Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, 
дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк 
наградалардан айыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, 
сол сияқты Қазақстан Республикасының Президентi берген арнаулы, әскери, 


68 
құрметтi немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi 
немесе бiлiктiлiк сыныбы бар адамды қасақана қылмыстық құқық бұзушылық 
жасағаны үшiн соттаған кезде сот үкiм шығарғанда сотталған адамды осы 
наградалардан, атақтардан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен 
немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсыныс енгізе алады, ал сыбайлас 
жемқорлық қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне 
ұсыныс енгiзеді. 
Жазаның бұл түрі сотталған адамға моральдық-психологиялық жағынан 
әсер етеді, оны бұрынғы қызметі үшін алған, өзі мақтан түтып жүрген ерекше 
белгілерінен айырады, белгілі бір жеңілдіктерден, артық құқықтардан айырады, 
соттылықтың өзіне қарағанда ұзақ уақыт материалдық залал шегеді. Сонымен 
катар қосымша жазаның бұл түрі соттылық жойылғаннан кейін де, оның 
болашақ кәсіби қызметін шектеуі мүмкін.
ҚР ҚК 50-бабы белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр 
қызметпен айналысу құқығынан айыруға байланысты. Белгiлi бiр 
лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру 
мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр 
лауазымдарды атқаруға не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен 
айналысуға тыйым салудан тұрады. Белгілі бір лауазымды атқару немесе 
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан он жылға дейінгі 
мерзімге белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде 
тағайындалады және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі 
басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және 
оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында 
мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері 
мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық 
холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс 
беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне 
тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының 
(қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі 
заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады. 
Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу 
құқығынан айыру, егер сот жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға қауiптiлiк 
дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр 
лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының 
сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi 
бабында тиісті қылмыстық құқық бұзушылық үшін қосымша жаза ретінде 
көзделмеген жағдайларда да тағайындалуы мүмкiн. 
Бас бостандығынан айыруға, қамаққа алуға қосымша жаза ретінде осы 
жазаны тағайындау кезінде, ол негiзгi жазаны өтеудiң барлық уақытына 
қолданылады, бiрақ бұл ретте оның мерзiмi бас бостандығынан айырылған, 
қамаққа алынған кезден бастап есептеледi. Жазаның басқа негiзгi түрлерiне 


69 
қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр 
қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ 
жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде оның 
мерзiмi үкiмнің заңды күшiне енген кезінен бастап есептеледi. 
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының 
шегінен тысқары жерге шығарып жіберу ҚР ҚК 51-бабында көрініс тапқан. 
Онда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының 
шегiнен тысқары жерге шығарып жіберу осы адамның Қазақстан 
Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене 
отырып, сотталған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан 
Республикасының шегінен тысқары жерге бақыланатын кетуі арқылы 
орындалады.
Қосымша жаза түрі ретінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды 
Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жіберу осы 
Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана 
тағайындалуы мүмкін және ол негізгі жаза түрі өтелгеннен кейін орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет