Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет11/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
СанкцияЕрекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен 
мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі 
қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және 
балама (альтернативные). 
Салыстырмалы- айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін 
көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгi 
шегін анықтайтын санкция. Мысалы,
ҚК 99-бабы «Адам өлтiру», яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана 
қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып мұнда сегіз жыл 
болатын болса, жоғарғы шегі он бес жыл болады. 
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті 
баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана 
қолдануға мүмкіндік береді.
Мысалы, 106-баптың (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) 1-ші 
бөлігінің санкциясы бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 
– үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол 
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
3. Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. ҚК-тін 5-бабында іс-әрекеттің 
қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта 
қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген. Қоғамға қауiптi әрекет 
(әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың туындаған уақытына 
қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады. 
Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және 
белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады. 
Қолданыстағы заң деп өзінің күшінде тұрған және өз күшін жоғалтпаған 
заң танылады. 


13 
Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, 
талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың 
қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты 
қоғамдық қатынастарды реттейтін «Құқықтық актілер туралы» 
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңы. 
Осы Заңға сәйкес қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгізу тәртібі 
былайша белгіленген: Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның 
Палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк 
құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк 
құқықтық қаулылары – егер актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа 
енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң.
Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде немесе оны қолданысқа енгiзу 
туралы актiде өзгеше көзделмесе, мұндай акт мерзiмсiз қолданылады. 
Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген 
бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда 
нормативтiк құқықтық акт немесе оның бір бөлiгi қандай мерзiмде қолданысын 
сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн 
актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат 
бере алады. 
Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының 
қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтік 
құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата 
тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады. 
Нормативтiк құқықтық акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай 
жағдайларда: 
1) акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) қабылданған мерзiм өткенде; 
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң 
(бір бөлiгiнiң) ережелерiне қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi 
немесе оның бір бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт 
қабылданғанда; 
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында 
белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда; 
4) осы актiнi қабылдаған орган немесе қабылдауға уәкiлеттік берiлген 
өзге де орган актiнiң немесе оның бір бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды 
деп танығанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 
Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген 
мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады. 
Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу 
уақытын анықтаудың маңызы зор. 
ҚК-тің 6-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан 
қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі 
болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді. 


14 
ҚК-нің 6-бабында белгіленген қылмыстық заңның кері күші Қазақстан 
Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 77-бабы
3-тармағы 5) тармақшасының, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар 
туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан 
Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен 
ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде 
күшіне енген) 15-бабының талаптарына негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет