Лекция тақырып: «Энергияның негізгі көздері, электрстанцияларының сипаттамасы»



бет2/5
Дата05.09.2022
өлшемі5.3 Mb.
#460270
түріЛекция
1   2   3   4   5

ЖЭО. Жылу энергия орталықтары

  • ЖЭО 5 Харьков. Украина
  • ЖЭО 2 Алматы. Қазақстан.
  • ЖЭО 26 (оңтүстік) Москва. Ресей
  • Газтурбиналық электрстанциялар
  • Осы кездегі газтурбиналық электрстанциялардың негізін құрайтындар қуаты 25-100 МВт газ турбиналары.
  • Отын (газ, дизель отыны) жану камерасына беріледі, сонда компрессормен қысылған ауа жеткізіледі. Жанудың ыстық өнімдері газ турбинасына өзінің энергиясын береді, соңғы компрессорды және синхронды генераторды айналдырады. Қондырғыны іске қосу ұмтылыс қозғалтқышының көмегімен іске асады және 1 – 2 минутке созылады, осыған байланысты газтурбиналы қондырғылардың (ГТУ) маневрлігі жоғары және олар энергия жүйелерінде жүктеме шыңдарын жабуға жарайды. ГТУ жану камерасында алынатын жылудың негізгі бөлігі атмосфераға кетеді, сондықтан мұндай электрстанциялардың ПӘК – і 25-30 % құрайды.

Газтурбиналы электрстанцияның сұлбасы

  • Қондырғыда термодинамикалық цикл екі деңгейден тұрады: газтурбиналық қозғалтқышта пайдаланылған газдардың жылуы екінші деңгейдегі басқа жұмыс денесін қыздыруға қолданылады.
  • Су электрстанциялары (ГЭС)
  • ГЭС – де электрэнергияны алу үшін су ағындарының энергиясы пайдаланылады (өзендердің, сарқырамалардың және т.б.). Қазіргі уақытта ГЭС – де барлық электрэнергияның 12 % өндіріледі. ГЭС – де біріншіреттік қозғалтқыш болатын гидротурбиналар, олар синхронды генераторларды айналдырады. Мощность, развиваемая Гидроагрегаттың дамытатын қуаты судың арынына және шығынына пропорционалды.
  • ГЭС – дің электр бөлігі көбінесе конденсациялық электрстанцияларға ұқсас. ГЭС – дің өндіретін энергиясы жоғары және асқын жоғары кернеулермен жеткізіледі (110-500 кВ).
  • Ерекшелігі – өзіндік мұқтажға кететін электрэнергия көп емес, ол әдетте ЖЭС – нен бірнеше есе аз. Бұл ГЭС – де өзіндік мұқтаж жүйесінде ірі механизмдердің жоқтығымен түсіндіріледі.
  • Әдетте ГЭС – ң ПӘК – і 80-90 % құрайды. Аз эксплуатациялық шығындарға байланысты ГЭС – гі электрэнергияның өзіндік құны жылу электростанцияларындағыға қарағанда бірнеше есе арзан.
  • Токантинс өз.Тукуруй ГЭС - і (8,3 ГВт)
  • Парана өз.Итайпу —ГЭС - і (14 ГВт)
  • Енесай өз. Краснояр ГЭС - і (6 ГВт)
  • Янцзы өз. «Үш шатқал» ГЭС – і (22,5 ГВт)
  • Су электрстанциялары (ГЭС)
  • Су аккумуляциялық станциялары (ГАЭС)
  • Қазіргі энергия жүйелерінде ерекше рольді аккумуляциялық станциялар (ГАЭС) ойнайды. Бұл электрстанциялардың кемінде екі су қоймасы бар - арасында биіктік айырмашылығы бар жоғарғы және төменгі. ГАЭС ғимаратында қайтымдылық қасиеті бар гидрогенераторлар орнатылады. Энергия жүйесінің жүктемесі аз сағаттарында ГАЭС – ті қозғалтқыш режиміне, ал турбиналарды – сорап режиміне өткізеді. Тораптан қуат тұтынып, мұндай гидроагрегаттар суды құбыр арқылы төменгі қоймадан жоғарғыға айдайды. Максималды жүктемелер кезінде, энергия жүйесінде генераторлық қуат жетіспегенде, ГАЭС электрэнергияны өндіреді. Жоғары қоймадан суды алып, турбина генераторды айналдырып, торапқа қуат береді.
  • Сонымен, ГАЭС – ті пайдалану энергия жүйесінің жүктеме графигін түзетуге көмектеседі, бұл жылу және атом электрстанцияларының жұмыс үнемділігін көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет