атауға болады. Осылармен қатар 15-16 ғасырлар ішінде испан, корей, нидерланд, жапон,
парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерінің грамматикалары
шығарылды. Сөйтіп, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықты, әр ұлттың өзіндік
сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын ашуды көздеді.
Осылардың
нәтижесінде 17-18 ғасырларда жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр
жерде шығып жатты.
Нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық
көре бастайды. Ондай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған «Круск
Академиясының сөздігі» деп аталатын түсіндірме сөздікті, 1694 жылы Францияда
жарияланған «Француз Академиясының сөздігін», 1726-1739 жылдары ішінде әзірленіп
жарияланған «Россия Академиясы сөздігін», түркі тілдерінің әр түрлі
мақсатта жасалған
бір, екі тілді сөздіктері жатады.
Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик,
философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод
Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен
халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары
болғандықтан және грамматика сол монастырьда шыққандықтан, оны «Пор-Рояль
грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды.
Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек, еврей және француз тілдері материалдары
негізінде жазылған. Бірақ ол –
салыстырмалы туынды емес, логика-типологиялық
грамматика. Оның алға қойған мақсаты – барлық тілдерге ортақ рационалды (логикалық)
негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу. Грамматикада екі түрлі принцип
басшылыққа алынған: біріншісі – берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік
болуы, екіншісі – ол ережелердің логикаға негізделуі.
Универсал грамматика екі бөлімнен тұрады: оның бірі – фонетика, екіншісі –
грамматика. Алты тарауға бөлінген: бірінші бөлімде дыбыс пен әріп, буын,
екпін
мәселелері, оқуға үйрету әдісі сөз болған, екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған.
Оларда морфология, синтаксис мәселелері талданған.
Пор-Рояль грамматикасы өз дәуірінде Еуропада зор беделге ие болған, көп ұзамай-ақ
бірсыпыра тілдерге аударылып, әлденеше рет қайта басылған. Көптеген ғалымдар Пор-
Рояль грамматикасын тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс,
жаңа сапалы тіл
білімінің төл басы, жалпы тіл ғылымының алғашқы жаршысы деп жоғары бағалайды. Пор-
Рояль грамматикасы барлық оқу орындарында қолданылатын, жалпытілдік теорияда
мәлімет беретін оқулық деп саналған.
Дегенмен, тіл біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра
қателіктері де бар еді. Олардың ең негізгісі – логикалық категория мен тілдік
категорияларды бір-бірінен ажыратпай, тең құбылыстар деп қарағаны.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болғандығы
туралы пікір салыстырмалы-
тарихи тіл білімінен, яғни 19 ғасырдан көп бұрын белгілі болған.
Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд
Қашқари 11 ғасырдың өзінде айқындады. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп
аталатын үш топқа бөліп зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: