өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін реттейтін негізгі құжат Алиментариус кодексі негіз
болып табылады.
Жаңа критерияларды әзірлеу, жасау және талдаудың жоғары
сезімтал әдістерін құру жоғары дәрежелі ықтималдық және сенімділікпен
химиялық күрделі қоспалардың ингредиенттік құрамын анықтауға және
олардың шынайылығын белгілеуге мүмкіндік берді. Дегенмен, тамақ
өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау әдістері үнемі жетілдіруді талап етеді.
Тамақтың көзі немесе тасымалдаушысы болып табылатын агенттің уытты
қасиеттерінің жай ғана анықталуынан адам денсаулығы үшін қауіпті
тәуекелдің санын нақты бағалауға көшу керек.
Бұл ретте негізгі міндеттерді бірнеше бөліктерге бөлуге болады:
- тамақ өнімдеріндегі уытты әсерлердің сипаты мен айқын көрінуін,
таралуын және метаболизм мен әсер ету механизмінің ерекшеліктеріне
негізделген тамақ өнімдерін ластаушы рөлінің басымдығын анықтау;
- рұқсат етілген тәуліктік дозаны негіздеу;
- тиісті әдістемелік базаны ұйымдастыру және мониторинг нәтижелерін
талдау;
- адамға нақты тәуліктік жүктемені есептеу.
Генетикалық модифицирленген азық-түліктің халықаралық саудасының кеңеюіне
қарай биологиялық қауіпсіздік проблемасының өзектілігі өсіп келеді, ал кейбір елдердің
үкіметі трансгендік өсімдіктер өндірісін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: