Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет41/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Лекция жинағы

Математикалық әдіс. Бұл әдістің негізгі мақсаты – тілдің, сөйлеудің сандық сипатын
тіл құрылымының қызметімен, дамуымен байланысып жататын сандық заңдылықтарды 
айқындау, солардың сырын ашу. Яғни тілді күрделі есептер шығаратын немесе мәтінде бір 
тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады 
дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық 
анализ әдісі деп бөліп қарайды. Бұл әдіс Кеңес тіл білімінде 20 ғ. 50 -жылдарының 2-
жартысынан бастап ене бастады. Бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ 
емес.Себебі, тіл ғалымдарының барлығы бірдей математикалық идеяларды біле бермейтіні, 
әрі бұл әдісті қолдануды жақтаушылардың өзі бір ауызды болмаулары. Егерде бұл әдісті 
дұрыс қолдана білсе, тіл біліміне тигізер септігі мол. 
Қорыта айтқанда, зерттеу әдістері бір қалыпта қалып қоймайды және олар әр ғылымда 
бірнеше болуы мүмкін. Әдістің өзгеруі зерттейтін нысанның сипатына, ғылымның даму 
дәрежесіне байланысты. Ғылым дами келе нысанның бұрын байқалмаған жаңа сырлары, 
тың құбылыстары ашылады. Оны жан-жақты және терең айқындау үшін бұрын 
қолданылып келген зерттеу тәсілдері жарамсыз болады да, зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін 
қолдану қажеттігі туады. Ондай әдістердің бұрын қолданылмаған тың туынды болуы да 
немесе басқа бір ғылымнан ауысқан болуы да мүмкін. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Тіл білімінің алға қойған мақсаты не? 
2. Әдістемелердің түрлерін ата. 
3. Бақылау әдісі дегеніміз не? 
4. Эксперименттік әдістеме дегеніміз не? 
5. Картографиялық әдістеме дегеніміз не? 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
4. Аханов К. «Жалпы тіл білімі негіздері».
5. Қордабаев, Қалиев «Жалпы тіл білімі». 
6. Қасенов Ә. «Тіл біліміне кіріспе». 


№15 Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет