Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет38/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Лекция жинағы

Бақылау сұрақтары: 
1. Тіл білімінің алға қойған мақсаты не? 
2. Әдістемелердің түрлерін ата. 


3. Бақылау әдісі дегеніміз не? 
4. Эксперименттік әдістеме дегеніміз не? 
5. Картографиялық әдістеме дегеніміз не? 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Аханов К. «Жалпы тіл білімі негіздері».
2. Қордабаев, Қалиев «Жалпы тіл білімі». 
3. Қасенов Ә. «Тіл біліміне кіріспе 
№14 Лекция тақырыбы: Тіл білімінің зерттеу әдістері. 
Лекция жоспары:
1. Этимологиялық талдаудың принциптері. 
2. Типологиялық (салғастырмалы) әдіс, оның мәні. Лингвистикалық талдау 
әдістемесі.
3. Тіл біліміндегі математикалық әдіс. 
Лекция мазмұны:
Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, 
айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып 
табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, 
граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, 
не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, 
сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. 
мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер 
мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың 
ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, 
түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған 
мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы 
мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. 
тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге 
сүйенуі шарт.
Этимологияның түрлері үш топқа (ғылыми, қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғылыми 
Этимология – төрт түрлі принципке (Фонет. Принцип, Морфол. Принцип, Семант. 
Принцип, Тарихи принцип), яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп 
жасалған. Қызықты Этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп 
бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы 
және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен 
жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін Этимологиялар 
жатады. Халықтық Этимология – сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, 
түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, Этимологияның ғыл. принциптерімен 
санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс 
ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық 
зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы – 
Этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдері бойынша жарық көрген 
әр деңгейдегі Этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар. Солардың ішінде жалпы түркі 
тілдерінің Этимологиясына бағытталған іргелі еңбектердің 
қатарына 
А.Вамбери
 және 
Э.В. 
Севортянның
 сөздіктерін айтуға болады. Жеке түркі тілдері бойынша шыққан сөздіктердің 
қазақ ғалымдары түзген “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” 
(1958) жатқызуға 
болады. Әдеб.: Введенская П.А., Колесников Н.П., Этимология и ее виды, Ростов, 1986; 
Қайдаров Ә., Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері // Қазақ 
тілі тарихи лексикологиясының мәселелері, А., 1988. Ә. Қайдар
[1]
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет