Лекция тақырыбы: кіріспе. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті



бет4/9
Дата02.04.2024
өлшемі52.89 Kb.
#497311
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 lecture

Мезолит. Дүние жүзіндегі тас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірімен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуірмезолит (мезо- орта, лит – тас) – орта тас дәуірі. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған есекрткіштер де сирек. Кезеңнің ерекшеліктері – климат жылынып, мұз ери бастады, ірі жануарлар азайып, ұсақ аң-құстар пайда болды, садақ пен жебе және бумеранг, микролитеттер, қайық, балық аулау құралдардың пайда болуы.
Б.э.д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуiрi болып саналатын мезолит кезеңiндегi жетiстiк садақ пен жебенiң кең қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттiң ең жалпы ерекше белгiлерi деп санауға болады.
Палеолиттен мезолитке көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы єдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа єдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шарушылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау – аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. 10 – 7 мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени – шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялық мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде – ақ жайғасқан жерлерінен аңды қамап алуға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің аңғарларына қоныс аударады. Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерлерде пайда болды. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрақтар мєлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолиттік тұрақтардың қазірдің өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғұрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтар туып отыр: өйткені олар көбінесе небєрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материлдық қалдықтар қалмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. 8 мыңжылдыққа қарай қазіргісінен єлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай єрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов – 2, Явленко – 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында – Тельман – 7, -8а, - 9а, -14а, одан оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды –15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка –2а, -12 тұрақтары мєлім. Торғай ойпаңы ауданында – Дүзбай – 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасында орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталмаған. Есіл өзені аңғарында көлемі 40 – 60 шаршы метр, қаңқасының, қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бұрышты құрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ, лашық тєрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана қалған.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнер табысы – садақ. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату єдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. Мезолиттер еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан єрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының ) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды.
Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі және бейімделген нұсқаны қосымша өңдеу єдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай – 6, Дачная тұрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшкліктер аумақтық та, хронологиялық та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал – Каспий су айырығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы (Қызылсу – 1 және басқалар) мен Солтүстік – Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік – Батыс (Дефе - Шығанақ) Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассиметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суарылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалақшалармен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.
Неолит. Жаңа тас дәуiрi деп аталатын неолит кезеңi шамамен б.э.д. Ү-III мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуiрдiң негiзгi жетiстiгi болып жер және мал шаруашылығын игеру (неолиттік төңкеріс) болды. Сондай-ақ неолит кезеңiнде басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуы атап айтқанда кен өндiру, қыш құмыра iсi, тоқыма iсi қоғамның дамуына өз ықпалын тигiзбей қоймады. Бұл кезеңнің басталуы б.з.д. V мыңжылдыққа тура келеді. (б.з.д. VІІ – VІ мыңж басы). Ол тас өңдеу техникасының єбден жетілген кезі. Қыспа ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері: тегістеу, бұрғылау, аралау.
Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер – білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнісдерін иемдену орнына – жиын – терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени – тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кєсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі (керамика), тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі, ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстем болған кезеңі (құрал – жабдықтарына ортақ меншік). Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдау түрлерінің неғұрлым жоғары дамығын уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас – туысқандық байланысына қарай және шаруышылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдарынан құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600 – ден аса неолиттік және энеолиттік ескертткіш мєлім. Неолиттік тұрақтар сипатына қарай – 1) бұлақтық, 2) өзендік, 3) көлдік, 4) үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
Әдетте өзен жағасында, көл жиегіндегі тұрақтарда олжа бұйымдар саны едәуір мөлшерде кездеседі, бұл жєйттен адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғаны көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал – саймандар – пышақ тєрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.
Қазақстан жерінде бєрінен де көбірек тарағаны бұлақ бойындағы тұрақтар, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады – олардың дені уақытша, маусымда тұрған жерлері.
Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескертткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі – ашық үлгідегі тұрақтар.
Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Неолит дәуірінде солтүстік-шығыс Балқашта яшма мен кварциттен еңбек құралдары жасалды.
Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұқсас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа қарай түрлі аймақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек.
Неолитте Ежелгі Шығыста дєнді дақылдардың барлық түрлері, көкөністердің, жеміс – жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Евразия далаларында қолға үйретілді – бұл оқиғаны «неолиттік револлюцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер єлі де бола қойған жоқ – мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балық аулау болды. Континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халық қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек.
Атбасар мәдениеті Тұрақтар мейлінше шоғырланған жер – Ақмола облысы. Атбасар ауданы бойынша аталған. Оның таралған аумағы: далалық өңірдегі Есіл өзенінің аңғары. Уақыты: б.з.д. VII мыңжылдықтың соңы – VI мыңжылдықтың басы. Арал өңірінің немесе шығыс Каспий маңы өңірінің тұрғындары аралаусы жағдайында жергілікті мезолит тайпаларының материалдық негізінде қалыптасты, 200 – ге жуық тұрақ зерттеліп, оның 20 шақтысы қазылды. Ескерткіштері: Виноградовка – 2, Тельман – 1, - 10, Атбасар мәдениеті тұрақтарының бәрі Солтүстік Қазақстанның аса маңызды су жолдарының ертедегі араналарының жағаларына орналасқан. Тұрғын үйлері жеңіл, жер бетіндегі сипатта болған. Бұл кезде ірі қырғыштар мен пышақтар, шой балғалар, балғалар пайда болды. Шақпақ тастар табиғи шығарылатын жерлерде мамандандырылған шеберханалар болып, шикізат алғашқы өңдеуден өткізілген.
Керамика ыдыс көлемі 1 – 5 л шамасындағы жарты жұмыртқа түрінде болған, сырты тарақ тәрізді қалыппен безендірілген. Бірақ керамиканың қалдықтары аз табылған.
Біздің қаламызда сол кездің мәдениетімен байланысты бірде – бір жерлеу ескерткіш осы уақытқа дейін жоқ. Бірақ кейбір тұрақтардың (Виноградовка – 14, Тельман – 10 және 14) шет жақтарынан тереңдігі 1 метрге жуық және диаметрі 1,5 метрге дейін жететін шұңқырлар табылды. Олардың түбінде кальцийге айналған қосындылары бар көмір қалдықтарының қалың қабаты жатыр. Бұл өлгендерді өртеу ғұрпының осы шұңқырларда жасалған қалдығы болуы да мүмкін.
Маханжар мәдениеті Бұл мәдениет ескерткіштерінің бізге белгілі көпшілігі жайылма сулардың кең участкелерінде орналасқан. (Торғай ойпатының түбінде: Маханжар, Тұздыкөл – 2, Дүзбай 1 – 4, -12, Амангелді, Тобылда – Алқау – 2) тұрағы мәлім.
Маханжар мәдениетінің ыдысы ерекше: керамикалық жұқа ыдыс қолдан жсалған және ұзынша пропорцияда болған. Әдетте қылта мойыны жіңішке, түбі конус тәрізді, кейде бұдырлы болып бітеді. ¤рнек ыдыстардың әлі кеуіп үлгірмеген сыртына тісті («тарашқа») қалыппен салынған. Композицияны көлденең немесе тігінен салынған иректер, сызылған паралелльдер және басқа элементтер кейде бүкіл сыртқы бетін безендіріп тұрған.
Өндіруші шаруашылық дәуіріндегі Қазақстан аумағы тұрғындарының демографиясы туралы мәселені қарастыра келгенде, ауланған жануарлардың құрамына қарағанда, қамалап және қуып аулау жеке аулаумен ойдағыдай ұштастырылған аңшылық шауруашылық сол кездегі қоғамның біршама әл – ауқатты болғанын дәлелдейді.
Неолитте ежелгі Қазақстан жеріне шаруашылықтың өндіруші түрлері әлі тарала қойған жоқ. Табиғи орта өлке тұрғындарына қиыншылықтарды жеңіп шығып дамуына қолайлы жағдай жасады. Қазақстан аумағы қарама– қарсы табиғи аймақтарды қамтымады және табиғи шептерге бөлінбеді, ал мұндай жағдайларда біртекті материалдық мәдениет қалыптасады. Сондықтан, Қазақстан неолиті үшін бөлінетін археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айырмашылықтар жоқ және олардың таралу аймағы өте кең. Әдетте тұрақтар адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін жерлерге жақын балық және құс аулайтын, жануарлар су ішуге келетін өзендердің жағаларына орналасқан. Сондай – ақ, неолит халқының тығыздығы құралдар дайындау үшін қажетті тас қорының жеткілікті болуына байланысты екені аңғарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет