Жеке өкілдері қолданылады:
CH4 – метан, отын, газ.
С2Н6, С3Н8, С4Н10 – отын, газ.
С5Н12, С6Н14 – жанар май, сұйық отын.
С8Н18 – изооктан (2,2,4-триметилпентан) – бензиннің құрамындағы, оның сапасын анықтайтын қосылыс.
Вазелин, С12 С25, сұйық және қатты қаныққан көмірсутектердің қоспасы, медициналық препарат.
лекция
Алкендер (этилен көмірсутектері - олефиндер)
Анықтамасы.
Номенклатурасы және изомериясы.
Алу әдістері.
Химиялық қасаиеттері.
Маңызды өкілдері.
Құрылымында бір қос байланысы бар (- және -байланысынан түзілген) көмірсутектерді алкендер немесе этилен көмірсутектер деп атаймыз. Бұл топтың басқаша атауы – олефиндер.
Алкендердің гомологтық қатары бар:
С2Н4 СН2 СН2 этилен этен
Жалпы формуласы СnH2n
Тривиальды (тарихи қалыптасқан) номенклатура бойыншаалкандардағы –ан жалғауының орынына –илен жалғауы жалғанады. Халықаралық ИЮПАК номенклатурасы бойынша –ен жалғауы жалғанады. Алкендердің изомериясы үш факторға байланысты:
Көміртек қаңқасының құрылысына;
Қос байланыстың орнына байланысты;
Кеңістіктік изомерия: цис- , транс.
Достарыңызбен бөлісу: |