Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет55/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
(ҚР ҚК 54-бап.): 
1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы (ҚР ҚК 12-
бап), қылмыстардың қайталануы (ҚР ҚК 14-бап), қылмыстардың қауіпті 
қайталануы (ҚР ҚК 14-бап); 


72 
2) қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру. Ауыр 
зардаптар – қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық 
құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайлардағы мынадай зардаптар:
-адам өлiмi; екі немесе одан да көп адамның өлiмi; жәбірленушінің немесе 
оның жақынының (жақындарының) өзiн-өзi өлтiруі; денсаулыққа ауыр зиян 
келтіру; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру; 
адамдардың жаппай сырқаттануы, ауру жұқтыруы, сәулеленуі немесе улануы; 
халық денсаулығы мен қоршаған орта жай-күйінің нашарлауы; қаламаған 
жүктіліктің болуы; техногендік немесе экологиялық зілзаланың, төтенше 
экологиялық ахуалдың туындауы; ірі немесе аса ірі залал келтіру; жоғары 
қолбасшылық қойған міндеттерді орындамай қалдыру; мемлекет қауіпсіздігіне 
қатер төндіру, апаттар немесе авариялар; әскери бөлімдер мен бөлімшелердің 
жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті деңгейінің ұзақ уақыт төмендеуі; 
жауынгерлік міндеттерді орындамай қалдыру; жауынгерлік техниканың істен 
шығуы; келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де зардаптар (ҚР 
ҚК 3-бап 4 тармағы). 
3) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз 
байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау 
(ҚР ҚК 31-бап); 
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару; 
5) кінәлі адамға психикасының бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi 
көрінеу белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған 
адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту; 
6) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша, 
басқа адамдардың құқыққа сыйымды әрекеттері үшiн кек алу, сондай-ақ басқа 
қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату 
мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау
7) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрінеу белгiлi әйелге қатысты, 
сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кінәлі 
адамға тәуелдi адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
8) адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік немесе қоғамдық борышын 
орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты 
қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
9) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi 
қинаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
10) қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды 
имитациялайтын құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез 
тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк 
және өзге де химиялық-фармакологиялық препараттар пайдаланып, сондай-ақ 
күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді қолданып не жалпы қауiптi тәсілмен 
қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
11) төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай 
тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 


73 
12) алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде 
қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың 
сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауға құқылы; 
13) адамның өзi берген сертін немесе кәсiби антын бұза отырып, 
қылмыстық құқық бұзушылық жасауы; 
14) кінәлі адамға оның қызмет бабына немесе шартқа қарай көрсетiлген 
сенiмдi пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
15) билік өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжаттарын пайдаланып 
қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
16) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, 
судьяның өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық 
жасауы. 
Егер ҚК 54- бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай Қылмыстық 
кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында қылмыстық құқық бұзушылық 
белгiсi ретiнде көзделген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-
жай ретiнде қайтадан ескерілмеуі мүмкін. 
Жаза тағайындау кезiнде сот ҚК 54- бабының бiрiншi бөлiгiнде 
көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлататын мән-жайлар деп тани алмайды. 
Қылмыстық топтардың құрамында қылмыстық құқық бұзушылықты, 
сыбайлас жемқорлыққа қатысты, террористік, экстремистік қылмыстарды, 
сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы 
қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған және түзелу жолына түсуді 
қаламайтын бұрын сотталған адамдар үшін заңмен көзделген қатаң жазалау 
шараларын міндетті түрде талқылауға жатады және соттармен қолдануға 
жатады. 
ҚК-нiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауаптылық пен 
жазаны ауырлататын мән-жайлар тiзбесі түпкiлiктi болып табылады,осыған 
байланысты, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кездегi немесе 
сотталушыны сипаттайтын сот анықтаған өзге де мән-жайлар (маскүнемдiкке 
салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына көзқарасы және 
т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерілуi мүмкін, бiрақ жауаптылық пен 
жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде танылмайды.
Сондай-ақ алынбаған және жойылмаған соттылықтар жаза тағайындаған 
кезде ескерілуімүмкін. 
ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 12) тармағына сәйкес, сот қылмыстық 
құқық бұзушылықтың сипатына қарай масаң күйде қылмыс жасауды 
жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. 
Осы мәселені шешу кезінде соттар қылмыстық іс-әрекеттің жасалуының өз 
сипаты бойынша кінәлі адамның масаң күйімен байланысы бар жоғын, 
сондай-ақ адам осындай күйге түскен кездегі жағдайды ескерулері қажет. 
Атап айтқанда, кәмелетке толмағанның қылмыстық құқық бұзушылықты 
жасау сәтінде масаң күйіндегі жағдайы, егер бұл оны спирт ішімдіктерін, 
есірткі немесе есеңгірететін заттарды пайдалануға қылмыстық құқық 
бұзушылықты жасауға бірге қатысушы ересек адамның тартуымен 


74 
байланысты болса, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде 
есептелуге тиіс емес.
Бұрын қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамның 
қылмыстық құқық бұзушылықты жасауы, егер бiріншi қылмыстық құқық 
бұзушылыққа қатысты қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмi өтіп кетсе
заңмен белгіленген тәртiппен соттылық алынып тасталсане жойылса немесе 
бұрын жасалған әрекет үшiн қылмыстық жауаптылық заңмен жойылса, 
сондай-ақ адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы 
бөлімінде(бұдан әрі – ҚК-нің Жалпы бөлімі) көзделген негiздер бойынша 
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатылса, жауаптылық пен жазаны 
ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет