Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
Топ пен ұжымның айырмашылықтары қандай?
Қарым-қатынас құрылымы және оның қызметі.
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
«Психологиялық үйлесімділік» дегенді қалай түсінесіз?
Әлеуметтік-психологиялық конфликтінің құрылымы мен түсінігі.
Конфликтідегі жеке мінез-құлық моделдері.
Жоспар:
1. Конфликтінің шығу себептері
2. Конфликтідегі мінез-құлық стратегиясы.
3. Конфликтіні шешу тәсілдері
Психологияда конфликт кері эмоционалды қобалжуларға байланысты, кері қақтығыстарға бағытталған, адамдардың топтық немесе индивидтің тұлғааралық қатынасы, бір-біріне сәйкес келмейтін тенденциялар ретінде анықталады.
Конфликт - жауын жеңгеннен рахат алу немесе жасырын ұрып-соғулар, қатал, қатты дау-дамайлар құралы мен орны жақсы маскіленген дау-дамайлар.
Конфликтіге қарағанда қақтығысу- бұл адамдар арасында қатынас кезінде жиі кездесетін форма. Қақтығысу кей жағдайларда күрес туған жағдайда жауын қарулансыздыру жағдайынан болады. Бұған біреуге жала жабу кезінде дау-дамайларды шығару жағдайында болатын мысалды келтіруге болады.
Қақтығысу конфликтіні басқара жүріп, дау-дамай көзін жасырып, коллективте позитивті ролді ойнауы мүмкін. Дәл осы қақтығыстардың ерекшеліктерін ғалымдар конфликтінің құрылымдылығы деп айтуға болады. Конструктивті конфликтілер ең алдымен, еңбек сферасының іс-әрекетіне қатысты принципиалды проблемаларды ұйымдарда тудыртады. Барлық іскерлік конфликт эмоционалды тенденцияға ұласып, содан кейін деструктивті сипатқа ие болады. Деструктивті конфликтілер ұйымның немесе топтың жұмыс тиімділігінің аяқ асты төмендеуіне алып келетін жиі бұзылатын негативті әрекеттерге алып келеді.Басқа сөзбен айтқанда конфликт функционалды болып, ұйымда тиімділікті жоғарлатуға қатысуы мүмкін, немесе ол дисфункционалды болып ұйымның тиімділігін және топтық серіктестітің қанағаттандыруларын төмендетуге алып келеді.Конфликттінің нәтижесі осыларға байланысты болады.
Функционалдылық салдары (последствия). Бұл жағдайда конфликтілік проблемалар екі жақтың шешімімен шешілуі мүмкін, нәтижсінде адамдар осы проблемаға өздерінің де қатысы бар екендігін сезінеді.
Дисфункционалды салдары. Егер конфликтіні басқармаса немесе тиімсіз басқарса, онда мыналар шығуы мүмкін:
Еңбекке деген қанағаттанбаулық;
Кадрлардың тұрақсыздық бойы (рост текучести кадров);
Еңбек өнімділігінің төмендеуі;
Болашақта қызметтестік потенциалдары кемиді;
Ұйымда басқа топтармен продуктивті емес конкуренция жоғарылап, өз тобында адалдылық бекінеді ;
Конфликтілік жақ арасында қатынас пен өзара әрекеттер болады;
Конфликтілік жақ арасында өзара әрекеттер жоғарылап, қатынастар кеңейіп кек пайда болады.
Психологияда конфликтінің типтеріне байланысты және оған негіз болатын критерийліне байланысты көп вариаттары кездеседі. Мысалға, конфликтілер келесідей болады:
Ішкі тұлғалық (мысалға, басшының қызметтік міндеті сезімі мен туысқандық симпатия арасында);
Тұлғааралық (қызметтестер арасындағы қабылдаулар, қызмет жайында басшы мен оның көмекшісінің арасында);
Осыған кіретін ұйымдар мен тұлғалар арасында;
Бір немесе әртүрлі статустағы топ немесе ұйымдар арасында ;
Сонымен қатар, конфликтінің кеңістіктегі классификациялары да бар:
Горизонталдылығы бойынша (бір-бірімен бағынушылықта болмайтын реттік қызметтестер арасында);
Тікінен (бір-біріне бағынатын адамдар арасында);
Аралас
Пайда болатын сипаттарына байланысты конфликтілер:
Еңбек процесіне қатысты;
Жағымсыз психологиялық қатынаста басшының әрекеттері, әртүрлі этникалық, мәдениеттегі адамдардың симпатиясы мен антипатиясы, адамдардың өзара қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері;
Топ мүшелерінің тұлғалық өзіндік әртүрлігі, яғни, өздерінің эмоционалдық жағдайларын, агрессиясын, коммуникативтілігін бақылай алмаулары.
Конфликтілер өзінің спецификасына және жалпы өту стадияларына қатысты әртүрлі болып келеді:
Стадия. Қайшылық қалыптарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының потенциалды қалыптасуы;
Стадия. Потенциалды конфликтілердің шынайылылыққа өтуі, немесе конфликтіге қатысушылардың өздерінің дұрыс не бұрыс қызығушылық түсініктері.
Стадия. Конфликтілі әрекеттер;
Конфликтіні шеші немесе шешу.
Әр конфликт құрылымы нақты көрінетін болып келеді. Барлық конфликтіде конфликтілік жақтың тура қатынасы мен іскерлік спецификасы, технологиялық немесе ұйымдардың проблемасымен байланысты, конфликтілік жағдайдың обьектісі қатысады. Екінші жағына ретінде олардың қатысушыларының мотивтері, олардың көзқарастары мен көндірулері, материалдықт және жандық қызығушылықтары мақсатында конфликт элементтері қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |