дамыған кезі – Халипат дәуірі деп аталатын 7-12 ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық
жүйесін сипаттауда араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын
ашуды көздеді. Олар – сөз таптары мен
сөйлем синтаксисін зерттейтін Нахв, сөздердің
сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін
Сарф, сөйлеу
процесінде болатын дыбыстардың
фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін
зерттейтін –
Таджвид деп аталатын бөлімдер. Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын
жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге
ерекше назар аударады.
Араб тіл ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер материалын бір-
біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған. Осы тәсілді қолдана отырып, олар
түркі, моңғол,
парсы тілдерін зерттеп,
олардың салыстырма сөздіктерін,
шағын көлемді
грамматикалық еңбектерін жазған. Осындай еңбектердің ғылымда белгілі ең көнесі және ең
толығы түркі халқынан шыққан, арабияда оқып білім алғандықтан, араб ғалымы деп аталып
кеткен Махмуд Қашқари жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону лугат-ит-түрк). Бұл
сөздік 1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі
тайпаларының
көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне
ұқсастық, өзгешеліктері тілдік материалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл
– түркі
тілдері жөніндегі ең тұңғыш, ең көлемді және ең терең мәнді ғылыми еңбек.
Сонымен қатар, бұл сөздік – тіл ғылымы тарихында әр түрлі тілдер фактілерін бір-біріне
салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні
ерекше.
Араб тілді ғалымдар М.Қашқари сөздігінен
кейін де бірсыпыра сөздіктер,
грамматикалық еңбектер жазып қалдырған. Олар туралы түркітану мәселелерін сөз ететін
еңбектерден мол мәлімет алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: