Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет1/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Лекция жинағы



№1 лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе . 
Лекция жоспары: 
1. Жалпы тіл білімі курсының зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті, пән ретінде қалыптасуы 
және оның салалары. 
2. Тіл білімінің ғылымдар ішіндегі орны, өзара байланысы, олардың байланыста болу 
фактілері, себептері. 
3. Ғылымның жіктелу түрлері, тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, ғылымдар 
арасындағы байланыстың ғылымның дамуына әсері. 
Лекцияның мақсаты: «Жалпы тіл білімі» курсы мамандықта жүргізілетін тілдік пәндердің бәрінен 
кейін өтілетін, студенттердің өз мамандығы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау 
және жалпы тіл білімінен теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейтін курс екендігін 
түсіндіре келіп, пәннің мақсат, міндетін, зерттеу нысаны мен пән ретінде қалыптасуын, оның 
салалары мен басқа ғылым салаларымен байланысын жеткізу.
Лекцияның мазмұны: «Жалпы тіл білімі» курсы еліміздің жоғары оқу орындарында ғылыми пән 
ретінде 1960 жылдан бастап белгілі болды. Сондықтан басқа лингвистикалық пәндер сияқты 
қалыптасқан дәстүр, тұрақталған оқу бағдарламасы, оқу құралдары әлі де аз. Жалпы тіл біліміне 
байланысты оқулықтар орыс тілінде де санаулы. Солардың ішінде 1970-73 жылдарда жарық көрген 
КСРО ғылым акад. Тіл білімі институты шығарған «Жалпы тіл білімі» атты үш томдық күрделі 
еңбекті атаған жөн. 
«Жалпы тіл білімі» тіл білімінің жалпы теориясын қарастырады, сондай-ақ оқу пәні ретінде 
қолданылады. Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19ғасырдан қалыптаса 
бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне 
байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбыстық тілдің жалпы 
адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың 
да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады.
Дыбыстық тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы алуан 
тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалады. Оның айқындалуы адам 
баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсал құбылыстарды зерттейтін, соның 
негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дүниеге келтірді. 
Жалпы тіл білімі – тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл тіл туралы ғылымның 
бағыт-бағдарын белгілейтін компас сияқты. Жалпы тіл білімі пәнінің алға қоятын мақсаты – 
студенттердің теориялық тіл білімінің ең негізгі өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл 
туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында 
тұрған басты-басты проблемаларынан оқу бағдарламалары талабына сай жүйелі білім беру. 
Осындай мақсаттарға сәйкес жалпы тіл білімі курсы үш бөлімге бөлінеді: 
1. Тіл теориясы 
2. Тіл ғылымының тарихы 
3. Тіл ғылымындағы әдістер мен әдістемелер 
«Жалпы тіл білімінің» негізгі зерттеу нысаны – адамдардың дыбыстық тілі. Дыбыстық тіл қыры 
мен сыры мол, өте күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен , бір бағытта зерттеу арқылы танып-білу 
мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу ісін 
түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Тіл ғылымында тіл білімін, алдымен, жеке 
тілдер туралы ғылым, жалпы тіл білімі деп екі топқа бөледі. Жеке немесе туыстас тілдерді 
зерттейтін ғылым сол тілдің я тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек немесе орыс тіл 
білімі, болмаса түркітану т.б. 
Тіл туралы ғылымның алғашқы қадамы жеке тілдерді сипаттаудан басталады. Ондай сипаттау 
тілдің құрылымдық салаларын айқындауға арналған. Тіл құрылымын зерттеу-күні бүгінге дейін 
жеке тілдер туралы ғылымның негізгі нысандарының бірі. Осыған сәйкес жеке тілдер туралы 
ғылымды өз ішінен: фонетика, фонология, лексикалогия, семасиология, морфология, синтаксис, 
диалектология т.б. бөледі. 
Жалпы тіл білімі – көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделі де қиын болатыны – 
оның зерттеу нысанының қыры-сырының молдығында. Дыбыстық тіл жалпы адамзаттық құбылыс 
бола тұра, екінші жағынан бір-біріне ұқсамайтын ала-құлалықтарға толы жеке-жеке тілдерге 
бөлшектенеді. Ал тіл ғылымы солардың ешқайсысын да назардан тыс қалдырмауға тиіс.
Екіншіден, тіл ғылымы - әлемдік ғылым бола тұра сонымен қатар, жеке ұлттық та ғылым. Өзінің 
туған тілін зерттейтін әр ұлт өкілдері оған ұлттық түр, ұлттық сипат енгізбей тұрмайды. Сондықтан 


тіл ғылымында жарыса қолданылатын, көп жағдайда мәселені мейлінше қиындататын алуан түрлі 
терминдердің болуы да осыдан.
Қазіргі заман тіл білімінің қалыптасқан бірнеше күрделі салалары бар. 
1. Интралингвистика (лат. intra мағынасы – ішкі) тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе 
элементтерінің бір-бірімен қатынасын зерттейді. Кей әдебиеттерде бұл терминнің орнына 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет