3. Теміржол тасымалдауы - көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы аясында ең маңызды келісімдердің бірі болып «Жүкті және жолаушыны теміржол тасымалдауы туралы» Берн конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн конвенциясын қайта карау конференциясында жаңа халықаралық теміржол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты.
КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті кабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау өтемақысы үш есе етіп қайтарылады.
Біздің Қазақстан Республикасында 2001 жылы 8 желтоқсанда «Теміржол көлігі туралы» Заң қабылданды. Осы Заңның 65-бабына сәйкес: «жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру қүжатына (билетіне) сәйкес поезде орын беріп, оны баратын жеріне жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті».
Тасымалдау жәніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады.
4. Автокөлік тасымалдауы -жол жүру ережелері 1949 жылғы 19 кыркүйектегі Жол жүру белгілері және сигналдар туралы хаттамалармен реттеледі. Сонымен қатар, 1975 жылы қабалданған халықаралық жүкті тасымалдау туралы Кеден конвенциясы қолданылады.
Еуропалық елдер арасындағы жүкті халықаралық автокөлікпен тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жүкті халықаралық жол жүру шарты туралы Конвенциясымен реттеледі.
Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен үшінші түлғаға зиян келтіруде кепілдік беруді қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Осылайша автокөлік хабарламаны үйымдастыру туралы келісімдер бойынша, яғни екі жақты, автокөлік тасымалдауында, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру міндетті түрде қарастырылуы қажет.
Мүндай жағдайды қарастыру жауапкершілікті айқындау кезінде үлкен рөлге ие болып табылады. Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туын-дайтын қүкықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны қүрайтын элементтерді карастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дүрыс.
Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Француз зандылығында: тасымалдау шарты бойынша тек кана жүкті өткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік әрекеттеледі.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді. Кейбір елдердің ұлттық зандылығында және халықаралық келісімдерінде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктер бойынша егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе орындалғандығына байланысты залал келтірген жағдайда қолданылмайды деп карастырылған. Тіпті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті бекітуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бұзылуына немесе зақымдануы). Бүл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша кұрылады.
Тасымалдау кезінде арақашыктықты аныктау және көліктің маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымалдаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісімшартта белгіленген жағдайда жүзеге асырылады.
Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау бір тарап тасымалдаушы жолаушыны айтқан жеріне дейін жеткізуге, ал екінші тарап жолаушының белгіленген тарифі бойынша соманы толеуге міндеттенеді. Жолаушыны тасымалдау шарттының тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Жолаушыны тасымалдау автобустарда жол жүру билетімен рәсімделеді. Ағылшын күқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт қүжат болып табылады. Бірақ та, кала ішіндегі билет бүл жолаушының билет акысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттін, мазмүнына кейбір ерекше талаптарды қояды.
Жолаушы қүқықтары:
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті
жағдайларда алып жүруге күкылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін
ақысыз алып жүруге құкылы;
тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға
тапсыруға қүкығы бар;
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті
жағдайларда алып жүруге күкылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін
ақысыз алып жүруге құкылы;
тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға
тапсыруға қүкығы бар.
Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де ие. Онын, негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады, Жолаушылардың жол акысын телеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы телеуіне міндеттенеді. Тендеме жүкті тасымалдау күқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудың ішкі тасымалдаудан ерекшелігі:
1. жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
2. жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халыкаралық тасымалдау шарты аркылы халықаралық тасымалдау деп, - бекітуге болады;
3. халықаралык тасымалдауда ұлттык валютадан баска шетелдік валюта қолданылады;
4. халықаралық тасымалдаудың қайнар кездері ретінде халықаралык конвенциялар, үлттық зандар, халықаралык әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде бекітіледі. Тасымалдау шартында әр түрлі құкыктык субъектілер катысады. Халықаралык тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және занды түлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымаддауға мүдделі және осы тасымаддау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын түлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік күралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы түлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік үйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген үғымның өзі эволюцияға үшырады.1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді.
«Қазақстан Республикасының Келік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы — бүл меншік қүқығы негізінде немесе басқа да зандылық негізде көлік қүралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды үсынатын жеке немесе занды түлға. Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында тендеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік кағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік күралын жөнелтуді кідірткені немесе мүндай көлік күралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалык және қала маңы катынастарындағы тасымалдауды коспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу табиғи апат немесе жол апаттарынан болғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілеріндебелгіленген мөлшерде айыппұл тәлейді.
Жолаушы көлік күралы женелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға ақысын толық көлемде кайтаруға, сондай-ақ жолаушыға кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді, былайша Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр түрлі қарастырған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымадау теңдеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің талаптары келік конвенцияларында накты көрсетілген. Бір ескеретін нәрсе, көрсетілген халықаралык келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана зандылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және шыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзге де адамдар анықтайды, не алып тастай алмайды. Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын күқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт қүжат болып табылады. Бірақ та, кала ішіндегі билет бүл жолаушының билет акысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралықтасымалдауда да тасымалдау шар-тын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттін, мазмүнына кейбір ерекше талаптарды қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |