Лекция тақырып: «Энергияның негізгі көздері, электрстанцияларының сипаттамасы»



бет3/5
Дата05.09.2022
өлшемі5.3 Mb.
#460270
түріЛекция
1   2   3   4   5

ГАЭС

    • Су аккумуляциялайтын электрстанцияның сұлбасы:
    • 1 – жоғарғы аккумуляциялайтын қойма; 2 – электрстанцияның ғимараты; 3 – өзен 4 – су жүретін жол; 5 – бөгет
  • Загорск ГАЭС - і, Ресей. Сыртқы көрініс.
  • Атом электрстанциялары (АЭС)
  • АЭС - жылу электрстанциялары, олар ядролық реакциялардың жылу энергиясын пайдаланады.
  • АЭС – ң негізгі элементтерінің бірі – реактор. АЭС жұмысында негізінде жылу нейтрондарының әсерімен U-235 ураны ыдырауының ядролық реакцияларын пайдаланады. Реакторда процес жүру үшін, отыннан басқа, нейтрондардың баяулатқышы және реактордан жылуды шығаратын жылу тасушысы болу керек. Типі ВВЭР (су-сулы энергетикалық) реакторларында, баяулатқыш және жылу тасушысы ретінде қысымдағы әдеттегі су пайдаланылады. Типі РБМК (үлкен қуатты реактор арналы) реакторларында баяулатқыш ретінде – графит қолданылады.
  • Суретте екі контурлы су – сулы энергетикалық реакторы бар атом электрстанциясының сұлбасы көрсетілген. Активтік зонадағы бөлінетін реактордың энергиясы бірінші контурдың жылу тасушысына беріледі. Одан әрі жылу тасушы жылу алмасушыға (бу генераторы) барады, мұнда ол екінші контурдың суын қайнағанша қыздырады. Мұнда алынған бу электргенераторларды айналдыратын турбиналарға барады. Турбиналардан шыққасын бу конденсаторға түседі, мұнда ол су қоймасынан келетін көп сумен салқындайды.

Атом электр станциялары

  • АЭС, Ровно қ. Украина (2.9 ГВт)
  • Мецаморск АЭС - і. Армения (0,4 ГВт)
  • АЭС, Балаково қ. Ресей (4 Гвт)
  • АЭС, Пало-Верде АҚШ. (4.17 ГВт)
  • Жел электрстанциялары (ВЭС)
  • ЖЭС әсер қағидасы қарапайым: жел жел диірменнің қалақтарын айналдырып, электр генераторының білігін қозғалтады. Генератор электрэнергиясын өндіреді. ЖЭС батарейкалардағы ойыншық машиналар сияқты жұмыс істейді, тек олардың әсер қағидасы қарама қарсы. Электрэнергиясын механикалыққа түрлендірудің орнына жел энергиясы электр тогына айналады.
  • Жел энергиясын алу үшін әртүрлі қиыстырмаларды қолданады : көпқалақты «гүлдер»; үш, екі және бір қалақты ұшақтардың пропеллерлері сияқты винттер; тік роторлар; тік ұшақ винті тәріздес. Тік қиыстырмалардың артықшылығы – олар кез – келген бағыттағы желді ұстайды. Қалғандары желге қарай бұрылу керек.
  • Жел диірмендерін жасау жеткілікті арзан, бірақ олардың қуаты аз, және жұмысы ауа – райынан тәуелді. Олар оған қоса шулы, сондықтан ірі қондырғыларды түнде ағытып қоюға тура келеді. Одан басқа, ЖЭС ауа қатынасына, тіпте радио толқындарына бөгеуіл жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет