Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19


Дәріс 11. Қарым-қатынас мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі



бет19/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Дәріс 11. Қарым-қатынас мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі.
Мақсаты: педагогикалық қарым-қатынастың мәні, кезеңдері, стиледері туралы білімдерді меіңгерту.
Жоспары:
1. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық ретінде.
2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы.
3. Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің сөзі.
4. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттестік формасы.

Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады.


Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құрал-дармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді.
Қазіргі күнде қоғам білім беру саласы алдына қойылып отырған негізгі мәселелер: мектепті қоғам талабына сай жаңғырту, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени - қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Класпен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйреніп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер класпен қарым-қатнас жасаудың өте қиын екендігін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады: «Балалармен қалай сөйлесу керек?, Әзіл айтуға бола ма?, Олар неге тыңдамайды?, Ұялшақтықты қалай жеңуге болады?,т.б.» Осы сұрақтардың барлығы педагогикалық қарым-қатнасты меңгере білмеудің нәтижесі
А.С.Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай ақ сіздер үшін, көптеген тәжрибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар»: қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отыру, қалай дауыс көтеру, күлу, қарау, өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет, ең үлкен шеберліктің мәні де осы болуы тиіс».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет