттерге ие, салмағы жеңіл, жылу өткізгіштігі жоғары. Кемшілігі – ақ қаңылтырға қарағанда құны жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет