Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет43/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Лекция жинағы

Зерттеу әдістемелері. Арнаулы зерттеу әдісінен туатын негізгі мақсатқа жету үшін, 
зерттеуші ғалым қажетті фактілерді жинап, сұрыптап, қажетті жүйеге келтіруде, жинақтап 
қорытуда қолданатын көмекші іс жүргізу тәсілдері болады. Ондай тәсілдер жұмыс 
әдістемесі деп аталады. Басқаша айтқанда, әдістеме дегеніміз бақылау, есепке алу
салыстыру, эксперимент сияқты зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. Кейбір әдебиеттерде мұны 
да әдіс деп санайды. Әдіс пен әдістеме арасында белгілі жақындық, қарым-қатынас 
барлығы даусыз. Өйткені әдістеме әдістен туатын мақсатқа жету жолында қолданылатын іс 
жүргізу тәсілі, көмекші құрал. Солай бола тұра бұл екеуінің арасында елеулі өзгешеліктер 
де жоқ емес. Әдіс зерттеп отырған нысанды танудың, фактілерді талдаудың жолын 
айқындайды, ал, әдістеме қажетті фактіні қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай 
топтап жіктеуді, зерттеуге ыңғайлы, қажетті, тиімді түрге қалай келтіруді айқындайды. 
Басқаша айтқанда, әдіс — көздеген мақсатқа жетудің жолы болса, әдістеме — сол жолды 
аршып, тазартып отыруға қажетті құрал. 
Әдістеме жалпылық, стандарттық сипатқа ие. Ол бір әдіске ғана тәуелді болмайды. Іс 
жүргізудің белгілі бір әдістемесі барлық әдісте де қолданыла беруі мүмкін. Қазіргі заман 
ғылыми-зерттеу ісінде жиі қолданылатын бірнеше әдістемелік тәсіл бар. Соның бірі — 
бақылау әдістемесі. Бұл — ғылым атаулының, әдіс атаулының барлығына дерлік ортақ, ең 
жиі қолданылатын, кең тараған тәсіл. Өйткені бақылай білмейінше қажетті фактілерді 
дұрыс жинап, олардың құбылыс сипаттарын дұрыс айқындап, дұрыс топтау мүмкін емес. 
Дұрыс бақылай білу — дұрыс қорытынды жасаудың кепілі. Бақылау — адам санасының, 
ақыл-ойының тынымсыз қайталанып отыратын әрекеті, нысанды танып-білу 
құралдарының бірі. 
Бақылау — ғылыми-зерттеу атаулының барлығына тән, ортақ тәсіл дедік. Бірақ бұдан 
бақылаудың жолдары бәрінде бірдей деген қорытынды шықпайды, азды-көпті болса да, бір-
бірінен өзгешеліктері болады. Тіл білімінде бақылау, негізінде, мәтіннен белгілі бір фактіні 
тауып, оның сөйлеу процесінде қандай құбылыстарға ұшырайтынын ескере отырып, 
зерттелетін категориялар құрамына енгізу түрінде болады. 
Бақылаудың сәтті шығуы бақылаушының тілді жете білуіне, сезімталдығына, 
байқағыштығына байланысты. Бұл үшін тіл білімінен дайындық, қалыптасқан әдет-дағды, 
тәжірибе болуы қажет. 
Әрине, бақылау басқа қосымша амал-тәсілдерсіз, жеке дара әрдайым нәтижелі бола 
бермейді. Бақылау — бақылауға алынған элементтердің, формалардың өзгеріс-
құбылыстарын, байқаған қасиеттерін есепке алу, сипаттау тәсілдерімен қатарласа жүреді. 
Бұларсыз бақылаудан туған ой түйіндерін бір жүйеге, бір ізге келтіру, жинақтау, оның 
дұрыс-терісін қайта тексеру мүмкін де болмас еді. Сондықтан қажетті фактілерді есепке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет