Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Қылмыстық заңның құрылымы



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
 
2.Қылмыстық заңның құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы 
мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. 
Гипотеза қылмыстық занда негізінен жалпы бөлімге қатысты. Яғни, 
құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім 
баптары жүзеге асырады. Мысалы, белгілі бір адам не болмаса азамат занда 
көрсетілген жасқа толып, қылмыстық құқық бұзушылықты қасақана немесе 
абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті 
болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 
Ерекше бөлім нормаларында баптар диспозициядан және санкциядан 
тұрады. Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады. 
Диспозиция — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне 
сипаттама береді. Диспозиция өзінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты 
жай, сипаттамалы, бланкеттік және сiлтемелi болып негізгі төрт түрге бөлінеді: 
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің атын ғана атап, оның нақты 
белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адам ұрлау", 
136-бабындағы «Баланы ауыстыру». 461-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту" 
және т.б.. 
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгiлерiн заңның 
өзiнде-ақ нақты көрсететiн диспозицияны айтамыз. Мысалы, ҚК-тің 188-
бабындағы "Ұрлық", 140-бабындағы " Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу 
жөнiндегi мiндеттердi орындамау", 272-бабындағы " Жаппай тәртiпсiздiк" және 
т.б. 
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс 
құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, 
жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға 
жүгінеді.
Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты 
екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа 
заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның 
мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 277-
бабының «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк 
қағидаларын бұзу», 279-бабының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу», 
317-бабының «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік 
мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы», 324-бабының «Шаруашылық немесе өзге 
де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу» және т.б.
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісінше 
қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның бөлігіне сілтеме жасайды.


12 
Мысалы, 347-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" 
қылмыстық құқық бұзушылығын айтуымызға болады. Мұндағы диспозицияда 
былай деп көрсетілген: « Осы Кодекстің 345, 346-баптарында көзделген ауыр 
зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі 
немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк 
оқиғасы болған жерден кетіп қалуы». ҚК 345-бабының 2-ші бөлігінде көлiк 
құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын 
пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян 
келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, деп көрсетілген. Егерде осындай 
жағдай да тұлға жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса қылмыстық 
жазаға тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет