Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат


Құқықтық сана және құқықтық нигилизм



бет8/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құқықтық сана және құқықтық нигилизм.


Жоспар

  1. Құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны.

  2. Құқықтық сананың құрылымы және түрлері.

  3. Азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің түсінігі, мазмұны, мақсаттары.

Сана - обьективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен обьективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық -өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.

Қоғамдық сана – обьективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениеттің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз обьектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқықтық нысандары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқықтық тіл де, ал өнер –көркемдік образдармен, мораль – адамдардың мінез - құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моралдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.

Құқықтық идеология дегеніміз - қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономисттер, философтар, тарихшылар т.б. мамандар қатынасады. Құқықтық ідеологія қоғамддағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.

Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның құқықтық сезімін, ақыл – ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңіл –күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып, халықтың сана- сезімін көтеріп, демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Құқықтық сана – сезімнің жүйелері мен түрлері:

1. Қатынастың субектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербестігі болады. Әр жеке адамның сана- сезамі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде, жақсы орташа, нашар дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керісінше, сана- сезімі нашар болса, ол топтан жақсылық күтуге болмайды.


2. Мазмұнның тереңдігіне қарай құқықтық сана – сезім тағы да үшке бөлінеді: күнделікті құқық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана – сезімі олардың рухани, парасаттылық инабаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.

Кәсіпқойлық құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірибесі де мол болғандықтан сана – сезімдері көпшілігінің жоғары дәрежеде болады. Сондықтан құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды.

Қазақстандағы құқықтық сананы жақсарту бағыттары

Қоғамды, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі – еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолданылып, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатысады. Құқықтық сананың заңды мінез – құлық депте атайды. Бұл құқық нормаларрының нұсқауларрына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана – сезамі. Осы сана – сезім арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Құқықтық сана – сезім арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі, түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез – құлық негізінде құрылады. Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық және бәсең (енжар) заңды мінез – құлық.


21 – Тақырып

Құқықтық мәдениет.


Жоспар

  1. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы.

  2. Құқықтық мәдениеттің мазмұны, қызметтеттрі.

  3. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы.

  4. Құқық өркениет пен мәдениет.

Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық инабаттылық, экологиялық құқықтық т.б. мәдениет жүйе – салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте діне дербестікте дамып, қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестікттер, одақтар, ұжымдар зор үлес қосады.

Жоғары деңгейі мәдениетке құқықтық мемлекет жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгей қоғамның экономикасының, саяси - әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Құқықтық нигилизм, оның мазмұны.
Құқықтық мәдениетке қарама – қарсы бағыт-құқықтық нигилизм.

Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б. еуропалық елдерде нигилизм ХІХ – ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизм болашақта – коммунизмде – мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.

Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Мысалы, Ресейдегі патшалық саяси – экономикалық жүйеге демократтардың қарсы күресі (ХІХ ғ.). Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс, тактикасы – күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды - терор, төңкеріс т.б. Бірақ бұл саяси ағындарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.

Құқықтық нигилизмнің түрлері. Нигилизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шымшырақай өзгерістерге айналдырып халықты алдауға өте шебер.

Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:


    1. Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс-әрекеті немесе әрекетсіздікті. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, ұйымдарға, адамдарға моральдық материалдық, зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.

    2. Адамдарды жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп, қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бұзуы. Бүл мемлекеттің әлсіздігі.

    3. Заңдардың арасындағы күрес - соғыс, нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу. Заңдардың, биліктің күресі – соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс-әрекет.

    4. Заңдылықты субьективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға талаптанған ағымдарда өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның обьективті дамуына көп зиян келтіреді.

    5. Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес – қайшылықтар. Мысалы, ҚР Жоғарғы Кеңесі мен Президентінің арасындағы келіспеушіліктер, Жоғары Кеңестің таратылуы.

    6. Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып, көп зиян келтіруі мүмкін, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Ресейдегі Чечне халқына қарсы соғыс.

    7. Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы, марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 - жыл атом қаруын себепсіз дамытып, дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндіреді.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп қазіргі замандағы нигилизмнің негізгі нышандарына тоқтайық:

1. нигилизмнің идеологиясымен уланған адамдардың мемлекеттік аппараттың балық деңгейінде, қоғамдық ұйымдарда барлығы ақиқат - шындық:

2. нигилизмнің сан қырлы сипаттарына түрлері парламентте, Президенттік аппаратта, үкіметте, министрлікттерде, аңды қорғау органдарында көрініп қалып жүр.

3. Нигилистер жамандықтың ең сорақы, қайырымсыз түрлерін қолдануға құмар. Олар керегінде өтірік саяси, оппозициялық ұйым бола қалады. Сөйтіп өздерінің антидемократиялық, қастандық іс - әрекеттерін жасай береді:




22 – Тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет