Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі


Құқықтық және нормативтік аспектілері. Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу



бет11/16
Дата28.11.2023
өлшемі0.61 Mb.
#484665
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сыдыкбекова Р.К.-8

Құқықтық және нормативтік аспектілері. Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерден және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптарды анықтау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қатынастарды реттейді.
Осы Заңның реттеу объектілеріне Қазақстан Республикасында өндірілетін және
тамақ жою
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тамақ өнімдері, сондай-ақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және процестері (сатылары) жатады.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
  • адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің

  • қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
  • отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • халықаралық сауданы дамыту үшін жағдай жасау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен және адамның өмірін, денсаулығын және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға кепілдік беру қажеттілігін ескере отырып үйлестіруге жәрдемдесу;
  • қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
  • адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ

  • өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;
  • адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
  • жүзеге асыратын іс-шаралардың ашықтығы;
  • ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
  • тәуекелдерді бағалаудың ғылыми негізділігін;
  • тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
  • тамақ өнімдерінің барлық сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін субъектілердің жауапкершілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет