Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазадан



Pdf көрінісі
бет56/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
 
3 Белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазадан 
гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындау. Белгілі бір қылмыстық құқық 
бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау 
шарттары ҚК 55-бабында көрініс тапқан. Мұнда егер Қылмыстық кодекстің 
Ерекше бөлігінің адам кінәлі деп танылған бабында немесе бабының бір 
бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның негізгі 
түрі көзделсе, адамды: 
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін 
соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркiмен өтеген, 
моральдық және өзге зиянды қалпына келтірген жағдайда; 
2) Қылмыстық кодекстің 218 (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және 
(немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)), 248 (Мәмiле жасауға немесе 
оны жасаудан бас тартуға Мәжбүрлеу) және 249-баптарында (Рейдерлiк ) 
көзделгендерді қоспағанда, экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны 
үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен 
өтеген жағдайда, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. 
Жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай 
болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімін немесе 
мөлшерін Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген 
жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң: 
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – 
жартысынан; 
2) ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екiсiнен; 
3) аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен асыруға болмайды. 
Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері, сондай-ақ процестік 
келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылық үшiн жазаның мерзімін немесе мөлшерін Қылмыстық 
кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң 
түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға 
болмайды. 
Іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның 
қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінез-


75 
құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi 
дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты 
топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-
әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, Қылмыстық кодекстiң Ерекше 
бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы 
мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн 
тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн 
қолданбауы мүмкiн. 
Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың 
жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн. 
ҚК 55 бабының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-
жайлар болған кезде, жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті 
бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет