78
кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.Шартты
түрде соттау кезiнде мүлiктi тәркiлеуден басқа, шектеулердің және жазаның
қосымша түрлерi тағайындалуы мүмкiн.Шартты түрде соттау кезiнде кәмелетке
толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы
мүмкiн.
Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде,
адамды аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс,
экстремистік қылмыс, қылмыстық
топ құрамында жасалған қылмыс, жас
балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін соттаған кезде
адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.
Шартты түрде соттаудың күшiн жою (64-бап.) Егер шартты түрде
сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi өткенге дейiн өз мінез-құлқымен
өзiнiң түзелгенiн дәлелдесе, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын
органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшiн жою туралы
және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау туралы қаулы шығара
алады. Бұл ретте шартты түрде соттаудың белгiленген мерзiмiнiң кем дегенде
жартысы өткен соң оның күшi жойылуы мүмкiн.
Шартты түрде сотталған адам:
1) қоғамдық
тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың
құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-
қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшiн өзіне
әкiмшiлiк жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) не
дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген немесе пробациялық бақылауды
жүзеге асыратын органға хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырған;
3) қылмыстық теріс
қылық жасаған жағдайларда, сот пробациялық
бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша пробациялық бақылау
мерзімін ұзарта алады, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Шартты түрде сотталған адам соттың оған жүктеген міндеттерін
орындамаған не осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды
қайталап жасаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген
органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою және сот
үкімімен тағайындалған жазаны
орындау туралы қаулы етеді, ал кәмелетке
толмаған сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау мерзімін қайтадан
ұзарта алады, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде –
абайсызда қылмыс не онша ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде
сотталған кәмелетке толмаған адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа
қылмыс жасаған жағдайларда, шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе оны
күшінде қалдыру туралы мәселенi сот жаңа қылмыс үшiн жаза тағайындаған
кезде шешедi.
Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде –
ауырлығы
орташа қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал
кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда,
79
сот шартты түрде соттаудың күшiн жояды және оған үкімдердің жиынтығы
бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды. ҚК 64-
бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жаза осы қағидалар
бойынша тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: