Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау (60-бап.)



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
 
6. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау (60-бап.). Егер 
сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге дейiн 
жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот соттың соңғы үкiмі 
бойынша тағайындалған жазаға соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның 
өтелмеген бөлiгiн толық немесе iшiнара қосады. 
Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жазаны, егер ол бас 
бостандығынан айырумен байланысты болмаған жағдайда, Қылмыстық 
кодекстің Жалпы бөлiгiнің осы жаза түрi үшiн көзделген ең жоғары мерзiмнен 
немесе мөлшерден асыруға болмайды. 
Үкiмдердiң жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегi 
түпкiлiктi жазаны жиырма бес жылдан асыруға болмайды. Егер үкiмдердiң 
жиынтығына адам жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте жиырма жылға дейінгі 
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген ең болмағанда бір 
аса ауыр қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған үкiм кірсе, онда бас 
бостандығынан айыру түрiндегi үкiмдер жиынтығы бойынша түпкiлiктi жазаны 
отыз жылдан асыруға болмайды. Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір 
бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, онда 
түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім 
жазасы түрінде тағайындалады. 
Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза жаңадан жасалған 
қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазадан да, соттың 
алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiнен де артық болуға тиiс. 
Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде жазалардың 
қосымша түрлерiн қосу қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы 
бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жүргiзiледі. 
7. Шартты түрде соттаудың түсiнiгi. Егер сот бас бостандығынан айыру 
түрінде жаза тағайындағанда сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн 
деген түйінге келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы 
шығарады (63-бап.).Шартты түрде соттауды қолдану кезінде сот жасалған 
қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, кінәлі адамның жеке 
басын, оның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын 
мән-жайларды ескередi.Шартты түрде соттауды тағайындау кезінде сот 
Қылмыстық кодекстің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша бас 
бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне, ал кәмелетке 
толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау 
белгiлейдi.Шартты түрде сотталғандағы пробациялық бақылау кезеңінде онша 
ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты қайталап жасаған кезде де 


78 
кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.Шартты 
түрде соттау кезiнде мүлiктi тәркiлеуден басқа, шектеулердің және жазаның 
қосымша түрлерi тағайындалуы мүмкiн.Шартты түрде соттау кезiнде кәмелетке 
толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы 
мүмкiн. 
Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде, 
адамды аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, 
экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас 
балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін соттаған кезде 
адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды. 
Шартты түрде соттаудың күшiн жою (64-бап.) Егер шартты түрде 
сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi өткенге дейiн өз мінез-құлқымен 
өзiнiң түзелгенiн дәлелдесе, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын 
органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшiн жою туралы 
және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау туралы қаулы шығара 
алады. Бұл ретте шартты түрде соттаудың белгiленген мерзiмiнiң кем дегенде 
жартысы өткен соң оның күшi жойылуы мүмкiн. 
Шартты түрде сотталған адам: 
1) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың 
құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-
қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшiн өзіне 
әкiмшiлiк жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған; 
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) не 
дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген немесе пробациялық бақылауды 
жүзеге асыратын органға хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырған; 
3) қылмыстық теріс қылық жасаған жағдайларда, сот пробациялық 
бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша пробациялық бақылау 
мерзімін ұзарта алады, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады. 
Шартты түрде сотталған адам соттың оған жүктеген міндеттерін 
орындамаған не осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды 
қайталап жасаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген 
органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою және сот 
үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді, ал кәмелетке 
толмаған сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау мерзімін қайтадан 
ұзарта алады, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады. 
Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде – 
абайсызда қылмыс не онша ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде 
сотталған кәмелетке толмаған адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа 
қылмыс жасаған жағдайларда, шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе оны 
күшінде қалдыру туралы мәселенi сот жаңа қылмыс үшiн жаза тағайындаған 
кезде шешедi. 
Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде – 
ауырлығы орташа қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал 
кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, 


79 
сот шартты түрде соттаудың күшiн жояды және оған үкімдердің жиынтығы 
бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды. ҚК 64-
бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жаза осы қағидалар 
бойынша тағайындалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет