Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


  7 Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық



Pdf көрінісі
бет63/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
 


83 
7 Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық 
жауаптылықтан және жазадан босату.
Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының 
Парламентi жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады. 
Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы 
орташа қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнің негiзiнде 
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыстық теріс қылық 
немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн 
сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза 
қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн 
не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Ауыр немесе 
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға тағайындалған жазаның 
мерзімі қысқартылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден 
босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен сотталғандығы 
алып тасталуы мүмкiн. 
Террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, жас 
балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған, сондай-ақ 
қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде 
жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды. 
Өзіне қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген белгiлi бiр жеке-дара 
айқындалған адамға, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша 
тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не 
өтеген адамға кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының 
Президентi шығарады. 
Қылмысы үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi 
өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе 
жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адам 
жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан 
әрі өтеуден босатылған адамдардан кешiрiм жасау актiсiмен сотталғандығы 
алып тасталуы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет