Лекция тақырыптары 1 Бөлім. Психологияға кіріспе Глоссарий: Ассоциация



бет6/8
Дата05.03.2016
өлшемі0.62 Mb.
#43782
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

А.Ф. Лазурский өзінің теориясының негізіне ол индивидті ортаға белсенді бейімделу принципін ала отырып, жіктемесіне екі негізді бөліп көрсетті - психикалық деңгей және психикалық мазмұн. Психикалық деңгей неғұрлым биік болса, соған байланысты белсенді және өнімді бейімделу жүреді


Сонымен, А.Ф. Лазурский жүйесінде психикалық өмір деңгейі бүгінгі күні А. Маслоу мен Э. Шостром гуманистік ілімдеріндегі тұлғаның өзіндік актуализациясы, бағыттылығы теорияларына жақын.

Психикалық өмір мазмұны жалпы табыстылықты анықтамайды, ортаның құбылыстарына индивидтердің бейімделу тәсілдерінің вариацияларында көрінеді. А.Ф. Лазурский негізгі психикалық және психофизиологиялық функцияларды біріктіретін (сезім, ес, зейін, ойлау, ерік, жылдамдық және моторика күші т.б.) эндопсихиканы бөліп көрсетті. Эндопсихика жалпы “формальды-динамикалық сипаттама” ұғымына жақын; ол кешендер арқылы сипатталады, тіршілік етеді және тума биологиялық механизмдер негізінде беріледі.



Экзопсихика тұлғаның сыртқы объектіліерге қатынасын (табиғатқа, адамға, рухани қолайлыққа, адамның қзінің рухани өміріне және тағы басқа) біріктіреді. Экзопсихика заттық - мазмұндық сипаттарға, психикалық өмірге және орта жағдайларына әсер етеді.

Эндо және экзопсихика өзара әрекеттеседі, шарттасады және эндосипаты экзоның көрінуінің латентті кезеңінен актуалдыға өзгеруі мүмкін (мысалы қабілеттер әрекетте көрінеді, ал түрткі мен қызығушылық - бұл экзопсихикалық сапа).



2.Мінез акцентуациялары.

Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, онда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма нұсқалары. Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның бейімделе алмаушылығына әкелетін шеткі норма нұсқасы. Жасырын акцентуация бұл қарапайым нұсқаның көрінуі.

К. Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма нұсқасы деп түсінді. Сондықтан адамның күшті жағына қарағанда, оның кемшіліктерін тізбелеуді ұсынды. Әдістің ерекшелігі осында, бірақ әрине, бұл медициналық диагноз қою үшін жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және Т әріптерімен көрсетеміз:

1. Демонстративті ( истероидты)

2. Педантивті

3. Тұйықталған тип

4. Қозғыш тип (эпилептоидты)

5. Гипертимді тип

6. Дистимді тип

7. Қауіпті – қорқақ тип

8. Циклотимді тип

9. Эмотивті тип

10. Аффективті – экзальтацияланған тип.

К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі А.Е. Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбіне К.Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Адам мінезі деген не?

  2. «Эндопсихика» және «экзопсихика» деген не?

  3. Мінез акцентуациясы деген не?

  4. Акцентуацияның қандай аралас типтерін бар?

  5. Негізгі психологиялық мінез типологияларын атаңыз.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


12-тақырып. Қабілет

Дәріс мақсаты: Студенттерде қабілет, оның түрлері, даралық ерекшеліктері, деңгейлері туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Қабілет анықтамасы

2 Қабілет теориялары

3 Қабілет және тұлға даралығы

Дәріс тезисі.

1. Қабілет анықтамасы. Әрқандай іс- әрекетке байланысты адам қандай да қызметті  орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс - әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлықдара өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.Қабілет өз ішінде әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім.

Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.

 Іс - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

 Қоғамның әр  тарихи даму  кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.

           Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол адамның психикалық таным процестерінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.

  2 Қабілет теориялары. Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы  нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.

Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.

Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.



3 Қабілет және тұлға даралығы. Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.

Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін бөледі, онсыз қабілеттердің көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер үшін көру анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі.

          Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады. Және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі. 



Бақылау сұрақтары:

  1. Қабілеттің биологиялық алғышарты не?

  2. Қабілеттілік және дарындылық түсініктерінің арақатынасы қандай?

  3. Неге дарындылық түсінігі сапалық ретінде көрінеді?

  4. Қабілеттерді диагностаудың негізгі мәселелері қандай?


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


7-8 Бөлім. Жас ерекшелік психологиясы. Педагогикалық психология

Глоссарий:

Жас ерекшелік психологиясының пәні–адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің онтогенезі, психикалық процестердің даму заңдылықтары.

Жас ерекшелік психологиясының міндеттері–онтогенездегі психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын ашу, даму кезеңдерін, мүмкіндіктерін анықтау.

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу объектісі–сәби, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қария т.б.

Тұлғаадамға онтогенезден біткен, күрлелі әлеуметтік даму процессінің жемісі – даму принципі.

Өсу психикалық процесстердің сандық артуы.

Дамупсихикалық процесстер, механизмдер, құрылымдардың сапалық артуы.

Э. Торндайк: Оқыту дегеніміз дағдыларды игеру процессі, ал дағды психикалық дамумен байланысты.

Ж. Пиаже: Оқыту дамудан кейін жүруі керек. Психикалық даму дегеніміз интеллект дамуы, ал оқыту интеллектіге негізделеді.

Л.С. Выготский: Оқыту өз соңынан дамуды ерте жүреді. “Жақсы құрылған оқыту дамытады ...”.

Бала дамуының әлеуметтік жағдайыпсихикалық даму механизмдерінің негізгі түсінігі. Әр даму кезеңі, баланың ересектермен қарым қатынасының сипатына қатысты, өзінің әлеуметтік жағдайымен ерекшеленеді.

Жетекші әрекет - белгілі даму сатысында балада жаңа психологиялық қырлардың қалыптасуын анықтайтын әрекеті.

Даму дағдарысықалыпты психикалық дамудағы өтпелі кезең.
13-тақырып. Жас ерекшелік психологиясының пәні және міндеттері. Жас шамасының мәселесі. Педагогикалық психология әлеуметтік институттардың оқу мен тәрбиелеу жүйесіндегі психика мен сананың дамуының заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы
Дәріс мақсаты: Студенттерде жас ерекшелік психологиясының пәні және міндеттері, жас шамасының мәселесі, педагогикалық психология әлеуметтік институттардың оқу мен тәрбиелеу жүйесіндегі психика мен сананың дамуының заңдылықтары туралы ғылым ретіндегі рөлі, оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылған сұрақтар:

1.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.

2. Жеке адам дамуының қозғаушы күшi.
Дәріс тезисі.

1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар»— деп жазды. Ғалымдар психикалық дамудың қайнар көздері мәселелеріне зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченовте атап көрсетті.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмпирикалық материалдарының жинақталуы және корытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс психологы П. Ф. Каптеревтің америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.



2. Жеке адам дамуының қозғаушы күшi.

Адамның психологиялық дамуын зерттеу сипатты ғана емес, сонымен қоса түсіндіру, фактілердің интерпретациясын болжайды. Нақты фактілер белгілі теориялар контекстінің мағынасында болады, ол негізгісін тұрлаусызынан бөліп көрсетеді және психологиялық дамудың негізгі заңдылықтарын түсіндіреді.

Кез-келген психологиялық дамудың шешуші сұрағы қозғаушы күштерді және психикалық дамудың көздерін анықтау болып табылады. Оған адамдағы табиғи бастау (немесе оның тұқымқуалаушылығы) немесе орта (әлеуметтік айналасы, игерілген тәжірибе) жатады. Бұл шешуші сұрақ қалай шешілгеніне байланысты психологиялық теория екі бағытқа бөлінеді.Тарихи тұрғыдан бұл өзгешелік баланың дамуын әр жағынан көрсететін әр түрлі екі философиялық ағымға бағытталған.

Соның бірі XVII ғасырдағы ағылшын философы Джон Локктың есімімен байланысты. Ол баланы таза тақта деп қарастырды, оған қоршаған орта мен қоғам өз өкілдерінің бейнесінде оларға керектіні жазады. Бұл теорияға сәйкес психологиялық даму әрекеттердің әлеуметтік формаларының жинақталуымен және пайдалы қылықтарды өңдеуден тұрады.

Басқа бағыт XVII ғасырдағы француз философы Жан Жак Руссо көзқарастарына негізделеді. Ол жаңа туған баланың өзінен адамдық тұлғаны көре білді. Оның ойынша психикалық даму табиғи құбылыстардың жетілуі және олардың орындалуы ретінде қарастырылады.

Сонымен, психологияда психикалық даму заңдылығының интерпретациясы 3 негізгі жолмен қалыптасты:



  • Биогенетикалық – негізіне биологиялық үрдістердің жетілуі жатады, ал қалған даму үрдістері жанама түрде қарастырылады;

  • Социогенетикалық – назар ең алдымен әлеуметтену үрдістерінде және қоғамды өмір жолына қатысты этапқа қоятын істерден көрінеді;

  • Психогенетикалық - негізіне психикалық үрдістер мен қызметтің өзіндік дамуы жатады.

Қазіргі кездегі психологтер бұл көзқарастарды сирек қолдайды. Жалпы адамның психикалық дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі қандай болса, ортаның да рөлі сондай.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  2. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  4. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  5. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  6. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  7. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  8. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  9. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  10. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


9 Бөлім. Әлеуметтік психология

Глоссарий:

Бейімделу орта нормалары, әрекеттеріне бейімделу.

Индивидуализация – «максималды тұлғалаудағы индивтдттің қажеттіліктерін» қанағаттандыру.

Ықпалдастық – қоршаған ортамен ықпалдасу.

Өмірге келген нәрестеде қоршаған ортамен ерекше, қайталанбас қарым-қатынас қалыптасады, мұны әлеуметтік жағдай дейміз (Л.С.Выготский).



Дамудың әлеуметтік жағдайы – адамның бүкіл өміріндегі динамикалы өзгерістердің бастамасы.
14-тақырып. Ғылыми білімнің жүйесінде әлеуметтік психологияның орны. Үлкен әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. Әлеуметтенудің психологиялық-әлеуметтік негіздері.
Дәріс мақсаты: Студенттерде ғылыми білімнің жүйесінде әлеуметтік психологияның орны, үлкен әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы, әлеуметтенудің психологиялық-әлеуметтік негіздері туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жеке адамның әлеуметтенуі мен дамуы.

2. Әлеуметтенудің сатылары.



Дәріс тезисі.

1. Жеке адамның әлеуметтенуi мен дамуы. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.

Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі - әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.

Әлеуметтену процесінің мазмұны: тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.

Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс-әрекет «каталогының» молаюымен (А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс-әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады. Біріншіден, әрбір іс-әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану (бағыттану). Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс-әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші, таңдалынған іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындыру. Және үшінші процесс, барысында жеке тұлғаның жаңа рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі. Осының бәрін индивидтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта жүргізілетін эксперименттік зерттеулер, негізінен әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясының ара жігінде іске асырылады.

Екінші – қарым-қатынас сферасы іс-әрекетпен тығыз байланыты болғандықтан, оның кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан  диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерге жүргізілген зерттеулер көп.

Әлеуметтенудің үшінші аймағы - тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл мәселе тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет