Лекция тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы. Лекцияның оқыту нәтижелері



бет3/4
Дата12.11.2023
өлшемі1.29 Mb.
#483019
түріЛекция
1   2   3   4
Лекция та ырыбы Адамны ерік асиеті мен зін- зі реттеу психол

Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі - эмпатиядеп аталады.
Эмпатия - адамның өзгелер қайғы - қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып корсеткен - америкалык психолог Э.Титченер. Ол адамның бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірибесіне, мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Психологияда сезімді - моральдық (адамгершілік), интеллектуалды (танымдық), эстетикалық деп бөледі.
Моральдық сезімдер дегеніміз - қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көніл - күйі. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те атайды. «Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынаса - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік еезім көрініеінен байқалып тұрады.
Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі - олардың әсерлілігі яғни, айқын көрінетін стеникалық сипаты. Олар ойда және тебіреністерде ғана емес, сондай-ақ адам өзінің барлық күші мен энергиясын жұмсайтын белсенді әрекетте де жүзеге асады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралықжекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.
Интеллектуалдық сезімі (ақыл-ой) адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның іздемпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды.
Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген ісәрекетіндегі рухтандырушыдық маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күй, әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләзаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім мазмұны мен мән-мағынасы және түр - сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүнисеінде бейнеленіп, оның мінез - құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл - күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістеуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің не ғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі.
Жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен қасиеттері. Өмір суру процесінде қалыптасатын сезімдер жүйесі мен типтік эмоциялық күйлер жеке адамның эмоциялық жағын құрайды. Индивидуалды ЭМОЦИЯЛЫҚ көріністердің көптеген түрлерінің арасынан жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен эмоциялық қасиеттерін бөліп қарастырады.
Эмоциялық ерекшеліктерге эмоциялық ҚОЗҒЫШТЫҚ, ЭМОЦИЯЛЫҚ албырттық пен аффектілік, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, қарқыны мен ырғағы, эмоциялық сергектік жатады.
Эмоциялық ерекшеліктер нерв жүйесінің типімен негіздес. Ең алдымен мінез - құлықтан солар байқалады және ерекше қиыишылықсыз ақ көзге түседі. Егер адамдардың қатынастары мен сезімдерін ұғыну қиынға соғатын болса, эмоциялық ерекшеліктер мінез - құлықта тікелей көрініс береді, сондықтан оңай көзге түседі.
Жеке адамның эмоциялық қасиетіне әсерденгіштік, қайырымдылдық, сондай-ақ адамның көптеген көріністеріне, тіпті оның бүкіл психикалық келбетіне ізін қалдыратын эмоциялық сапалар және олардың жиынтығы жатады. Қайырымдылық - адамның ерекше маңызды, әлеуметтік жағынан мәнді эмоциялық сапаларының бірі. Әсерленгіштік - жеке адамдық қасиетін өзіндік бір көрінісі.
Егер эмоциядык сипаттарды адамдарға мінездеме беру негізіне алатын болсақ, онда бұл белгілерге қарай мінез - эмоциялық, синтементальдық, албырттық және ең соңында, салқын қандылық болып бөлінеді.
Эмоциялы адамдар эмоциялық жағынаи қозғыш, тітіркендіргіштер әсерінен тез «лап еткіш» келеді. Олар үшін жиі аффектіге ауысатын тез көтерілгіш, албырттық тән. Тебірентерлік әсер оларды баурап алады, олар бұл кезде объектінің мазмұны жөнінде ойланып пікір айтудан гөрі өз тебіреністерін талдауға көбірек беріледі. Сентиментальды мінезділер еліге, сырттай қараушылықпен сипатталады. Сентиментальды мінезділер сезімшіл және енжар болады. Олардың сезімдері бедсенді әрекет тудырмайды, көңіл күйлері сыртқа тегппей бұғып жатады, әрекетпен ұштаспайды. Сезімнің өзіне бағытталуы, яғни көңіл күйін қызықтауға талпыныс байқалады.
Албырт адамдар айрықша әрекетшіл, талапкер және сүйікті ісіне берілген, олар мәнді детынышсыз мол эмоциялы өмір сүреді. Олар әрқашанда бір нәрсеге құмартады. Қайраттық күшін сарқа күшін жұмсау - бұларға тән қасиет. Кейде өмірі мен қызметінде эмоцияның ерекше мәні болмайтын адамдар да кездеседі. Оларды салқын қанды немесе «байсалды есептің адамдары» деп атайды. Бұл адамдарды ешқандай сезімсіз, ешнәрсеге тебіренбейтін, қуанбайтын, ренжімейтін адамдар деуге болмайды. Бұларда сезім, эмоциялық күйдің шамалы ғана көрініс беретіндігі сонша, ол мінез- құлыұ, қылық, әрекетке іс- жүзінде айтарлықтай әсер ете алмайды. Олар ақыл ыңғайымен өмір сүреді. Оларға эмоциялық күйге берілмейтіндік, әсерленбейтіндік және әдетте қатаң іскерлік деп аталатын қасиеттер тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет