Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет51/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Жазаның қосымша түрлері. Қосымша жаза - негізгі жазамен 
салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану 
жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады. 
Қосымша жазаны қолданғанда мынадай талаптар сақталуы тиіс: 
- қосымша жазаның өзінше тағайындалуы мүмкін емес, ол тек жазаның 
негізгі түрлерімен бірге тағайындалады
- қосымша жазалар неғүрлым ауыр қылмыстар жасалғанда, және заңда 
көрсетілген жағдайларда негізгі жазаларға біріктіріледі.


67 
Заң бойынша қосымша жаза қолданылуы мүмкін емес адамдарға олар 
тағайындалмайды. Мысалы, бас бостандығынан айыруға шартты түрде 
сотталған адамның мүлкін тәркілеуге болмайды. 
Қосымша жаза негізгі жазадан қатаң болуға тиіс емес, олай болған 
жағдайда негізгі және қосымша жазаларды үйлестіру принципі ақталмайды, 
қосымша жазаның түрі негізгі жаза сияқты болуға тиіс емес, бұл жағдайда 
жазаның бір түрі, өзінің заңда рұқсат етілген мерзімі немесе мөлшері жағынан 
үлғайған болып саналады. 
Басты жазалау элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін 
қосымша жаза тағайындауға болмайды (мысалы, белгілі бір лауазымда істеу 
құқығынан айыруды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға 
қосымша ретінде). Егер жасалған қылмыс сараланатын заң міндетті түрде 
қосымша жаза тағайындауды көздесе, мундай жазаны қолданбау ҚК-тің тиісті 
бабында көзделген жағдайларда ғана орын алады (осы қылмыс үшін 
қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындағанда). 
Мүлікті тәркілеу. Мүлікті тәркілеу- сотталған адамның меншігіндегі
заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 
мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы 
болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің 
меншігіне айналдыру (ҚР ҚК-нің 48-бабының 1 бөлігі). 
Тәркілеуге мынадай: 
1) заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен 
табыстарды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде 
алынған ақша мен өзге мүлiк және осы мүліктен алынған кез келген табыс; 
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлiк пен 
осы мүліктен алынған табыстар ішінара немесе толығымен ауыстырылған 
немесе айналдырылған; 
3) экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты 
қаржыландыруға немесе өзге де қамтамасыз етуге пайдаланылатын немесе 
арналған; 
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып 
табылатын ақша және өзге мүлiк жатады. 
Егер осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке 
кіретін белгілі бір затты тәркілеу осы затты тәркілеу туралы сот шешімі 
қабылданған кезде оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де себептері 
бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес 
келетін ақшалай сома тәркіленуге жатады. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 15-
бөлімінде көзделген жағдайларда мүлікті тәркілеу соттың шешімі бойынша 
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет