Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет47/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Айыппұл салу. Айыппұл - ҚР ҚК-нің 41-бабында көзделген шекте
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық 
бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 
белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе құнына 
еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу. 
Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің 
жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін – айлық есептік 
көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде, ал Қылмыстық кодекстің 
366, 367 және 368-баптарында көзделген қылмыстар үшін Қылмыстық 
кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында белгіленген 
мөлшерде белгіленеді. Айыппұл мөлшерін жасалған қылмыстық құқық 
бұзушылықтың ауырлығын және сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере 
отырып, сот айқындайды. 
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды 
төлеуден жалтарған жағдайда, қылмыстық заңның 43 және 45-баптарының 
ережелері ескеріле отырып, ол бір айлық есептiк көрсеткiш үшін қоғамдық 
жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық 
есептiк көрсеткiш үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға 
ауыстырылады. 
Қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған 
жағдайда, қылмыстық заңның 46-бабының ережелері ескеріле отырып, ол төрт 
айлық есептiк көрсеткiш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен 
бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бұл ретте қылмыстық заңның 366, 
367 және 368-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыппұл осы 
Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы шегінде бас 
бостандығынан айыруға ауыстырылады. 
Түзеу жұмыстары. Түзеу жұмыстары дегеніміз – сотталған адамның 
жалақысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және 
қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық 
есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде мемлекет 
кірісіне ақша өндiрiп ала отырып, оны негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке 
тарту және ол сотталған адамның жалақысының (ақшалай үлесінің) жиырмадан 
қырық пайызға дейінгісін ай сайын мемлекет кірісіне аударып отыру арқылы 
орындалады. Түзеу жұмыстары қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық 
есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар 
үшін айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде 
белгіленеді (42-бап). 
Бұл жазалау шарасы қылмыстық заңдарда орын алып отырған 
адамгершілік принциптерінің бір көрінісі. 
Ол онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бірақ 
қоғамнан оқшауламаса да түзелу мүмкіндігі бар адамдарға соттардың бас 
бостандықтан айырумен байланысты емес жаза тағайындауына мүмкіндік 
береді. Еңбекке қабілетсіз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе 


62 
өндірістен қол үзіп оқу орындарында оқитын адамдарға түзеу жұмыстары 
тағайындала алмайды. 
Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған 
жағдайларда, қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның 
орындалмаған бөлігі – Қылмыстық кодекстің 43 және 45-баптарының ережелері 
ескеріле отырып, бір айлық есептік көрсеткіш үшін қоғамдық жұмыстардың бір 
сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш 
үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға, ал қылмыс үшін 
тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі Қылмыстық кодекстің 46-
бабының ережелері ескеріле отырып, төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас 
бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға 
ауыстырылады. 
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту 
көзделген. ҚР ҚК-нің 43-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған 
адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы 
жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы 
органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді. 
Қоғамдық жұмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 
белгілеген қылмыстық теріс қылық үшін қолданатын жазаның түрі болып 
табылады, ол Қазақ ССР-ның бұрынғы қылмыстық заңында жоқ еді. 
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамдық жұмыстардың түрлерін жергілікті 
атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді
олар жазаны орындаушы органға – қылмыстық-орындаушы инспекцияға 
мұндай жұмыстардың қажеттігін хабарлайды. 
Испекция сотталғандарды жұмысқа жібереді. Сотталғандар қоғамдық 
жұмыстарды өздері тұрған жерде жасайды. 
КР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпкер сотталған бабының санкциясында 
қарастырылған болса, қоғамдық жұмыстар жазаның негізгі түрі ретінде ғана 
қолданылады. 
Қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар, жасалған қылмыс үшін 
қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындалса, және жазаның өтелмеген 
бөлігін жұмсақ жазамен ауыстырған жағдайда қолданылады. 
Бұл жаза мерзімді жазалар қатарына жатады. Ол сотталған адам қоғамдық 
жұмыста болған сағатпен өлшенеді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан үш жүз 
сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді. 
Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан үш жүз сағатқа дейiн белгiленедi 
және сотталған адам оларды өтеу уақытына негізгі жұмыс орны бойынша еңбек 
міндеттерін орындаудан босатыла отырып не оқудан бос уақытында күнiне 
төрт сағаттан асырылмай, ал егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны 
болмаса және ол оқуда болмаса – күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына 
қырық сағаттан асырылмай өтеледi.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті 
атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда 


63 
ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы 
ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады. 
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген сот 
үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен 
бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады. 
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды 
сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. 
Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру 
қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды. 
Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде пробация 
қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен 
бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді. 
Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған 
кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы 
ұсыну енгізеді ( 57-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі 
№ 234-V). Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда осы Кодекстің 45-
бабының ережелері ескеріле отырып, олар қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты 
үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады. 
Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас 
балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп 
отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс 
үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы 
мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет