Лекция тақырыбы : В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет»



бет1/5
Дата03.10.2023
өлшемі44.88 Kb.
#479644
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Шаталов технологиясы


Лекция тақырыбы : В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық əдіс-тəсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны əр пəн мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Осындай технологиялардың бірі – Шаталовтың тірек сигналдар технологиялары.
«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларда мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру; жеке мəліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту.
«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының
принциптері:
- үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;
- жекелей əрекет жасау;
- ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
- мəжбүрсіз оқыту;
- түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту;
- тəрбие мен оқытуды байланыстыру.
«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының
мазмұндық ерекшелігі:
- оқу материалы ірілендіріп беріледі;
- блоктық түрде беріледі;
- оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі.
Тірек сигналы – мəн, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет жəне т.б.), білдіретін құрамды бейне.
Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сиг- нал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).
Жаңашыл ұстаз əдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді жəне оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.
Əдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сəйкес эпизодты қолданылады.
Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы –
оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.
Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге жəне оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын қүнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары
– оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті.
Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мəдениеті, формалардың əртүрлілігі, сезімдік кұндылығы жəне т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В. Ф. Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде
береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі жəне сол сияқты).
Көрнекілік құралдарды қолданудың əр түрлілігі, тірек сигнал- дары мазмұнының абстрактылы жəне нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті.
І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,
ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,
ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,
IV кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,
V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дəптертеріне жазып,
VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді.
Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілендіру, ерікті оқыту;
- əр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы
– мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, əр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нəтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады. Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта
білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тəсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В. Ф. Шаталовтың оқыту əдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың əрқайсысының мазмұның ашайық.
I. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу принципі.
Оқытудың дəстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау жəне есеп шығару жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, үдерістер жəне заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін қайтадан құрастыруға жəне тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады.
Теорияның өзекті мəселелерінен басқа ұсақ сұрақтар
қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мəселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді жəне олардың əрқайсысына үлгірім экранында қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.
Бос тор қалдырылады жəне оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан əрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейбір ұсақ сұрақтар талқыланады.
Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау жəне бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең жəне тиянақты білім негізінде ғана ашыла- ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дəстүрлі əңгіме, дəріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвристикалық əңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жəне т.б.), яғни қабылдауды жəне ойлауды қамтамасыз ету. Екінші түсіндіру қысқалау жəне жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде əр түспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы – бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орнына жүреді жəне дəстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгермеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі əлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші жəне екінші қайталауда қаншама
ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді жəне мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, тəжірибеде кең қолдану мүмкін емес.
Шаталовтың əдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар ешнəрсе жазбайды, тек тыңдайды (психологтардың зерттеу қорытындылары бойынша қос қабаттасқан психологиялық іс-əрекет тиімсіз). Осы əдістемемемен орта жəне жоғары кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұқсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша ешнəрсе, жаңа сабақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде əр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мəтінін мұғалімнің мағыналық өңдеу тəсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тəсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі мəдениетінің жалпы əдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тəсілдерді жаңа мəтінмен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау əдісі де жаңа формалы белсенді іс-əрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша ақырын баяндау жəне ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мəдениетін жəне оның жүйелілігін белсенді еске түсіру тəжірибесін арттырады.
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (магнитофон арқылы ақырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды өндеу. Бұл жаңа термин- дермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттыра- ды. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы жəне бағалауы – бұның бəрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын қысқартады (сабақта 20 минутқа дейін).
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын жəне жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жəне ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін арттырады.
Шаталовтың əдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек сигналды оқулықтың сəйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын жəне басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап жəне т.б. қайталау түрлері жəне көптеген есеп шығару.
Осы əдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы – өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5- сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30
– 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан жалаушасы алынып, əрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бəрі терең, тиянақты білігін қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дəрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тəсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мəні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп еңбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдын ала белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс- əрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі.
«Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:


3. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптерін саралап, 3 сыныптың математика пəнінен қандай да бір тақырыпқа осы технологияны пайдаланып, сабақ жоспар тірек- сызба түрінде өңдеңіз.
4. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, проблемалық оқыту технологиясымен салыстырып, салыстырмалы талдауды кесте түрінде көрсетіңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. – М.: Педагогика, 1989.
2. Шаталов В. Ф Учить всех, учить каждого. – М.: Педагогика, 1989.
3. Шаталов В. Ф Педагогическая проза. – М.: Педагогика, 1989.
4. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.
5. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
6. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
7. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
8. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П.Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002.
9. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии.- М.: Народное образование, 1998.
10. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет