Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет9/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құқықтық қатынастар.


Жоспар


  1. Құқықтық қатынастар түсінігі, оның белгілері мен түрлері.

  2. Құқықтық қатынастардың құрылымы, субьектілері.

  3. Құқық қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілігі, реликт қаббілеттілігі, құқықтық тәтртебе.

  4. Құқық қатынастарының пайда болуы, өзгеруі және тоқтауының заңды себептері.

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас обьективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғитқа қатынасы болады.

Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барллық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізгілікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым – қатынастар әр-түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері.
Құқықтық қатынастар – құқықа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез- құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субьективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде, аяқталады. ҚР азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валюттаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым- қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).

Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

Құқықтық субьектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі:

Құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.

Құқықтық субьектілердің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттігі деп аталады.


Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік, аппарат – мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. “Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.” (АК – 33 б)

Құқықтық қатынастың обьектісі – қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым – қатынастар. Материалдық дүние – заттар, рухани – шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субьектілердің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері – құқық қатынастарының обьектілері.

Субьективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субьектілердің екі жақты мүде – мақсаттарының орындалуы. Субьективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.


23 – Тақырып

Құқықты жүзеге асыру.

Жоспар


  1. Құқықты іске асырудың түсінігі, нысаны мен әдістері.

  2. Құқықты қолданудың белгілері. Мен ерекшеліктері.

  3. Құқықты қолданудың субьектілері.

  4. Құқықты қолдану актілерінің түсінігі мен түрлері.

Құқықтық нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескеріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс - әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде – мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзінде асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.

Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек заңды іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен (заңды тим салынған істерді жасамау.) байланысты. Құқықтық нормаларды іске асыруда субьектілер екіге бөлінеді: мемлекет, оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың іске асуы нормативтік актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады.

Құқықтық нормалар мемлекеттік органдардың, адамдардың, қоғамдағы ұйымдардың қарым-қатынастары, іс-әрекетері арқылы орындалып жатады. Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшелікттері:

а) құқықтың әлеуметтік мазмұнына сәйкес қоғамның даму процесін дұрыс реттеп, дұрыс басқаруға мүмкіншілігінің барлығы.

б) нормативтік актілерде көрсетілген іс-әрекеттерді дұрыс, уақытында орындауды қамтамасыз ету механизмінің барлығы. Ол механизм кезеңдері:



  1. Заңды нормаларды белгілеу құқықтық реттеудің негізі.

  2. Құқықтық қатынастың мазмұнын және субьектілерін анықтау.

  3. Субьективтік құқық пен заңды міндеттердің дұрыс орындалуы туралы акті жасау.

Құқықтық нормаларды іске асару түрлері:

  1. Норманың мазмұнына қарай орындау үшке бөлінеді: норманың мүдде – мақсатын орындау: жалпы міндет – қағидаларын орындау; нақты құқықтық қатынастағы нақты норманы орындау.

  2. Норманы іске асырудағы қатынастың субьектілеріне сәйкес орындау түрі екендігі бөлінеді: жекелік және топтық субьектілердің өз құқығын іске асыру. Құқықтық норманы субьектілердің өз мүдде – мақсатын іске асыру, пайдалану.

  3. Нормативтік актілер ерікті түрде орындалмаса, қоғамдық мүдде – мақсат үшін еріксіз іске асару. Оның екі түрі болады: әкімшілік – тәртішілік және қылмыстық жауапкершілік.

  4. Құқықтық нормаларды іске асыруды саяси және идеологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану. Құқықтық нормалардың басым көпшілігінің орындалуы құқықтық қатынас арқылы реттеліп жатады. Бұл нормативтік актілерді іске асырудағы, ең көлемді, ең күрделі түрі. Құқықты іске асырудың әдіс - тәсілдері:

- нормативтік актілердің басым көпшілігінің ерікті түрде орындалуы (бұл заңның сапалы шығуының және жақсы тәрбиенің, білімнің нәтижесі);

    1. мемлекеттік аппараттың бақылауы арқылы орындалуы:

    2. үгіт - насихат арқылы нормалардың іске асуы.

    3. Рухани сана – сезім көтеру арқылы нормалардың орындалуын жақсарту.

5. Субьектілердің норманы іс жүзінде асыру іс-әрекеттері төрт түрге бөлінеді: сақтау, орындау, пайдалану қолдану.

Сақтау – нормаларда тыйым салған іс-әрекеттерді субьектілер бұлжытпай орындауға міндетті. Бұл құқықтық қатынастарды реттеп, орындаудағы субьектілердің пассивттік тәртібі немесе заңды әрекетсіздігі. Мұны тыйым салынған нормалардың бұлжытпай орындау нысаны деп атайды.

Орындау – субьектілердің нормада көрсетілген міндеттерді толық орындауды қамтамасыз етуі. Мұнда субьектілер белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мұндай іс-әрекеттерді норманың орындалуының міндетті нысаны деп атайды.

Пайдалану – субьектілердің ерікті түрде нормативтік актілер арқылы өз мүдде – мақсаттарының орындалуын қамтамысыз етуі. Бұл заңда тыйым салынбаған барлық іс-әрекетті жасауға адамдардың еріктілігі.

Осы көрсетілген үш түрде нормативтік актілер қатынастағы субьектілердің өздерінің іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен орындалып жатады. Бұл процесті құқықтық норманың тікелей іс-жүзіне асырылуы, орындалуы деп атайды.

Құқықтық нормаларды қолдану тек мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмысы. Олар өз құзырының көлемінде ғана басқаруға құқықты. Қоғамдық ұйымдар мемлекет рұқсат берсе ғана құқықтық нормаларды қолдануларына болады. Мысалы, кәсіпшілер одағы өз жұмысында еңбек туралы заңның баптарын қолданады.

Демократиялық мемлекетте нормативтік актілерді қолдануда қатаң тәртіп болады: кім қандай заң қолданады, неге себебі, уақыты, орны толық көрсетілуге тиіс. Осы мәселелердің, сұрақтардың бәрі мемлекеттің бақылауында болады. Мемлекеттік органдар жеке адамдардың және заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына кіріспейді, оларға толық бостандық беріледі.

Мемлекеттік органдардың бұл қатынастарға кіруге болатын жағдайлар: егерде қатынасты орындау барысында субьектілердің бірін-бірі түсінбеушілігі болса; екі жақты құқықтары мен міндеттерінің дұрыс орындалуын тексеру керек болса.

Құқықтық нормаларды қолдану кезеңдері:


  1. Істің нақты мазмұны мен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, субьектілерін анықтау.

  2. Қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру.

  3. Іс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау, және осы рәсімдеу шешімді мүдделі тұлғаларға органның бақылауында болады.

Мемлекеттік органның құқықтық норманы қолдануда үш функциясы болады:

    1. нормативтік актілерді қолдану арқылы қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару.

    2. нормалардың орындалуын қамтамасыз ету.

    3. нормалардың дер уақытында іске асуын қорғау.


24 – Тақырып

Нормативті актілерді талқылау.

Жоспар:


  1. Нормативтік – құқықтық актілерді талқылау, оның түрлері.

  2. Құқықты тталқылау субьектілері. Конституциялық Кеңес, Жоғарғы соттың пленумы, нормативтік актілерді шығаратын органдар.

  3. Нормативті актілердің уақыт, кеңестік ішінде және адамдар шеңберіндегі әрекеті.

  4. Нормативті актілерді жариялау тәртібі.

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен мазмұны.

Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті - құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет – ғұрып, мораль діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.

Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде – мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың “Атасы” – деуге болады. Заңның белгі – нышандары:


    1. заң парламентте немесе жалпы халлықтық референдумда қабылданады;

    2. заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады:

    3. заң арнауллы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті);

    4. заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды:

    5. заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамдағы мүдде – мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзінде асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа да талаптары қалыптасады.

Сот билігінің актілері – Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.

Қоғамның обьективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келіп де, қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осыан алуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әр түрлі әдіс – тәсілдері болады.

Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация: Инкорпорация – нормалардың мазмұнын өзгертпей сала-салаға бөліп, альфавит бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері;



  1. ресми инкорпорация - мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жасауға болады.

  2. бейресми инкорпорация - жеке және заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды.

  3. хронологиялық инкорпорация – норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;

  4. жүйелік инкорпорация – құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау; бұл маңызды жиналыс (свод законов). Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері

  1. Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте бекітіледі.

  2. Жинақтың басалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.

  3. Жинаққа қоғамдағы ескірмеген, заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналды.

Мұндай тәжірибе – заңдар жинағын жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қазіргі кезде ҚР хронологиялық және жүйелік жинақттар жасау үшін барлық нормативтік актілерді сала- салаға топтастырып, реттеп, тізім жасап жатыр.

Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.

Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, ол қылықтары толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас кодекс болып шығады.

Нормативтік актінің түрлері

Заңдылық күшіне қарай нормативтік актілер екіге бөлінеді

Заңдар


Заңға тәуелді актілер


Қоғамдық өмірдің күрделі мәселелері бойынша қабылданады.



Заңнан туатын, заңды орындау барысында қабылданатын актілер


Айрықша заң шығару жолымен бекітіледі



Мемлекет басшысының нормативтік жарлығы

Заңды парламентте немесе референдум арқылы бекітеді



Үкіметтің нормативті қаулысы

Министрліктер және ведомстволардың нормативтік актілері


Заңды мемлкеттің басқа органдары өзгерте алмайды




Заң – құқықтық жүйенің негізі болады



Жергілікті басқару мемлекеттік аппараттың нормативтік шешімдер

Заңның түрлері: - конституциялық -жай заңдар


Төтенше заңдар






25 – Тақырып

Құқықты реттеу механизмі.

Жоспар

  1. Құқықтық реттеу механизімінің түсінігі, негізгі элементтері, кезеңдері

  2. Құқықтық реттеу механизіміндегі құқық нормаларының ролі.

  3. Құқықтық реттеу механизімінің маңыздылығы.

Адамдардың тәртібі заңды көзқарас тұрғысынан екіге бөлінеді құқықтық тәртіп және құқыққа қарсы тәртіп (заңды және заңсыз тәртіп). Заңды тәртіптің белгі - нышандары:



    1. әлеуметтік маңыздылығы;

    2. сананың, бостандықтың бақылауындағы тәртіп;

    3. құқықтың шеңберіндегі тәртіп:

    4. мемлекеттің бақылауындағы тәртіп:

    5. тәртіптің заңды нәтижелері.

Заңды тәртіп – адамдардың ішкі ойын, мақсатын қоғамдағы нормативтік актілерге сәйкес іс - әрекетке айналдыру. Бұл процестің мазмұны екі түрге бөлінеді: біріншісі – іс - әрекеттің құқықтық нормалар ықпалымен жасалуы; екіншісі – ол іс - әрекеттердің қорытынды нәтижесі заңды болуы.

Әлеуметтік – саяси тұрғыдан заңды тәртіптер, іс - әрекеттер қоғамға өте қажет, онсыз өмір болмайды. Қоғамдағы қатынастардың басым көпшілігі заңды іс - әрекет арқылы іске асып, орындалып жатады. Оларға заңды қорытындылар жасалып, адамдарды, ұжымдарды, ұйымдарды мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар жиі-жиі марапаттап жатады. Заңды тәртіпке қорытынды жасаудың тәсілі:



    1. қоғамдық қатынастағы адамдардың нормативтік актілерді білу сауаттылығына көңіл аудару:

    2. олардың сол нормаларға, талаптарға көзқарасын білу;

    3. заңды іс-әрекеттің себебін анықтау;

    4. іс - әрекеттің заңды элементтерін анықтау: обьект, обьективтік жағы, субьект субьективтік жағы.

Заңды іс - әрекеттің, құқықтық тәртіптің өзінің ішкі және сыртқы дамуының сан қырлы заңдылықтары болады, оның түрлері:

1) Заңды тәртіптің сапасы мен мөлшері:

2) Жақсы мінездемелердің мазмұны мен көлемі.

3) Аджамдардың, ұжымдардың белсенділігі, орындалған істің қорытынды нәтижесі.

Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, марапаттаудың түрлері анықталады.

Мемлекеттік – құқықтық реттеудің механизмі - қоғамдық қатынастарды реттеу мемлекет пен құқықтың негізгі әлеуметтік функциясы. Сондықтан бұл функцияны орындау механизмінің маңызы өте зор. Мемлекеттік – құқықтық реттеу механизмінің (МҚРМ) қызметінің түрлері:



    1. барлық керекті материалды жинап алу:

    2. оларды жүйеге, салаға топтау;

    3. қатынастың негізгі мазмұнын, түрлерін анықтау;

    4. қатынастың негізгі қағидаларын анықтау:

    5. қатынасты реттеу сапасын жақсарту бағыттарын, жолдарын көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығын жақсарту.

Мемлекеттік - құқықтық реттеу механизмі сан қырлы процесс, оны әртүрлі қырынан зерттеуге болады. Бұл механизм екі түрлі қарама – қарсы элементтен тұрады: біріншісі - ықпалдың әдіс тәсілі: ерік беру және тыйым салу, жағымды міндеттеу (белсенді жағы); екіншісі – іс – жүзіне асыру әдіс – тәсілі адамдардың іс - әрекеттері немесе әрекетсіздігі (нәтижелі жағы). Бұл белсенді және нәтижелі жақтардың арасында аралық буындары болады – субьективтік құқық, заңды факторлар, құқықтық қатынастар, олар құқықтық нұсқауларды орындаудың кезеңдерін белгілеп іс – жүзіне асырудың әдіс – тәсілдері анықтайды. (Ерік беру, тыйым салу, міндеттеу тәсілдері). Механизмнің күрделі түрлері: Мемлекеттік – құқықтық реттеу механизмінің кезеңдері:

    1. мемлекет пен құқықтың бірлігі және олардың байланысы заңды нормалардың іс - әрекеттерін жүйеге келтіру кезеңі;

    2. заңды құқықтық қатынастың, субьектінің құқықтары мен міндеттерінің басталу кезеңі:

    3. ол субьектінің қатынастағы өз құқықтары мен міндеттерін өз іс - әрекеттерімен орындау кезеңі.

Осы мемлекеттік – құқықтық реттеу механизмінің кезеңдерінде шешілетін мәселелер: қатынастың заңдылығын және қандай нормамен реттелетінін анықтау, норманы қолдану актісін және қатынастағы құқық пен міндеттерін орындалуы туралы акті жасау (екі акті жасалды). Реттеу механизмінің процесінде мемлекеттің қатысуы екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – орталықтандырылған реттеу (жоғарыдан төмен қарай реттеу), бұл көбінесе әкімшілік құқықта қолданылады: екіншісі – үйлестірілген реттеу – субьектілердің ерікті түрде шартты қарым – қатынас жүргізуі. Бұл әдіс көбінесе азаматтық құқықта қолданылады. Құқықтың басқа салаларында осы әдіс – тәсілдердің өздеріне ұнаған қолдануға болады. Орталықтандырылған реттеу әдісіне көбінесе тыйым салу және міндеттеу болады, ал үйлестірілген реттеуде - іс әрекет ерікті түрде жүргізіледі.

26-тақырып

Құқық және заңды мінез құлық

Жоспар:


  1. Құқыққа сай мінез құлықтың түсініг және белгілері.

  2. Құқыққа сай мінез құлықтың құрамы: обьективті және субьективті жақтары.

  3. Құқыққа сай тәртіптің түрлері.

Мемлекеттік аппараттың жақсы, сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның барлық саласында қатаң тәртіп болу қажет. Оны әр мемлекет өздерінің заңдары, қаулылары, ережелері, нұсқаулары арқылы реттеп, тиісті тәртіп қалыптастырып отырады. Мысалы, халықтың өкілдік органдарының жұмыс регламенті, мемлекеттік органдардың қызметінің ережелері, жалпы халықтық сайлау жүргізу ережелрі, мұрагерлік мәселелерін шешу ережелері, т.б. нұсқау құжаттар. Осы нормативтік актілер, нұсқауларға сәйкес әр мемлекеттік аппарат өз жүйесіндегі органдардың қызметінің жоспарын, бағдарламасын жасап отырады. Сол арқылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға алып, сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.

Мемлекеттік аппараттың қызметтері санқырлы болады. Оның жеңіл және күрделі түрлері болады. Мысалы, азаматтық актілер беру, (адамның тууы, өлуі үйленуі туралы құжаттар), нотарилдық кеңседе әртүрлі құжаттар растап – бекіту т.б. Бұл қызметтер жеңіл іс-әрекеттер. Ал, азаматтық қылмыстық құқықтағы істерді жан – жақты обьективтік тұрғыдан тексеру, ол істерді сотта қарап, әділетті үкім немесе шешім шығару өте күрделі процесс.

Сондықтан мемлекет күрделі қызметтер мен істер туралы арнаулы ережелер, кодекстер, заңдар қабылдап отырады. Мысалы, азаматтық процессуалдық, қылмыстық – процессуалдық кодекстер. Мемлекеттік аппараттың қызметтерінің жеңіл ауыр, күрделі түрлеріне қарамай, бәрі де іс - әрекетпен дұрыс, сапалы қарауды қамтамасыз етпесе, онда тиісті мемлекеттің органы іске араласып, заңдылықты, құқықтық тәртіпті реттеуге және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуға міндетті.

Заңды қызметтердің іс - әрекеттердің атқаруының мемлекеттің бекіткен заңды нысандары болады, оны бұлжытпай орындау барлық органның, лауазымды тұлғаның міндеті. Бұл міндеттерді орындауға барлық азаматтар, ұйымдар, ұжымдар, партиялар тиісті, сапалы үлес қосулары өте қажет. Себебі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті тұрақты, сапалы процеске айналдыру барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті.

Заңды процесс дегеніміз – қоғамдағы барлық заңды іс - әрекеттерді нормативтік актілер арқылы реттеп, басқарудың нысандарының топтасқан түрі. Заңды процесс бірнеше кезеңдерге бөлініп, әр кезеңнің өзіне тән іс -әрекеттері болады. Мысалы, азаматтық құқық процесінде жеті кезең болады:

1. сот процесін қозғау:

2. істі соттың қарауында дайындау:

3. сотта істі қарау;

4. істі кассециялық инстанцияда қарау:

5. істі бақылау – қадағалау инстанцияда қрау;

6. жаңадан белгілі болған жағдайда сәйкес істі қайтадан қарау:

7. соттың шешім- үкімін міндетті түрде орындау.

Осы кезеңдердің әрқайсысында міндетті түрде үш элемент болуы қажет:

а) кезеңнің міндет –мақсаты;

б) ол мақсатты орындау үшін іс - әрекеттің ерекшеліктерінің болуы;

в) заңды құжаттардың ерекшеліктері.
Заңды тәжірибе – мемлекеттік органның әлеуметтік – құқықтық тәжірибелерді жинақтап – сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар жасау қызметі. Заң тәжірибесінің белгі - нышандары:


  • Қоғамды құқықтық басқару процесінде әлеуметтік тәжірибе бірте – бірте заң тәжірибесінде айналуы:

  • Заң тәжірибесі адам қоғамының даму процесінде мәдениеттің негізгі салаларының күрделі бағыты болып қалыптасуы. Мысалы, көне Рим республикасының заң тәжірибесі кейінгі дәуірде мемлекеттерге көп әсер етуі;

  • Заң тәжірибесі қоғамдық, ұжымдық, ұйымдық іс - әрекеттің нәтижесінде тексеріліп, анықталып өмірге келеді;

  • Заң тәжірибесінің даму процесінде қоғамда материалдық, саяси, әлеуметтік құбылыстар, өзгерістер болып соған сәйкес заңды нәтижелі қарым – қатынастар туып нормативтік актілердің, өмірге келі, іске асу процесінің сапасын жақсартады;

Заң тәжірибесі қоғамның барлық саласына әсер етіп оның даму процесін шапшаңдатады немесе бәсеңдетеді.

Сонымен заң тәжірибесінің қоғамның құқық жүйесінде атқаратын қызметі өте күрделі, көп салалы.

Қоғамдағы барлық нормативтік актілерді қолдануда, іске асыруда орындалуында көптеген жақсы жақсы тәжірибелер қалыптасады, сонымен бірге кемшіліктер де анықталып жатады. Өмірде оларды сараптап, кемшіліктерді түзеп, жақсы тәжірибелерді пайдалану заңды процесс. Сөйтіп заңға тәуелді актілерді шығару, қабылдау, бекіту жұмыстарын жақсартып, құқықтық нормалардың сапасын жақсартып отырады. Бұл істің маңызы өте зор.

Заңды тәжірибелердің түрлері:



    1. заңды тәжірибелердің түрлері

    2. заңды, заңға тәуелді актілерді шығарудағы тәжірибе нормативтік актілерді қолданудағы тәжірибе;

    3. нормативтік актілерді іске асырудағы, орындалуындағы тәжірибе;

    4. заңдылықты, құқықтық тәртіпті реттеудегі, бақылаудағы тәжірибе;

Заңды тәжірибенің маңызы:

        1. қоғамның экономикалық, саяси әлеуметтік, экологиялық демографиялық, рухани, мәдени т.б. жұмыстарын жақсартуға зор әсер етеді.

        2. Норманы шығару, қолдану, түсіндіру, қорғау жұмыстарының сапасын жақсартуға үлес қосады.

        3. Норманың нақты жағдайға тигізетін әсеріне қарай заңды тәжірибенің екі түрі болады: тіркелу – куәландыру – субьектілердің өзара қатынасын мемлекеттік органның тіркеп, куәландыру (көбінесе бұл жұмысты нотариалдық органдар жүргізеді). Екінші түрі - реттеп бейімдеу – қоғамдағы қатынастарды бір орталықтан, өлкелік нормативтік және жекелік реттеу, басқару.

        4. Нормативтік актінің уақтына сәйкес тәжірибенің функциясы төртке бөлінеді: түпкілікті, уақытша, негізгі арнаулы.


Тақырып - 27

Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Жоспар


  1. Құқық бұзушылық ұғымы және түрлері.

  2. Құқық бұзушылық субьектілері.

  3. Құқық бұзушылықтың обьективтік және субьективтік жақтары.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден – ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтыр да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез – құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез – құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді.

1). Қылмыс

2). Теріс қылық

Обьектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.

Әрекет - әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субьекті фактор негіз болады.

Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатермен тыйым салынған айыпты әрекет - әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылыс қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзкшылықтарға жіктелінеді.


1. Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет - әрекетсіздік.

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек обьектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.


  1. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталған, әлеуметтік қауіпті әрекет - әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

  2. Азаматтық құқық бұзушылық - азаматтық құқық нормалармен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет - әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты – азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субьектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз – азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.


Құқықты бұзу, оның түрлері

Түсінігі

Қоғамға және жеке адамға зиян келтіретін құқықтық нормаға қарсы кінәлі іс- әрекет



Адамның құқықты бұзуға ыңғайланған әрекеті немесе әрекетсіздігі




Адамның құқықтық нормаға қарсы тәртібі.



ҚҰҚЫҚ бұзудың белгілері


Кәмелетті адамның кінәлі әрекеті





Жеке адамға, мемлекетке, қоғамға зиян келтіру



Әдейі, қасақана, жасалған кінә

-Байқаусыз жасалған кінә


-Өзіне сеніп, жасалған кінә


-Ұқыпсыздықтан жасалған кінә





ҚҰҚЫҚ БҰЗУДЫҢ ТҮРЛЕРІ





Теріс қылық



Тәртіпсіздік

Қылмыс жасау





Әкімшілік тәртіпті бұзу



Азаматтық тәртіпті бұзу

28 – Тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет