12
Мысалы, 347-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу"
қылмыстық құқық бұзушылығын айтуымызға болады. Мұндағы диспозицияда
былай деп көрсетілген: « Осы Кодекстің 345, 346-баптарында көзделген ауыр
зардаптар
туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі
немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк
оқиғасы болған жерден кетіп қалуы». ҚК 345-бабының 2-ші бөлігінде көлiк
құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын
пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның
денсаулығына ауыр зиян
келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, деп көрсетілген. Егерде осындай
жағдай да тұлға жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса қылмыстық
жазаға тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: