96
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды
адамның психикалық жай-күйi өзгерiп,
бұрын тағайындалған шараны
қолдануда қажеттілік болмай қалған не медициналық сипаттағы өзге
мәжбүрлеу шарасын тағайындауда қажеттілік туындаған кезде сот жүзеге
асырады.
Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған
жағдайда, сот мәжбүрлеп емдеуде болған
адамға қатысты қажеттi
материалдарды оны емдеу немесе психоневрологиялық ұйымға жiберу туралы
мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына
беруi мүмкiн.