Лекция тақырыптары 1 Бөлім. Психологияға кіріспе Глоссарий: Ассоциация



бет7/8
Дата05.03.2016
өлшемі0.62 Mb.
#43782
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Әлеуметтенудің сатылары. Әлеуметтенудің барлық сатыларында қоғамның тұлғаға әсері не тікелей, не топ арқылы, Ж.Пиаже көрінетін әдет-ғұрып, дәстүрлер, дағдылар, өмір сүру бейнесі де өзінің әсерін тигізеді. Сонымен бірге, қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық айырмашылығы, әртүрлі елдердің тарихи-мәдениеттік ерекшеліктері, т.с.с. факторларды есепке алу қажет. Қорыта айтқанда, әлеуметтенудің нақты нәтижесі осылардың барлығының тең әсерлі күші қандай болуына байланысты. Яғни әлеуметтену мәселесі өз ретінде шағын және үлкен топтарды байланыстыратын көпір іспетті зерттелуі қажет. 

 Э. Эриксон әлеуметтену процесін талдады. Ол «әлеуметтену, норма ережелерден тұрады» - деді.

Жас ерекшелік дағдарысы адам дамудында белгілі бір жас кезеңінен, екінші жас кезеңінде өтудегі күйзелісі немесе өтпелі кезеңі деп қарастырылады.Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық және әлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі. Бала кезеңдегі дағдарысты төрт кезеңге бөлініп қарастырылады.

Жаңа туылған шақтағы дағдарыс-0-2ай аралығы.

Жаңа туылғаннан кейінгі алғашқы күндері дене салмағын жоғалтуы. Ал әлеуметтік жағдайына келсек екі жақты қарастыруға болады.

1. Балада үлкендердің көмегінсіз биологиялық қозғалыстың болмауы және қажеттілігін өтей алмауы.

2. Балада қарым –қатынасқа түсетін сөйлеу тілі қалыптаспағандықтан үлкендерге деген тәуелділігі арта түседі. Бұл жаста жаңа білім алуы, жеке психикалық өмірде «жандану кешенімен» оған бірнеше құбылыстар жатады:


  • үлкендер жақындағанда жалпы қимыл –қозғалыстың қозуы;

  • өзіне назар аударту үшін жылауы немесе шыңғыруы;

- анасымен қатынаста жымиюы және уілдеу дыбыстарын шығаруы.

«Жандану кешені» кезеңі бала үшін қиын себебі, ол қалыпты психикалық даму көрсеткіштері болып табылады.

Бір жастағы дағдарыс, нәрестелік жастан сәбилік шаққа дейінгі аралық. Бұл жаста тәуелсіздікке байланысты жаңа аффектілі құбылыстар байқалады. Бала кішкентайынан «болмайды» сөзімен таныс, осы дағдарыс кезеңінде ол өзектеліне түсетін болады. Эмоционалды кері кету «болмайды» сөзінің күшін жылау ,шыңғыру, еденде құлау, тепкілеу, біреуді ұруға дейінгі әрекетте көрсетеді. Бұл жастағы жаңа білім – баланың өзіне тән - сөйлеу тілі /автономды тіл./

Бір жастағы дағдарыста жалпы кері кету әрекеті яғни бұзылуы төмендегідей :

-биоырғақ процесінің бұзылуы /ұйықтамау/.

-өзін қанағаттанудыру қажеттілігінің бұзылуы./ аш сезінуі, өзінің ұнататын тамағын жемеуі, тамаққа тәбетінің болмауы/.

-ашу қысуының /жылауық, өкпелегіш, жабырқаулы/ көрінуі.

Өткір дағдарыс кезеңі –үш жас болып табылады. Бала өзінің бейнесін айнадан көруге және өзгенің өзіне қалай назар аударатыны қызықтыратын болады. Үш жастағы баланы түзетудің қажеті болмайды себебі бұл дағдарыстағы нышан жеті негізгі элементтен тұрады:



  1. Жағымсыз. Баланың үлкендер сөзіне қарсыласуы ол мазмұнына қарай емес, тек үлкендер айтқандықтан керісінше жасауды ұнатады.

  2. Бір беткейлік. Өзіне қажет ету үшін емес, талап қойып сол бағытта өзін ұстануы.

  3. Қыңырлық .Ол осы жасқа дейін қалыптасқан тәрбиеге қарсы шығуы.

  4. Еріктік. Балада бәрін өзім істеймін қабілетін меңгеруі.

  5. Бүлік-наразылық. Бала қоршаған орта мен жауласу деңгейінде.

  6. Құнсыз ету . Бала өзінің жақынын, ата-анасын мазақтау, ызаландыру, ұрсу.

  7. Қаталдық. Бала өзінің талабын ата-анасына орындатады. Қаталдық кіші сіңлі немесе ініге байланысты қызғаныштан туындайды.

Дағдарыс барысында бала өзіндік сананы әлеуметтік қатынаста қалыптастырады. Баланың көз-қарасында «Мен»,«Мен өзім», КЕРЕК және ТИІСТІ сөздерінің мағынасын түсініп қолданатын болады.

Жеті жастағы дағдарыс. Бұл бір жастағы дағдарыспен өзіндік реттелумен айқындалады. Бала өзі қажет деген мінез-құлық ережелермен өзін реттей алады. Л.С.Выготский ұсынған белгілер: сырбаздану және қылықтану. Дағдарыстың қайнар көзі: ерте жастағы сипатқа мектеп жүйе қатынасының сәйкес келмеуі . Бала өзінің сезімін ұстай, меңгере, басқара алмайды. Себебі бір мінез-құлықты жоғалта отырып, орнына жаңа қылық меңгере қойған жоқ Жеті жастағы дағдарысты меңгерген бала өз эмоциясын басқара алып, жағдайдан еркін немесе әдейі шыға алуды меңгереді

Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыс.13-14 жас-элеуметтік даму дағдарысы, бұл да үш жастағы « Мен өзім», енді әлеуметтік мағынада қолданылады. Әдебиеттерге жүгінсек, бұл жасты екінші рет кіндік кесу жасы деп те қарастырады. Негізгі сипаты өткірлік деңгейінде, оның белгілері төмендегідей: баланың оқу әрекетіндегі жемістілігі, дарынды жағының көрінуі төмендейді. Дағдарыстың екінші белгісі –жағымсыздық. Бұл кезеңді кейде үш жастағы дағдарыспен ұқсас қарастырады. Бала ортадан өзін шектейді, ұрысқа дайын тұрады, сенімсіздік, жалғыздыққа қарай өзі талпынады. Ер балада жағымсыздық ерте және ашық байқалады, ал қыз балада 14-15 жаста көрінеді. Жеткіншекте дағдарыс кезінде анау айтқан мінез – құлқында жағымсыз сипат көрінбеуі мүмкін. Осы туралы Выготский мінез-құлықты үш вариантта қарастырады.

Бірінші варианты – жеткіншекте жағымсыздық барлық жағынан ашық байқалады. Оның мерзімі бір-екі аптадан, бірнеше айға дейін созылуы мүмкін, осындай құбылыс 20 ұпайға жуық жеткіншекте көрінеді. Екінші типте балада-күшті жағымсыздық. Балада ол өмірлік жағдайдың кейбір жерінде байқалады. Қоршаған ортаның ұнамсыз құбылысына: отбасындағы қақтығыс, үлкендер жағынан қысым көрсетілуі, қолайсыз жағдай тудыруы, оған 60 ұпайдағы жеткіншектер жатады. Ал үшінші жағдайда - жағымсыз жағдай жалпы байқалмайды немесе жоқтың қасы. Ол 20 ұпайға жуық жеткіншектерде кездеседі. Жеткіншекте психологиялық қақтығыс көбіне өзіне ғана емес, тікелей қоршаған ортаға деген көз қарастан туындап отырады .

Жастық шақ дағдарысы 18-19 жас, зерттеулер көрсеткішіне сүйенсек, бұл жаста дағдарысты жеңу жағдайы төмендегідей. Алғашқы - ішкі мүмкіндіктерге сай дағдарыс жағдайынан шығуда мәнді саналы кең стратегияны пайдалана алады. Екінші жағдайда - өзінің эмоционалды күйзелісіне қарай дағдарыстан шығуда мәнді шешілу жағын қарастыра және ойын жинақтай алмауы. Үшіншіден – дағдарысты шешуден қашу, оның себебі жағымсыз күйзелістен, оны жеңуге күш салмай, басқа біреуге аудара салу, өзіне жауапкершілік алмау. Жастық шақтан ересектікке өту кезеңі 22-23 жас аралығы. Басты анықтау себебі - барлық өмір сүру жылдары ұстанатын жол деп қарастырылған.

Есею кезеңіндегі дағдарыс 33жастан ары қарай. Психологиялық ерекшелігі: адам өзінің мүмкіндігін нақты көре отырып, өзіне шектеу қою, жастық шақпен толық қоштасады. Осы жастағы басты ерекшелік – мамандықты яғни кәсіпті өзгерту болып табылады. Кәсіпті өзгерту дағдарыстан шығудың бір жолы, сондықтан 30 жастағылар түгелдей басқа кәсіпке төселе алады. Жұмысты өзгерту тәуекелге бару табысқа жететініне толық іштей сену арқылы қызығады.



Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  2. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  4. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  5. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  6. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  7. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  8. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  9. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  10. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


10-11-12 Бөлімдер. Психология тарихы. Этнопсихология. Психология-педагогикалық диагностика

Глоссарий:

Атомдар – Демокриттің философиялық жүйесінде әлемнің негізі болып табылады.

Анимизм – латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқада нәрселлердің бәрінде жан болады деген қияли түсінік. Алғашқа қоғам мен діни нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.

Антроморфизм – «антропос»-грекше «адам» және морфе-«түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер.

Апперцепция – латынша ап- префикс, сөз алды, қосымша, перцепция-қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болады.

Ассоциация-1.Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылысчтардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әртүрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.

Ассоциациялық психология – психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Ассоциация латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді.

Аффект –«жан толқуы» деген латын сөзі.

Детерминизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады.

Ұлттық өзіндік сана – адамдардың нақты бір этникалық қауымдастыққа жататындықтарын саналы түсіну және оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орыны.

Ұлттық мінез – қандай да бір этникалық қауымдастық өкілдерінің тұрақты психологиялық сипаттарының тарихи қалыптасқан бірлігі;

Ұлттық темперамент – адамдардың ерекше мінез-құлықтық сипаттамалары;

Ұлттық сезім және көңіл-күй – адамдардың өздерінің этникалық қауымдастықтарына, қызығушылық-а, басқа ұлттар мен құндылықтарға эмоционалды қатынасы.

Ұлттық дәстүрлер мен дағдылар – нақты бір этникалық қауымдас-қ өкілінің күнделікті өмірінде бекіп қалған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әрекет пен қ-қ-ң нормалары мен стериотиптері;

Ұлт психологиясының динамикалық жағы – біріншісіне қарағанда, ұл.п.құб. көріну ерекшеліктерін нақты анықтауға, түсінуге мүмкіндік береді.
15-тақырып. Психология тарихы ғылым ретінде. Психология тарихының кезеңдері. Этникалық және мәдени психология. Тұлға және этнос. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі.

Дәріс мақсаты: Студенттерде психология тарихы, психология тарихының кезеңдері, этникалық және мәдени психология, тұлға және этнос, тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Психология тарихы ғылым ретінде.

  2. Психология тарихының кезеңдері.

  3. Этникалық және мәдени психология.

  4. Тұлға және этнос.

  5. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі.

Дәріс тезисі.

1.Психология тарихы ғылым ретінде. Психология адам жайлы ең негізгі ғылымдардың бірі. Оның пайда болуы адамға және оның іс-әрекетіне деген қызығушылықпен шартталған. Алғашқыда психология діни наным-сенімдермен, мифтер, аңыздармен байланысты болған. Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдармен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісіде. Жан туралы осындай жалған түсініктің болуы алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауына байланысты болды.

Психология психологияға қатысты және оның салаларына қатысты теориялар негізін қарастырады. Бұл оның психология ғылымындағы орыны мен ролін айқындайды. Психология бұл жүйенің жалпы теориялық, методологиялық бөлімі.

Психология психологияның бір бұтағы ретінде қарастырылады, бірақ жалпы психология психологияның бағаны болып табылады.

Психика ежелгі грек сөзі «жан» деген мағананы білдіреді. Тек қана жан емес, сонымен бірге «тұлға» деген мағананы білдіреді.

Психика – ішкі дүние процестерінің қалыптасуы (сырқы дүниенің моделі).

Психика - ішкі дүниенің мазмұны және процестердің жандануы.

Психика - әрекетті ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару процесі.

Психология мектептері шеңберінде психологияның зерттеу пәні бір келкі емес. Карл Юнг бойынша: «Психика, ғылыми бақылау және бағалау объектісі бола отырып, оны бағалауды жүзеге асыратын субъектісі, құралы да болады».



2.Психология тарихының кезеңдері. Адамзат мәдени тарихында оның негізін салып, қалаған адамдардың есімдері қалған.

Гиппократ, одан кейін Гален темперамент жайлы теориялардың іргесін салушылар.

Платон және Аристотель адамды қоғам өмірін ұйымдастыруда белгілі орыны бар азамат бейнесі ретінде сипаттап берді.

Теофраст – адамның қоршағандармен байланысын көрсетті.

Платон біздің заманымызға дейін сақталып келген, психиканы: ақыл, сезім, ерікке бөліп берді.

Аристотель ежелгі жан туралы ілімдерді қарастырып, жүйеледі. Оның «Жан» туралы шығармасы адам психикасын жалпылап көрсеткен теория болды.

«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1590жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.

Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих, заңтану, экономикада психология жайлы білімдер жинақталып жатты. Көптеген философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.

Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:

Георг Гегель- «Жан феноменологиясы және жан философиясы»;

Иммануил Кант- «Прагматикалық көзқарастағы антропология»;

Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша еңбектер жазды.

Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана психологиялық шығармалар мен ғана емес, сонымен бірге психологиялық даму жолдарын анықтау идеяларымен де танымал болды.

Рене Декарттың әсерінен психология Зигмунд Фрейдке дейін сана психологиясы ретінде дамыды.

Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның еңбегі де орасан зор.

ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді.

1834жылы Ресейде аймақтық «Адам сипаты» атты 677беттен тұратын Александр Иванович Галичтің психологиялық еңбегі жарық көрді.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психологияда эксперимент орын алады. Алғашқы психологиялық экспериментті неміс психофизиологтары Эрнст Вебер және Густав Фехнер 1840 жылдан 1855 жыл аралықтарында жүзеге асырды. Олардың тәжірибелерінің негізінде қабылданатын сигналдардың күші мен түйсінетін түйсіктің қарқындылығының сандық тәуелділігі анықталады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология ғылымының кең көлемді дамуын ғылыми психологияның негізін салушылардың бірі, неміс психологы Вильгельм Вунд ұсынды.

Оның жоспары зерттеудің екі бағытын қамтыды:



  1. Индивидуалды сана талдауы «зерттелушінің эксперименталды бақыланатын өзіндік бақылауы);

  2. Мәдениет, миф, әр халықтың адамгершілігінің психологиялық аспектілерін зерттеу.

Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.

В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.

Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ немесе Фрейдизм болды. Психоанализ психологияның пәні ретінде адам психикасының санасыздық механизмдерін зерттеді. Фрейдтің ойынша,адамдар иррационалды және аморалды күштермен басқарылады. Олардың мінез-құлықтары ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен басқарылады. Бұл түрткілер санасыз. Бұлардың арасында үнемі өздігінен шеше алмайтын қақтығыстар болады. Адамның мінез-құлқын өзгертудің негізгі әдісі психотерапия. Психоанализ тұжырымдамасы бойынша адам кемелденбеген, азап шегуші. Фрейдизмнің базасында тереңдетілген психология қалыптасты:

Альфред Адлер – индивидуалды психология;

Карл Густав Юнг – аналитикалық психология;

Эрих Фромм, Карен Хорни – неофрейдизм және т.б.

ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп – бихевиоризм – мінез –құлық психологиясы қалыптасты. Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.

Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.

Беррис Скинердің тұжырымдамасы: « Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.

Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.

ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнитивті психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды- ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.

Когнитивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-теңдік теориясы, Леон Фестигнер- когнитивті диссонанс теориясы, Джордж Брунер - әлеуметтік қабылдаудың перцептивті болжамдар теориясы, Джордж Келли – тұлғалық конструкттар концепциясы, Герман Виткин – тұлғаның когнитивті стилін зерттеу.

Біздің кезімізде әр түрлі психологиялық мектептер арасында жақындасу тенденциялары байқалады. Мектептер арасында қарама –қайшылықтар шыдамдылыққа ауысып, кейбір идеялар мен концепцияларға қатысты ортақ көзқарастар туындауда.

3.Этникалық және мәдени психология. Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспкетілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

В.Г. Крысько б/ша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтығы-жетістігі түрде талданатын анықтамаларға жатады, дейді; Г.М. Андреева.

Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология.

Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтеріне жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді.

Бұл екі тенденция да өте күрделі.

Этнопсихология деген не? Деген сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуініен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. антропологиялық психология;

2. кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың териториясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияняң идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Ентейнталь, В. Вундт болды.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – этнос. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған. Сақтанып қалған дәстүрлері, жалпы зіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизім болып табылады. Бұл тарихи қалыптасуын, тұрақты жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрақтылығы, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты климат географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдар да өздеріне тән, өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты психологиянң - әлеуметтіңстереотиптері бар. Этностың барлық шығу тегі мен байланысып жатқан мүшелері – тірі макроорганизім жасайды. Этностың алғашқы даму сатылапрында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни өзіндік қорғаныс инстинкті не айтады, солайша санасыз жүреді, әркім өздерінің жұмысының қауіпсізігімен қолайлығын қамтамасыз етеді.

Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынын кешіреді, сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

Этнопсихологияның пәні әртүрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ бұлғылым әртүрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негзгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттың псхололгиялық жиынтығы – жеткілікті түрде талданатын анықтамаларға жатады дейдің.

Этнопсихологияның ғылыми ретіндегі міндеттері:

1 Нақты этникалық қауымдастықтың өкілдерінің ұлттың психологиялық ерекшеліктерін қалыптасуының факторлары мен шығу кездері туралы мәліметтердің жан-жақты, жалпыласу. Оның негізінде ұлттар мен халықтардың әлеуметтік – саяси, экономикалық, тарихи және мәдени дамуының ерекшелігін анықтау.

2. Адамдардың ұлттың психикасының мотивациялық сферасын, оның көрінуіне алдау және жалпылау мақсатында ерекшелігін зерттеу. Бұл ерекшеліктер нақты этникалық болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет