Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с


ОБCӨЖ №3 Сабақтың тақырыбы



бет6/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ОБCӨЖ №3

Сабақтың тақырыбы


Қаңқа жүйесі, аяқ қаңқасы.

Сабақтың мақсаты Студенттерді аяқ қаңқаларының құрылыстарымен таныстыру оларды әртүрлі аяқ сүйектерін анықтай білуге сипаттауға үйрету.


Сабақтың мазмұныАяқ қаңқалары: белдеу және еркін аяқ сүйектері. Аяқ сүйектері .

Төменгі белдеу қаңқасы.Жамбас сүйегі, құрылысы оны құрайтын бөлімдер.Мықын сүйегі денесі,қанаты,қыры,ойысы,остері,сызықтары,буын беттері.Шонданай сүйегі денесі,бұдыры, бұтақтары,ойығы.Шат сүйегі денесі,симфиздік беті, бұтақтары,сызықтары. Жамбас сүйегінің жалпы детальдары,ұршық ойысы, қолсұғар тесік,шекаралық сызық.Еркін аяқ сүйектері қаңқасы. Ортан жіліктің құрылысы ,басы ,мойны,Сегізкөз- мықын буыны. Еркін қимылды аяқ сүйектері мен аяқ бақайшақтары . Олардың құрылысы. Аяқ буындары. Сирақ сүйектері, асық жілік, асық жілік шыбығы, олардың айдаршықтары, буын беттері, шеттері, тобықтары, басы және мойындары. Аяқ басы сүйектері олардың бөлімдері. Толарсақ сүйектері, саны ,пішіні және атаулары, табан сүйектері, құрылысының детальдары. Саусақ бақайшақтары.



Оқу материалы қаңқа, жамбас сүйегі,ортан жілік,сирақ сүйектері: асық жілік, асық жілік шыбығы,аяқ басы сүйектері:толарсақ сүйектері, табан сүйектері,саусақ бақайшақтары.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар

Оқулықтардағы және лекция конспектілеріндегі «Остеология» тақырыбындағы текстермен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып ,аяқ сүйектерін танып-білу.Жоғарғы және төменгі белдеу қаңқаларының құрылысының ортақ жоспар құрылысына жоғарғы белдеу қаңқасының тұйықталмағандығына,солсебепті қимыл еркіндігін қамтамасыз етедіндігіне көңіл бөлу.Формалары әртүрлі сүйектерді тауып, тұлға қаңқасы сүйектерінің байланысу тәртібіне көңіл бөлу. Студенттер кез келген түтікті сүйектің құрылысында анық бағыт-бағдарлай біліп олардағы проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиздерді таба білу керек. Апофиздердегі шеміршек ұлпасының болуына көңіл бөлінуі керек. Сондай-ақ, білек сүйектері мен сирақ сүйектерінің бір-біріне қатысты орындарына көңіл бөлінуі керек. Еркін аяқ-қол қаңқасы сүйектерінің құрамынан қысқа және сесам тәрізді сүйектерді бөліп көрсету керек. Барлық білезік және толарсақ сүйектерінің аттарын білу керек және оларды көрсете білу керек. Жамбас сүйегінің құрылысына ерекше көңіл бөліп оның бөлімдерінің шекараларын көрсетуге қабілетті болу керек. Сүйектердің байланысу типтерін жақсы біліп, үлкен және кіші жамбастың құрылысы жөнінде оның қабырғалары мен апертуралары жөнінде толық түсінік болуы керек.



Бақылау сұрақтары

Аяқ қаңқасының бөлімдері


Жамбас сүйегініңұрылысы

Ортан жіліктің құрылысы

Сирақ сүйектерінің құрылысы

Аяқ басының сүйектерінің құрылысы

Аяқ сүйектерінің байланысу түрлері

Негізгі және қосымша түсініктер Аяқ белдеулері, еркін белдеу сүйектері, ұштары, шеттері, бұрыш, қыр, проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиз, шығыройық, айдаршық, айдаршықүсті төмпектер,сүйек аралық қырлар, бақайшықтар, синостоз, қанат, бұтақ, төмпешік, сай, терминальды сызық, жамбас, ұршық, тобық.

ОБCӨЖ № 4

Сабақтың тақырыбы


Қаңқа жүйесі, бас сүйек қаңқасы. Ми сауыты сүйектері.
Сабақтың мақсаты Студенттерді бас сүйегінің

Қаңқасының ми сауыты сүйектерін анықтауға

Және сипаттауға үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бас сүйек қаңқасын зерттеу.

Ми сауыты, оның сүйектерінің саны және орналасуы.

Маңдай сүйегі, әрбір бөліктерінің негізгі детальдары. Қабыршақты бөлімі,шеттері, маңдай дөңестері, маңдай қойнауы, қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз бөлімі: көз жасы безінің сайы, мұрын бөлімі, апертуралар, маңдай қойнауы, торлы ойынды. Самай сүйегі, негізгі детальдары.

Қабыршақты бөлімі, шеттері, шықшыт өсіндісі, буын шұңқыры және төмпегі. Дабыл бөлімі: сыртқы есту түтігі, қуыстары. Тасты бөлімі: пирамида: ұшы, негізі, үш беті, доға тәрізді қыраты, барабан қуысының шатыры, тасты синус сайы, ішкі есту түтігі, біз тәрізді өсінді, біз-емізін тесігі, емізін өсіндісі. Шүйде сүйегі, негізгі детальдары. Қабыршақты бөлімі: шеттері, сыртқы және ішкі шүйде өсінділері, үш шүйде сызықтары. Латеральды бөліктері айдаршықтары, шүйде тесігі. Негізгі бөлімі: жұту төмпегі, ылди. Төбе сүйегі: төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы.

Сына сүйегі: негізгі детальдары. Денесі, қыры, дөңесі, түрік ерінің арқасымен ойысы, гипофиздік ойыс. Үлкен қанаттары : самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері. Кіші қанаттары : көз және ми беттері. Жоғарғы көз саңылауы, көру жүйкесінің каналы. Медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы.

Тор сүйегі : көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы.

СӨЖ- ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Бас сүйек қаңқасын танып –білу үшін, ең алдымен, жеке сүйектерді олардың бөлімдерін бөліп алған жөн. Одан соң әр бөлімнің жеке детальдарын сыртқы бетінен бастап ми бетіне қарай қарастыра беру керек. Оқулықтардағы мәтіндермен жұмыс істеп атлас кітабынан бүтін бас қаңқасындағы жеке ми сауыты сүйектерін тауып алу керек. Әр бір жеке сүйектің құрылысын зерттеу қажет. Маңдай сүйегінің құрылысы мен пішініне аса маңыз аударып, адамға ғана тән маңдай дөңесіне аса көңіл бөлу қажет. Аса күрделі сүйектер ретінде самай сүйегі мен сына сүйегіне көп көңіл аударып, самай сүйегінің есту және тепе- теңдік мүшесі орналасқан орын екендігін атап өту орынды. Емізік өсіндісінде ауа қуыстары барлығын атап кету керек. Жұмыс барысында студент берілген сүйектің басқа қандай сүйектермен байланысатындығын есте сақтау керек.



Оқу материалы : Бүтін бас сүйек қаңқасы, бас сүйектің горизонтальды кесіндісі, жеке ми сауыты сүйектері.

Бақылау сұрақтары :

Ми сауытының жалпы сипаттамасы.

Маңдай сүйегінің құрылысы.

Самай сүйегінің құрылысы


Шүйде сүйегінің құрылысы

Төбе сүйегінің құрылысы

Сына сүйегінің құрылысы

Тор сүйегінің құрылысы



Негізгі және қосымша түсініктер:

Бас сүйек қаңқасы, ми сауыты, ауа қойнаулары, веналы қойнаудың сайы, пирамида, үстірттер, қуыс шатыры, ылди, киль, қанаттар, қармақ, саңылау, ұяшық, шытырман, мұрын кеуілжірі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет