Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Лекция жинағы

зупкгештоз қосу, біріктіру) тілдің даму процесінде қызметі әр түрлі грамматикалық категориялар 
мен формалардың, семантикалық белгілері бір-бірінен өзгеше сөздердің бір формада сәйкес келуін 
білдіреді. Кейбір ғалымдар бұған грамматикалық омонимдерді, енді біреулер — көп мағыналы 
сөздерді жатқызады.
9. Тілдер дамуында болатын ортақ құбылыстардың тағы бір түрі — аналогиялық принцип. Бұл тәсіл 
бойынша тілде бұрыннан белгілі бір тұлғаға, амал-тәсілге сүйеніп, соған ұқсас жаңа, тың туындылар 
жасалады. Мысалы: қазақ әдеби тілінде "аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп" деген сияқты 
бірді-екілі сөйлемшеде ғана болмаса, = ар+ман, = ер+мен деген қосымшалар арқылы жасалатын 
сөздер жоқ еді. 20 ғ. екінші жартысында аналогия тәсілімен көрермен, оқырман, қадырмен деген 
сөздер; жұмыскер, балалық, сәлемдеме тәріздес сөздерге аналогия ретінде қаламгер, оқулық, 
аялдама тәріздес сөздер қалыптасып орнықты. 
Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері. Тілдік құбылыстарға себепші болатын 
факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі 
факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі фактор деп аталады. 
Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз 
жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған зандылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз 
зандылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туса, ол сыртқы себеп 
болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортада болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, 
өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына байланысты тілдік қауымның қоныс аударуларына, 
миграцияға, бірігуі мен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен 
техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп тұрған жүйесін 
жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады. 
Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі себептер мен сыртқы себептерді бір-бірімен 
ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан дүниелер деп санауға болмайды. Бұлар өзара бірлікте, 
қарым-қатынаста болады. Тілде болатын өзгеріс-құбылыстар қандай себептерден туса да, тілдің 
ішкі мүмкіндігіне, оның жүйелік сипатына негізделеді, соған сәйкестенеді.
Лексиканың дамуы. Тілдің лексикалық құрамы оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса 
да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, 
дамығыш сала болатын себебі ол адамдардың қоғамдық өмірінің, барлық саласымен, күллі 
тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалық-тарды тез қабылдайды 
және дереу, тікелей атап көрсетеді. 
Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі - әр тілдің өзіндік байырғы материалдары 
негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде. 
Фонетиканың дамуы. Әдетте, тілдің дыбыстық кұрылымы лексикаға қарағанда әлдеқайда 
баяу өзгеретін сала деп есептеледі. Сөйлеудің фонетикалық құбылыстарға ұшырауы - оны 
пайдаланып отырған бір ұрпақ өмірінде болмайтындығы, оның тілдің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа 
ауысқан дәуірінде болатындығы ғылымда орныққан қағида. 
Фонетикалық ауытку екі түрлі болады: а) алдыңғы ұрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-
бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі ұрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде 
қолдануы. Бұл - тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы ұрпақ тілінде бір дыбыс немесе 
бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі ұрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі 
мүмкін. Бұл — дивергенция деп аталады. 
Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының тұрақтылығын, оның өте 
баяу өзгеретінін тіл ғалымдары өткен ғасырлардың өзінде-ақ байқаған. Бірақ әңгіменің түйіні ненің 


тез, ненің баяу өзгертетінін айтуда ғана емес, сонымен бірге оның себебін ашуда. Грамматикалық 
құрылымның баяу өзгеруінің себебін көптеген көрнекті ғалымдар оның құрылым ерекшелігінен, 
өзіндік ерекше категориялары болатындығынан іздеуді ұсынады. Грамматикалық жүйе — басқа 
қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне, қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол 
жүйе. Сондай-ақ грамматикалық формалар мен олардың мағыналарының арақатынастары да 
күрделі, жанама түрде болып келеді. Бұлардың үстіне тілдің грамматикалық құрылымындағы 
құбылыстар лексикадағыдай бірден көзге түсіп, көрнеу тұрмайды. Мысалы, қазіргі тіліміздегі 
қосымшалар, сөйлем мүшелері мен жай және құрамалас сөйлем түрлері, т.с.с., - сонау 
ертеректердегі жазу нұсқауларының өзінде де бар категориялар. Бүкіл түркі тілдерінің, солардың 
ішінде қазақ тілінің де, қазіргі грамматикалық құрылысының типологиялық негізгі белгісі — 
жалғамалылық қасиет сонау 5 ғасырдан сақталған Орхон-Енесей жазбаларының өзінде де әбден 
орныққан, жетілген күйде кездеседі.  
Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі 
дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп 
қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық 
та, практикалық та мәні зор. Теориялық мәні — тілдің құрылымдық жүйесінің дамуын жете түсінуге 
мүмкіндік беретіндігінде. Себебі, тіл жүйесінің элементтері бірыңғай емес, олар бір-бірімен тығыз 
байланыста бола отырып, тіл бірліктерінің сипатына қарай өз ішінен әр түрлі деңгейге жіктеледі. 
Ал, практикалық мәні — тілдің құрылымын, оның элементтерін деңгейлер дәрежесінде қарастыру 
тіл жүйесін үйренуді жеңілдетеді. 
Тіл деңгейі мынадай принциптер негізінде қалыптасады. 
1) Бір деңгейге жататын тіл бірліктері (элементтер) біртектес болуы шарт. Мысалы, фонемалық 
деңгей біртектес фонемалар жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығынан тұрады. 
2) Бір деңгейге кіретін тіл элементтері одан жоғары келесі деңгейдің құрамына қатысты болуы 
шарт. Мысалы, фонемалық деңгейдегі тіл бірліктері өзінен жоғары бірлік болып табылатын 
сөздерді жасауға қатысып, морфемалық я лексикалық деңгейлермен байланысты болып келеді. 
3) Тіл деңгейінің әрқайсысы басқа деңгейдің құрамына қатысты болғанымен, өзіне тән 
белгілерін, қасиетін, ерекшелігін жоймайды, өзінің дербестігін сақтайды. 
4) Әрбір деңгей, оған кіретін тіл бірліктері әрі тілдік таңбалар болып табылады. Сөйтіп, бұл 
принциптерден, біріншіден, тіл деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай күрделеніп отыратынын, 
екіншіден, әрбір тіл деңгейінің автономиялық, яғни дербестік сипаты бар екенін байқаймыз. 
"Грамматикалық категория" терминінің ұғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын 
алып келеді. Л.И.Баранникова: "Грамматикалық категория деп сөзде және сөйлемде көрініс 
табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы граматикалық ұғымдарды" атайды . Д.А. Штелинг: 
"Грамматикалық категория дегеніміз мағыналары жағынан бір-бірінен мүлде өзгеше екі қатардағы 
(топтағы) формалардың қарама-қарсы қойылуы" дейді. 1970 жылғы академиялық грамматикада: 
"Сөздердің формалды түрде білдіретін жеке грамматикалық мағыналарының грамматикалық 
категорияларға бірігіп жинақталуы" делінген. 
Б.Н.Головин грамматикалық категориялар жайындағы бұл анықтамалардың бәрінде де 
грамматикалық категорияның бір компоненті — грамматикалық мағынаның мәні ашылмағанын 
көрсетеді. Ол бұл мәселеде орыс тіл білімі классиктерінің пікірлерін қолдайды. А.М.Пешковский 
мысал ретінде алты түрлі тұлға арқылы жасалған бұйрық рай категориясының тууына тірек болған 
олардың бәріне тән бұйрық мағынасы екенін көрсете отырып, грамматикалық категория туралы 
мынадай анықтама береді: "Сөздердің формалды категориясы (қазіргі терминология бойынша — 
грамматикалық категория) дегеніміз мағынасы жағынан біріккен формалардың, болмаса солардың 
жеке бөліктерінің өзіне тән таңбалық сипатын білдіретін қатары". Одан әрі А.М. Пешковский 
формалардың мағына жағынан бірігуі: 1) біртұтас мағынадан, 2) бір типтес мағыналардың біртұтас 
жиынтығынан, 3) әрбір формада қайталап отыратын әр типтес мағыналардың біртүтас 
жиынтығынан көрінетінін айтады. 
Л.В.Щерба: "Кез келген грамматикалық категорияның жасалуына оның мағынасы мен барлық 
формалды белгілерінің тығыз байланысы себеп болады. Мағынасын білмей тұрып, формалды 
белгілерін анықгауға болмайды, өйткені категорияның болуының өзі оның нені білдіретініне 
тікелей байланысты" дейді. Грамматикалық категория жөнінде осындай пікірлерді орыс ғалымдары 
В.В. Виноградов, А.И.Смирницкий де қостайды. 
Грамматикалық категорияны анықтауда категорияландыратын басты белгі ретінде жинақты 
мағынаны бірінші қатарға шығару тіл білімінде кең тараған. Мәселен, шақ, жақ, етіс т.б. 
категориялардың жинақты мағыналары соларға сай формалар жүйесін қалыптастыратын 


категориялық белгі болып тұр. Мысалы, қазақ тіліндегі бұйрық рай әр түрлі формада кездеседі: 
етістік түбірлер түрінде (бар, кел, тұр, оқы), ла-ле жұрнағы арқылы (тыңда, балгпала, күректе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет