Лекция тақырыбы: кіріспе. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті



бет8/9
Дата02.04.2024
өлшемі52.89 Kb.
#497311
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 lecture

Діні мен өнері: Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерлеген адамның басы батысқа немесе оңтүстік – батысқа қаратылып, қол – аяғын бүгіп жатқызған. Бұл жер ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы - Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Бұл табиғаттың жаңару заңдылығы, жаңа өмірге көшу түсінігі. Бұдан андроновтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған.
Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ол мәйітті шығарарда ошақты айналдырған.
Үй төбесінің басты тіреуіш діңгегі адамдарды көкпен жалғастырушы белгі. Мереке күндері оны гүлмен көмкеріп, үйлену тойы кезінде оның түбіне күйеу мен қалыңдықты отырғызған. Жәй күндері бұл құрметті орында ақсақалдар отыратын болған.
Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата баба аруағына сыйыну және о дүниеге сену кең тарады.


Оқытудың техникалық құралдар слайдтар, презентациялар, электрондық оқулық
Лекцияның оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі
Күрделі деңгей:
Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі екендігін дәлелдеңіз
Орта денгей:
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы туралы баяндаңыз
Жеңіл денгей:
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениетін сипаттаңыз
БӨЖ және БОӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері
1. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы
2. Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.
3.Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар.
4.Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет