Реферат тақырыбы : Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары. Орындаған : Құрымбай Айдана



Дата01.12.2023
өлшемі27.9 Kb.
#485031
түріРеферат
әлеуметтану Айдон


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары.

Орындаған: Құрымбай Айдана
Тобы:МӨ-21-14-К2
Тексерген:

Шымкент 2023
Қоғамдағы қабылданған өлшемдерден ауытқудан тұратын, жеткіншектердің девиантты мінез- құлқын көрсетуі шешімді талап ететін күрделі де, көп аспектілі мәселе. Оны зерттеу әлеуметтік тапсырыспен айтып жаздырылатын себепші болатын, ең алдымен, әлеуметтік феномен ретінде девиантты мінез-құлқының мәнін ашу қажеттілігі.
В.Д. Менделевич девианттылық бұл өлшеммен патология арасындағы өлшем деп көрсетеді. Девиантты мінез-құлықты өлшем іліміне сүйенбей анықтай алмаймыз. Медицинада өлшем бұл денсаулығы мықты адамдар болса; педагогикада барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы оқушы; әлеуметтік өмірде қылмыстың болмауы. Ең қиыны көптеген адамдарға тән мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы ретінде психологиялық өлшемді анықтау. Бұл идеал өлшемі болып табылады [1].
Л. Пожардың өлшемді үш түрлі мағынада қарастыруды ұсынуы да кездейсоқ емес, яғни статистикалык, функционалды (жеке даралык) және идеалды, Бұл жердегі идеалды өлшем тұлғаның қолайлы әлеуметтік жағдайда өмір сүруінің тиімді тәсілі. Демек әрбір индивидтің дамуында өзіндік ерекше жолы болады, яғни әрбір ауытқуды осы бағытпен салыстырмалы түрде девиация деп атауға болады. Сонымен функционалды (индивидуалды) өлшем индивидтың жеке даралығын басты назарға алады, бірақ жалпы адамдарға, жағдайларға конфликтілі қандайда бір қасиеттерді көрсетпейді.
Статистикалық өлшем көптеген адамдардың қалыпты адамдардың қатарына жататындығы туралы тұжырым.
Сонымен әлеуметтанудағы өлшем мәселесін тұлғаны нақты бір кезеңде қоғамда қабылданған адамгершілік талаптарын қабылдаудағы мінез-құлық эталоны ретінде қарастыру қажет. Демек өлшем бұл патологияның жоқ болуы, ал ауытқымалы мінез-құлық анық не жасырын психопатологияның бар екенін көрсетеді [2].
Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық сипатын тұлғаның қоршаған ортамен сыртқы қайшылықтары, құрылымсыздық және тұлғаның өзін-өзі бұзуымен байланысты қарастыруға болады.
Девиантты мінез-құлықтың қоғамдағы жағымсыз көрініске жататыны анық. Адамзат мінез-құлық өлшемінен ауытқымас үшін, балаларға өмірдің жағымсыз қырларын уақытында жеткізіп отыру қажет. Себебі мінез-құлықтың негізі дәл осы бала кезде қалыптасып үлгереді. Девиантты мінез-құлық көбіне тәрбие, білім беру, қоғамдағы әлеуметтік жағдай, отбасылық ахуал сияқты факторларға байланысты туындайтыны анық [3].
Яғни біздің балаларымыздың білімді, тәрбиелі, мәдениетті, коғамда өздерін ұстай алуды білуі үшін қолымыздан келгеннің бәрінен аянбауымыз қажет.
Ресейде девиантты мінез-құлықтың мәдени аспектісінің негізін қалаушы Я.И. Гелинский қолданысқа «ауытқымалы мінез-құлық» терминімен тең қолданылатын «девиантты мінез-құлық» терминін енгізеді [4].
Шетелдік зерттеушілер, Дюркгейм, Шуэсслер және басқалар девианттылықты әлеуметтік өлшемдерге сәйкестілік немесе сәйкессіздік деп анықтайды. Демек, девианттылық деп осы қоғамның әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра алмайтын мінез-құлықты айтамыз.
В.А. Петровский, Э. Фроммның көзқарастарындағы нонконформизмнің негізінде адам «Менінің» конструктивті бастамасы тұратыны туралы ойларын айта кеткен жөн. Сонымен қатар девиация әлеуметтік шығармашылық сипатта болуы да мүмкін. Яғни ғылыми-техникалық және өнер шығармашылығында көрініс беруі мүмкін. Девианттылықтың әлеуметтік-жағымсыз сипаты тұлға үшін де, қоғам үшін де кұрылымсыз (деструктивті) болып табылады. Дегенмен ауытқымалы мінез-құлықтың осы типі әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде көптеп қарастырылып, зерттеушілердің де назарын өзіне аударып отыр [5].
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік өлшемнен ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған өлшемге қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды [6].
Психиклық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір өлшеммен салыстыру іске асады. Мәселелік іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез-құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған өлшемнен ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық өлшемінен ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени өлшемдерді, әсіресе құқықтық өлшемді бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті [7].
Жалпы алғанда, зерттеулерді талдау барысында девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерде басымшылық танытады. Себебі, жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері болатыны бәрімізге аян! Олай болса, жасөспірімдік кезең-ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық өлшемдерді игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Дәл осы кезеңде олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап етеді. Қиын бала тақырыбында 20-30-жылдары П.П. Блонский, Г.А. Фартунатова, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В. И. Куфаев, С. Балаубаев, И.Л, Стычинский, В.Н. Мясичев және басқалар зерттеп, еңбектер жазды. Ал 30-жылдардың аяғы мен 40- жылдарда аталған тақырып аз тексерілді, немесе мүлдем тексерілмеді десе де болады. 50 және 60-жылдары бұл мәселе тереңірек зерттеліп, ол туралы бірқатар еңбектер жазылды. Қазіргі кезде әңгіме болып отырған тақырып Л. Бажович, Л.С. Славина, Т. Миньковский, Г.П. Медведев, И.Ф. Назаров, М.М. Муканов, Г.А. Уманов, Э. Шыныбекова, К. Бегалиев, Қ.Б. Жарықбаев және басқалардың еңбектерінде әр қырынан сөз болды. Аталған еңбектердің авторлары осы мәселенің пайда болу себептерін ашып көрсетіп, тәрбиеленуі қиын балаларға сипаттама береді және оларға педагогикалық әсер етудің жолдарын көрсетеді. Осыған қарамастан, «қиын» балаларды тәрбиелеу мәселесі педагогика, психология және криминалистика ғылымдарының әлі де болса толық зерттелмеген мәселесі болып отыр [9]. Көптеген ғалымдар қиын бала мәселесі туралы өздерінің еңбектерін жазды. Атап өтсек қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Л.С. Выготский (1928) еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А.С. Макаренконың, С.Т. Щацкийдің, П.П. Блонскийдің, В.Н. Мясичевтің тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Мәселен, бұлардың ішінде В.Н. Куфаевтың еңбегі назар аударарлық. Ол «қиын» балалардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады, «өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әр түрлі себептерге байланысты өз мінез-құлқының ерекшелігіне қарай мұндай балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуді талап етеді», - деп көрсетеді.
Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді психологиялық жақтан бақылап зерттеу туралы М.А. Алемаскин - тәрбиелеуі «қиындар» проблемасы көп факторлы құбылыс, бұл проблеманы педагогтар, психологтар және заң қызметкерлері зерттеуі қажет, - деп жазады [10].
Девианттық мінез-құлық теориясының зерттеуіне Ш.К.Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлес қосты, ол мынадай тақырыпта «Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік мәселелері» және оның монографиялары. Бұл еңбектерде автор - девианттық мінез-құлық дегеніміз мінез-құлық актісі деп әділдікпен айтады, ол адамдардың іс-әрекеттері немесе өмір салттары, арнайы қоғамда қабылданған әлеуметтік өлшемдер мен заңгерлік негіздегі салдарлы қағамдық санкцияларды бұзатын іс-әрекеттерді айтамыз. Берілген анықтама біріншіден, осы мінез-құлықтың барлық көріністерін қамтиды, екіншіден аутқуды, тек ресми жағынан ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтік өлшемдердегі бейресми аутқитын мінез-құлық формаларында қарастырады; үшіншіден, санкцияның әртүрлін қамтиды, олар көбінде өздері девияцияға алып келеді-ол топтық аутқудан, қоғамдық жақтырмауға және толығымен қоғамнан бөліп тастауға алып келетін санкциялар.
Бірақта девиянттық мінез-құлықтың критерииін анықтау өзгеруде, бұл жағдайда біз бір іс-әрекетті девианттық немесе оған жатқызбауымызда мүмкін, яғни ол әртүрлі қоғамдарда салт дәстүрлерге, өмір шарттарына байланысты өзгеірп отырады. Әлеуметтік үдерістердің динамикасы, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарындағы тоқырау жағдайлары девиациялық үдерістердің өсуіне алып келеді. Олар өлшемнен ауытқитын мінез-құлықтың өлшемдерінен көрініп отырады [8].
Әлеуметтік толығырақ анықтамасын беру үшін, аномалды сұрағаның негізіне мән береміз. Алғаш рет аномалды түсінігін қабылдаған әлеуметтанушы Э. Дюркгейм. Аномалды түсінігін ол «Индивидтің мінез-құлқының анық реттеушілік үдерістері, моральдық вакуум, ескі өлшемдер мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым-қатынаста жоқ қоғамдық жағдайды қарастырады».
Ал қазіргі кезеңдегі автор В.Д. Плаховтың пікірінше аномалдылық таза күйінде кездеспейді, себебі кездейсоқ кездесетін үдерістердің ішінде бірнеше ықтималдылық заңдылықтар кездесіп отырады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарағанда, ауытқулық мінез-құлыққа айқынырақ түсінік З.А. Раевскаяның зерттеулерінде берілген, ол мінез-құлықты девиантты деп атайды да, мектептік және өнегелілік өлшемдерге сай емес деп береді. Мұндай түсүндіруде, автордың пікірінше, девиантты мінез- құлықтың криминалдықтан айырмашылығы құқық өлшемдерін бұзуды жорамалдамайды, ал аномалдылықтан айырмашылығы – ол тек психикалық жағынан сау жеткіншектерге тән. Мұндай мінез-құлықтың қалыпты белгілері ретінде ғалым жағымды қызығушылық және ұмтылыстың болмауын, тәртіпсіздігін, дау-жанжалға бейімдігін, қырсықтығын, ашу-ызашылығын, қоғамның жақтырмауын көрсетеді.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқына қатысты өзінің сыртқы көріністері бойынша деликвенттікке ұқсайды, алайда қылмыстық заңдылықтар аясына кірмейді. Бұл «қылмыстық жазаланбайтын заңбұзушылық сипатына ие болатын, қабылданған өлшемге қарсылас мінез-құлық». Конның И.С. анықтауынша, девиантты мінез-құлық-бұл «құқық, мәдениет немесе моральдың жалпы қабылданған өлшемдерден ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі». Е.Д. Дедков және Е.Г. Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған әлеуметтік өлшемдерден ауытқыған мінез-құлық. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді ұсынатын, қылмысты мінез-құлық болып табылады. Осылайша, «девиантты мінез-құлық» және «деликвенттік мінез-құлық» түсініктері теңдес болмайды, өйткені индивид мінез-құлқындағы бұзылулардың түрлі дәрежедегі көрсетулерді білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларды анализдеу және зерттеу негізінде девиантты мінез- құлық феноменін біз психикалық жағынан сау индивидтің қоғамдағы оның белгілі бір даму кезеңінде қалыптасқан өлшемдер мен ережелерге сәйкес емес, немесе қарсы іс-әрекеттері немесе жеке қылықтар жүйесі деп өзімздің анықтамамызды ұсынамыз.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін ашу – диалектикалық бірлікте шығатын биологиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты оған себепші болатын факторлар жиынтығының рольін ұғынуды талап етеді. Фактор ретінде біз белгілі бір жағдайда себепке айналып, қандай да бір үдеріс немесе құбылыстың ағудың қажетті шарты бола алатын қозғаушы күшті түсінеміз. Жеке тұлғаның дамуындағы факторлардың салыстырмалы салмағы ғалымдармен бірдей түсіндіріледі. ХХ ғасырдың ортасындағы бейәлеуметтік тұжырымдамалардың танымал авторлары биологиялық факторларға: дене құрылысына (У.Шелдон), физикалық ерекшеліктерге (Ч. Ломброзо), мінез-құлықтың белгілі бір көрсетулеріне адамның генетикалық бейімі (А. Геззел), Д. Бромлей, А. Айзенк және т.б. шешуші мағына береді. Нейрохирургия мен генетика (Э. Уилсон, С. Джефери) жетістіктеріне сүйенетін қазіргі биологизаторлық теориялар, сәтсіз балалармен тәрбие жұмысында пайдаланатын биопсихикалық, психотерапиялық және медициналық көмек әдістерін өңдеуге арналған негіздемелер болды. Алайда мұндай әдістер шектеулі мүмкіндіктерге ие және өз бетімен белсенді емес педагогикалық әсер етуінсіз жеткіншектің девиантты мінез-құлқының алдын-алу бойынша жұмысы нәтижелілігін қамтамасыз ете алмайды.
Белгілі бір ғылыми қызығушылық психологиялық бағытты көрсетеді, олардың авторлары ауытқушы мінез-құлықтың әлеуметтік тамырларына сілтейді (Е.П. Белинская, С. Беккер, Ф. Танненбаум, У. Томас және т.б.). Олардың ойынша девианттықтың дамуын қоздыратын басты факторлардың бірі «әлеуметтік таңба», ол индивидті «тәртіпті бұзушылармен» алдын-ала теңдестіруден тұрады. Бұл ғылыми бағыттың өкілдері девиантты мінез-құлықтың дамуын қоғамдағы өзгерістермен түсіндіреді, олардың нәтижесінде бұрынғы бағыттар өздерінің мағынасын жоғалтады, ол өз алдына қоғамның қайта ұйымдастырылуына әкеледі, оның барысында біреулері ескі өлшемдер мен бағалықтарын ұстанса, екіншілері – жаңадан пайда болғандарын ұстанады.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының детерминация үдерісіне тікелей әсер ететін биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеудің жүйелі тәсілі назарға ие бола алады. Біздің пікірімізше, жүйелі зерттеулер ғана зерттелетін үдеріске шынайы шарттарды ғылыми қамтамасыз етудің объективті суретін бере алады. Осындай тәсіл жоғарыда көрсетілген тұжырымдамалар анализінің негізінде ғалымдар мінез-құлық формаларының құрылу барысында өзара әрекет ететін сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (психологиялық) факторларды бөліп көрсете алады. Осыдан шығар қорытынды, әлеуметтану ғылымында төмендегідей заңдылық орнатылған: біріншіден, сыртқы факторлар ішкі факторлар арқылы әрекет етеді сонымен өздерін анықтайды; екіншіден, ішкі факторлар сыртқылары арқылы әрекет етеді де өздерін өзгертеді.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысы жеткіншектерді әлеуметтендіру үдерісінде жүзеге асады. Бұл феноменның мәні жеке тұлға мен қоғамның айланысына сілтей отырып, ғалым жеке тұлға дамуының ішкі үдерістері мен сыртқы шарттарымен өзіндік байланысатын «дамудың әлеуметтік жағдайы» туралы айтады. Бұдан шығатын нәтиже, индивид ортамен белсенді түрде өзара қарым-қатынаста бола тұрып, бұрын меңгерілген тәжірибе мен қажеттіліктерге сай болатын стереотип, өлшемдер, мінез-құлық ережелеріне, бағалы бағыттар мен т.с.с. байсалды ерекше мән бере отырып, таңдаулы қоршаған шындықтың маңыздыларын меңгереді. Демек, жеткіншек жеке тұлғасының әлеуметтену үдерісіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және медико-биологиялық факторлардың қайта балануы кейде тәрбиешілердің көңілін басты мәселеден, «психологиялық парыз бен құзыретінің мәселелерінен жасырады» басқа жаққа аударады. Алайда, бұл факторларды дұрыс бағаламау да дұрыс емес, өйткені қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шарттары жағымсыз төтенше орталық әсерінің айтарлықтай күшеюіне әкеледі. Макроортаның жағымсыз факторлары жұмыссыздық, кедейлік, жергілікті соғыстық жанжалдар, миграция, қылмыстың өсуі және т.с.с. құбылыстар көрсетілген. Мезоортаның сәйкес факторларына халықтың мәдениет дәрежесінің төменділігі, күрделі экологиялық жағдай, күрделі тұрмыс жағдайы, ауданда тұрудың жалпы қиыншылықтары жатады.
Бірқатар жағдайда жеткіншектерде девиантты мінез-құлықтың түрлі формаларына әкелетін дамып келе жатқан жеке тұлғаның дезадаптациясының көзі болып табылатын микроортаның жағымсыз факторлары ретінде отбасы мен мектеп сияқты екі әлеуметтік маңызды институттар шығады. И.Д. Фруминның пайымдауынша, мектеп ең маңызды әлеуметтік символ ретінде көріне отырып, өте жиі «әлеуметтенудің күрделі қызметін орындай алмайды. Мектеп пен бала бір-біріне агрессивті болады». Жеке мұғалімдердің немесе сынып жетекшілерінің жеткіліксіз педагогикалық-психологогиялық біліктілігі, олардың жеткіншек жеке тұлғасын жоюы, педагогикалық әдептіліктің жоқ болуы – мұның бәрі «мағыналық және эмоциялық бөгетке» әкеледі. Мінсіз бейнені құрып, педагогтар, Б.Н.Алмазовтың пайымдауынша, оқушыны сол бейнеге «ендіруге» тырысады, бұл сәтсіздікке әкеп соғады. Жеткіншектің өзін-өзі бағалауына, табиғи белсенділігін, экзистенциалды таңдауын жоққа шығару нәтижесінде оның базалық қажеттіліктерінің дамуына кедергі болады. Төбелес, ұрлық, қаңғыбастық, есірткелік, жезөкшелік және т.с.с. девиантты мінез-құлықтың түрлі формалары арқылы жүзеге асыру жолдарын іздеу мұның нәтижесі болып табылады.
Жеткіншектің жеке тұлғасының қалыптасу бастамасы ретінде оның өзін дамуту және детерминациялауын мойындау, ғалымдардың пікірінше, мінез-құлықтың алдын-алу үдерісін оптимизациялаудың бай әлеуетіне ие. Алайда дамып келе жатқан жеке тұлғаның өзін-өзі түсіну және растау мүмкіндіктері шексіз, өйткені «кең тараған ата-ана махаббатының айтылғандығының жеткіліксіздігі», отбасында «күштеп» тәрбиелеу, авторитарлық мектеп әрқашан да балаға өзін-өзі білуде керекті педагогикалық көмекті көрсете алмайды, оған осы үдерістердің сөнуіне немесе деформациясына себепші болады.
Мінез-құлықтық әрекет, ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, «күні бұрын шешу», немесе афференттік синтезбен алдын алады. Бұл кезеңде индивидтың психикасында төрт басты: «қазіргі кезде доминанта болып тұрған мотивация, қазіргі кезге сәйкес келетін, жағдайлық афферентация, жіберу афферентациясы және жады» сияқты компоненттердің өзара байланысуы жүріп жатады. Мінез- құлықтың әрекеттің қозғаушы күші ретінде белгілі бір іс-әрекет жасау алдында жеткіншектің базалық қажеттілігін көрсететін доминанта болып тұрған мотивация болады. Бұл қажеттілік келесі мінез- құлықтық әрекеттердің ішкі «жіберу механизмі» болады.
Сезінетін қажеттілікті іске асыру үдерісі жеткіншектің жадысына, оның субъективті тәжірибесіне қарау қажеттілігіне себеп болады. Субъективті тәжірибе фактілері белгілі бір жағдайдағы қажеттілікпен теңестіріледі, оның нәтижесінде осы қажеттілікті іске асыру құралдары мен әдістері, жолдары туралы ақпарат тәжірибесінен таңдау басталады. Мысалы, белсенді араласудың табиғи қажеттілігі девиантты мінез-құлықты жеткіншектің асоциалды бағыттағы құрбыларының тобына кірудің қозғаушы күші болуы мүмкін, өйткені субъективті тәжірибе бойынша сау әлеуметтік ортада бұл қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін болмайды .
Мінез-құлықтық әрекетті жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін ол жүзеге асатындай сыртқы шарттар кешенінің маңызы бар. Сондықтан, бұл шарттар туралы ақпарат та жеткіншектің субъективті тәжірибесінде сақталуы тиіс.
Осылайша, мінез-құлықтық әрекеттің «күні бұрын шешу» кезеңінде ненің және қалай (қандай құралдардың көмегімен, қандай шартта) қажет екені белгілі болуы керек және бұл қажеттілік қанағаттандырылуы керек.
Алайда девиантты жеткіншектерде мінез-құлықтық әрекеттің нәтижесі әдетте бастапқы қажеттілікті қанағаттандыру байланысты болмайды. Мұндай жағдайдағы себептер ретінде ғалымдар төмендегілер белгіленген:
Бастапқы қажеттілікті қанағаттандыруа керекті жолдар мен құралдарды таңдауға мүмкіндік бермейтін субъективті тәжірибенің кедейлігі;
Мінез-құлықтық әрекетті жүзеге асыру мақсатының дұрыс болмағандығы;
Жеткіншек бастапқы қажеттілікті дұрыс құрастырмаған және анықтамаған.
Аяғында, күні бұрынғы шешім мінез-құлықтық әрекет орындау кезеңдер қалыпты және күткен нәтиже шықса да, жеткіншек шынайы қанағатты сезінбейді, өйткені бастапқы қажеттілікке қатысты шешім қате қабылданған.
Көрсетілген девиантты мінез-құлықтың субъективті факторлары дамып келе жатқан жеке тұлғаның қарым-қатынасы арқылы іске асатын өзара байланысты, өзара себепші болатын және өзара әрекет ететін компоненттердің жүйесі болып табылады. Бұл қарым-қатынастар, Б.Ф. Ломовтың пікірінше, жеке тұлғаның субъективті әлемін анықтайтын «ұйытқысы» рольінде шығады.
Осылайша, жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының мәнін жан-жақты және терең зерттеу ғана оның алдын-алу үдерісі үшін тиімді әлеуметтік жағдайлар жасау негізінде жақтан заңдылықтарды, байланыстарды, тәуелділіктерді көрсету мүмкіндігін ашады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет