Функционалды органикалық қосылыстар
Спирттер, фенолдар (2 сағат)
Спирттердің классификациясы. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік бір атомды спирттер. Бір атомды спирттердің изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары. Физикалық қасиеттері. Сутектік байланыс, оның физикалық қасиеттерге әсері. Спирттердің химиялық қасиеттері: ОН-байланысы үзіле жүретін реакциялар: алкоголяттар, жай және күрделі эфирлер алу. Гидроксил топты галоген, амин, алкокси топқа алмастыру (нуклеофильді) реакциялары. Спирттердің тотығуы мен дегидратациясы. Маңызды өкілдері, қолданылуы.
Фенол гидроксиліндегі байланыстың полярлануы. Фенол молекуласындағы электрондық эффектілер. Ароматты сақина мен гидроксил топтың өзара әсері.Спирттер мен фенолдардың қышқылдық қасиеттерін салыстыру. Феноляттар, жай және күрделі эфирлер алу. Фенолдарда гидроксил топтың электрофильді орын басу реакциясына әсері. Фенолдарды галогендеу, нитрлеу, алкилдеу және ацилдеу.
Екі және үш атомды фенолдар, олардың химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері, маңызды өкілдері.
Альдегидтер мен кетондар (1 сағат)
Альдегидтер мен кетондардың классификациясы, изомериясы, номенклатурасы. Карбонил тобының құрылысы, полярлануы. Химиялық қасиеттері, нуклеофильді қосып алу реакциялары. Оксоқосылыстардың магнийорганикалық қосылыстармен, бесхлорлы фосформен, гидразинмен, фенилгидразинмен, аммиакпен, гидроксиламинмен әрекеттесуі. Тотығуы және тотықсыздануы. Альдол және кротон конденсациялары.
Глицерин альдегиді, оның стереохимиясы. D- және L-қатардың карбонилді қосылыстары, биологиялық маңызды альдегидтер мен кетондар. Акролеин. Қос байланысқа карбонил тобының әсері. Кротон және даршын альдегиді.
Карбон қышқылдары және олардың туындылары (1 сағат)
Карбон қышқылдарының классификациясы, изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары. Карбоксил-топтың, карбоксилат анионның құрылысы. Карбон қышқылдарының функционал туындылары: тұздар, галогенангидридтер, қышқыл ангидридтері, нитрилдер, амидтер. Этерификация, күрделі эфирлер. Майлар және сабындар.
Дикарбон қышқылдары. Малон эфирі негізіндегі синтез. Фумар және малеин қышқылдары. Олардың құрылыс ерекшеліктері. Екі негізді қанықпаған қышқылдар.
Ароматты карбон қышқылдары. Бензой қышқылы, оның ерекшеліктері. Салицил қышқылы, оның туындылары: ацетилсалицил қышқылы, пара-аминсалицил қышқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |