Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
 
 
13 Тақырып: Жазаның түсiнiгi және мақсаттары 
 
Мақсаты: жаза ұғымы және белгілерін, жазаның мақсаттарын 
түсіндіру 
 
Жоспар: 
1.Жазаның түсiнiгi 
2.Жазаның мақсаттары 
1. Жазаның түсiнiгi. Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда 
көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, 
оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық 
немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі 
ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы 
қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде 
істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, 
оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары 
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, 
конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен 
мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен 
кауіпсіздігін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайды.
Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және 
қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады. 


58 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей 
аныктама береді: " Жаза дегенiмiз ─ сот үкiмi бойынша тағайындалатын 
мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны 
үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары 
мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу 
болып табылады" (ҚК-тің 39-бабы). Бұл анықтамада жазаның негізгі 
белгілерінің жиынтығы берілген. 
2.Жазаның мақсаттары. Жазаның мақсаттары деп мемлекеттің жаза 
тағайындау, оны қолдану мен іске асыру арқылы қол жеткізуге ұмтылатын ең 
шегіне жеткен, ақтық әлеуметтік нәтижелерін айтамыз. 
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық 
заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы). 
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану 
қызметінде маңызы зор. Нақты адамға катысты жазаның түрін, мөлшерін 
анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа 
алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті 
емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін 
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған 
адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа 
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 
қолданылады. 
Олай болса жазаның төмендегідей мақсаттары болады: 
а) әлеуметтік- әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталушыны түзеу; 
в) сотталған тұлғаны жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан 
сақтандыру (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты); 
в) басқа тұлғаларды қылмыс; 
г) басқа тұлғаларды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан алдын 
алу (жалпы сақтандырудың мақсаты). Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек 
жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік 
әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасайды. 
Түзеу дегеніміз - адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін 
қасиеттерді жою. Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта 
қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс 
қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Жазаны орындау барысында 
сотталған адамның көзқарасы, сенімі, жақсы жаққа қарай өзгерсе - түзеу 
мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан 
қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс 
ықпал болғандықтан жасамайды. 


59 
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты - арнайы (жеке) алдын алу мақсаты. Оның 
мәні де, мазмұны да - сотталған адам тарапынан жаңа қылмыстық құқық 
бұзушылықты болдырмау. Қылмыстық құқық бұзушылықтан алдын алу 
шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады 
Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды 
мақсат етпейдi. 
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам 
тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң 
талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтан арнайы сақтандырудан оның 
айырмашылығы - мұндағы мақсат ылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 
жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, 
тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған 
жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, 
қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі 
қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ойы бар адамдарды одан бас тартуға 
итермелейді. 
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, 
қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген 
жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың 
жаза тағайындауында, үшіншіден – тағайындалған жазаның орындалу 
процесінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет