Лекция тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы. Лекцияның оқыту нәтижелері



бет2/4
Дата12.11.2023
өлшемі1.29 Mb.
#483019
түріЛекция
1   2   3   4
Лекция та ырыбы Адамны ерік асиеті мен зін- зі реттеу психол

Жоспарлау. Бұл - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал - жабдығын іздестіру кезеңі. Жоспар әр қилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар бәрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы үстүрт жоспармен шектеледі. Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші жұмсалады.
Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, түрткілердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күнліктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиелі.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Адамның мінез-құлқы қойылған міндет пен алдын ала жоспарланған әрекет тәсіліне бағынышты болады. Бірақ адам әрекет жасап қана қоймай, сол әрекетін бақылап және түзеп отырады. Ол әр сәт сайынғы нәтижені мақсаттап (немесе оның бір бөлігінің) күн ілгері ойда жасалған бейнесімен салыстырып қарайды. Осылайша қол жеткен жеке нәтиже бұрын қол жеткен нәтижелермен қатар қойылады және идеалды бейнеге «жалғастырылады».
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттін нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне бірнеше сапалары бар: Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзінөзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым ерекше, қоғам мүдлесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары). үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т.б.) бөлінеді.
Ерік сапалары 2-суретте көрсетілген.

Тоқтамға келгіштік дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдеріне келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып аптықпайды. Тек осындай жағадайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады.
Табандылық. Мінез- құлықты ұзак уақыт бойы белгілі мақсатқа сай башттап, бағалап отыру қабілетінен көріетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткент күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа толы, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамнын ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі.
Ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңіл күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиетін айтады. Ұстамдылық адамның өз ерік-жігерін белей алу қасиеті. Отан соғысы батырларының, біздің космонавтарымыздың, ұшқыштарымыздың мінез-құлқы тамаша ұстамдылық үлгісі.
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллекивтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам негұрлым өз қылығының қоғамдық мінін жақсы ұғынса, соғұрлым зар сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзініңОтан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.
Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда артық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам тіпті өзіне өлім қауіпі төнсе де сасқалақтамайды, өзрухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.
Стресс. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стрестік күйлер болып табылады. Бұл жағдайда мақсатты әрекетті, зейінді аудару мен бөлуді жүзеге асыруға қиынға соғуы мүмкін, тіпті, әрекеттің жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Стресс кезінде қабылдау, ес қателіктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар т.б. болуы мүмкін. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық көбінесе адамның жеке басының ерекшелігіне оның жағдайды тез бағалай білуіне күтпеген жағдайды қолмақол бағдар табу дағдысына, ерік жинақтылығына, батылдығына, әрекет мақсаттылығы мен ұстамдылығының өрбуіне, осы тәрізді жағдайда бастан кешірген мінез-құлық тәжірибесіне байланысты болып кедеді.
Стрестің екі түрі бар: эспресс (оң) және қиындық (теріс). Стресстің объективті көздері жоқ (стресстер), өйткені әр адам әртүрлі жағдайларға әртүрлі жауап береді. Сол сияқты, бірінші немесе екінші типтегі стресске бейімділік - оқиғаға және одан әрі мінез-құлқыңызға таза көзқарастың нәтижесі ғана.
Стрестің кезеңдері 3-суретте көрсетілген.

Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация» латынша аударғанда - көнілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісімен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі кұлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Фрустрация кезінде адам өте күшті нервтік-психикалық күйзеліске түседі. Ол әбден өкіну, ызалану, жабырқау, айналадағыға мүлде селқос қарау, өзін-өзі жазғыру түрінде көрінеді.
Фрустрацияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шешілуіне байланысты болады. Фрустрация әлсіреуі, тыным табуы немесе күшейуі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа жағдайда басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет