Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2019ж



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата08.11.2022
өлшемі305.2 Kb.
#464286
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЛекБалЖас.Ждист (pdf.io)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1
. Спорттық дайындықтың барлық көпжылдық жүйесінің негізгі принциптері
2. Перцептивтік қабілеттер
3. Педагогикалық бақылау оқу-жаттықтыру процесі
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті
институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 2006, 236 б.
2.Ботагариев Т.А. Аймақтык ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене
тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және
Ақтөбе облыстарының материалдары негізіңце). п.ғ.д. дисс. авторефераты, Алматы, 2011.
3.Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық
негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 2009. 33 бет.
2-модульдің аты: Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау
ЛЕКЦИЯ №8-№9
Тақырып:

Жеке қабілеттер мен спорт сабақтарын таңдау


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1. Жас спортшылар жаттықтырушысының кәсіби жұмысына қойылатын заманауи
талаптар


2.
Жаттықтырушының кәсіби шеберлігі өз әріптестерінің іс тәжірибелеріндегі озық
тәжірибені талдау барысындағы білімді, іскерлік пен дағдыны көтеру
3.
Жас спортшының дене дайындығы ерекшеліктері туралы білімді кеңейту
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Көптеген зерттеулерде спорттық іріктеудің ілімі мен әдістемесі бойынша (Бриль,
1980; Булгакова, 1986; Шапошникова, 1994) спорттық қабілеттер мен спорттық
дарындылықты бағалаудың арнайы технологиясы қолданылады. Бұндай технологияның
негізгі мазмұны жоғары дәрежелі спортшылардың үлгі сипаттарын зерттеу мен
анықтауда, спорттық нәтижеге ықпал ететін өлшемдердің ақпараттық маңызын зерттеуде,
олардың тұрақтылығы мен генетикалық негізделуінде, сондай – ақ ұйымдастыру
сұрақтарының негізделуінде көрінеді.
Бұл зерттеулердің ілімдік және іс-тәжірибелік маңызы күмән тудырмайды. Алайда
бұндай күрделі мәселелерді әзірлеуде ең алдымен «спорттық іріктеу» ұжымын, сосын
зерттеу пәні мен оның бағытын ескере отырып, оның өлшемдерінің мазмұнын нақты
анықтау қажет.
В.Филминнің пікірі бойынша (1987) спорттық іріктеу ұйымдастыру әдістемелік іс-
шаралар жүйесін қарастырады. Соның негізінде белгілі бір спорт түрінен мамандануы
үшін балалар мен жасөспірімдердің, жастардың қасиеттері мен қабілеттері анықталады.
Зерттеушілер мен іс-тәжірибешілер назарында әрдайым белгілі бір жұмысты орындау
табыстылығын қамтитын, адамның табиғи, анатомо – физиологиялық жеке ерекшеліктері
мен қасиеттері болуы тиіс. Кез-келген жұмыс түрінде, оның ішінде спорттық қимылдар
нәтижесінде жоғары нәтижелерге жету қабілетті, яғни дарындылық пен талантты
көрсетудің жоғары түрлерін көрсетуді талап етеді. Сондықтан «спорттық іріктеу» ұғымын
анықтауда «дарындылық» ұғымын ендірген дұрыс. (Платонов, Сахновский, 1988).
В.Плотонов (1987) спорттық іріктеуді нақты спорт түрлерінен жоғары нәтижеге жетуге
қабілетті дарынды адамдарды іздестіру ретіндегі спорттық іріктеуді қарастырады.
Платонов (1987) спорттық іріктеуді нақты спорт түрінен жоғары нәтижелерге жетуге
қабілетті дарынды адамдарды іздеу ретінде қарастырады. Дарындылық қызметтің жоғары
деңгейіне сүйінетін қабілеттерді үйлестіру деп түсіндіріледі.
Зерттеушілер спорттық іріктеу мен оны зерттеу әдістері мәселесіне деген
амалдардың көптүрлілігі мен қарама – қайшылығы зерттеу пәндерін түрліше түсіну
мәніне қарай негізделеді деп есептейді. Сондықтан спорттық іріктеу жүйесін ары қарай
әзірлеу үшін қабілет пен дарындылық қасиеттер ұғымдарын нақтылау қажет. (спорттық
жұмыс көзқарасы тұрғысынан.). Бір авторлардың пікірінше, туа біткен қасиеттер мен
қабілеттерді үйлестіру болып табылатын (В.Волков, Фимен, 1983; Zaporochanov, Sozahsky,
1997), ал басқалардың пікірінше (Л.Волков, 1973, 1997; L.Volkov, 1996) генетикалық
негізделген морфоқызметтік, моторлық және психофизиологиялық ерекшеліктер болып
табылатын «спорттық дарындылық» ұғымын – анықтауда көптеген қарама-қайшылықтар
байқалады.
Жүргізілген нәтижелері спорттық дарындылықты спорттағы жоғары жетістіктерді
қамтамасыз ететін қабілеттердің үйлесімі ретінде қарастыруға болатынын дәлелдеді.
Жаттықтыру мен жарыс ықпалдары қозғалыс, дене және психикалық қабілет
қасиеттерін дамытады. Қаситеттердің мәнін түсінуге деген амал ең алдымен заманауй
спорт талаптарына негізделген, себебі В.Келлер (1995) мен В.Плотонов (1997) жарыс
жағдайында адамның қимыл дене және психикалық әлеуеті талаптарын зерттеуге
болатынын дәлелдеді. Демек қасиеттердің мазмұнын анықтайтын белгілер туралы
ақпарат қажет, яғни спорттық дарындылықтың негізі болып табылады. Бұндай ақпарат
спортпен айналысудың бастапқы сатысынан бастап жоғары жетістіктерге жету сатысына
дейінгі жас ерекшеліктер ауқымын қамтиды.
Қазіргі кезде спорттың алуан түрлеріндегі нәтижелердегі морфологиялық,
физиологиялық, психофизиологиялық, және басқа да белгілерінің ықпалы туралы


жеткілікті ақпараттар мен спорттық табысқа кепіл болатын көптеген өлшемдердің
генетикалық негізі туралы мәліметтер бар.
Мәселені ары қарай зерттеу өзара байланысқан көптеген құрамдас бөліктердің
белгілі бір құрылымдарын қамтитын дамушы жүйе ретіндегі спорттық дарындылықты
зерттеу талап етеді. Бұндай зерттеу барысында алынған мәліметтер спорттық дарындылық
өлшемдерінің мазмұнын жасауға түбегейлі ықпал етуі мүмкін, яғни мұнда құрылымды
зерттеуді жалпы және арнайы спорттық дайындық ретінде қарастыру қажет. 
Мәселені осылай қоюға байланысты спорт түрлерінен спорттық дарындылықтың
жас ерекшеліктері құрылымын зерттеу бойынша зерттеулер ұйымдастырылды. Зерттеу
бағдарламасына дене қабілеттерінің деңгейін сипаттайтын белгілер өлшемдері
(педагогикалық өлшемдер) жүйке жүйесі мен типтік топтардың негізгі қасиеттерін
бейнелейтін психофизиологиялық көрсеткіштер (психофизиологиялық өлшемдер) мен
антропометрикалық белгілер (соматометрикалық өлшемдер) ендіріледі. Есебі мен талдау
көптік, детерминация көмегімен (пайызбен) жүргізіліп, әрбір өлшемнің спорттық
нәтижелерге жалпы және таңдаулы ықпалдары бағаланды.
Мысал ретінде спорттық жылдамдық – күш түріндегі спорттық дарындылықтың
жас ерекшелігі құрылымын зерттеу бойынша мәліметтерді келтіреміз (жеңілатлетикалық
секірулер)
Зерттеу нәтижелері жас спортшы қыздарда алғашқы дайындық кезеңінде спорттық
нәтижеге дене қабілеттерінің даму деңгейі көбірек ықпал ететінін көрсетті. Мұндағы
жаттықтыру ықпалының әсері өте жоғары, ал жоғары жетістіктер сатысында спорт
нәтижесі көп жағдайда жүйке жүйесінің жағдайына байланысты болады. Егер спорт
нәтижелеріне биологиялық белгілер әсерін кешенді қарастырсақ (соматометриялық және
психофизиологиялық, онда оның бастапқы және жоғары жетістіктер сатысындағы
маңызды ролін айта кеткен жөн 40,0 және 49,3%).
Біршама өзгерек мәліметтер жас спортшылар көрсеткішін талдауда алынды.
Ұлдардағы спорттық дайындықтың алғашқы екі сатысындағы биологиялық белгілердің
спорт нәтижелеріне күшті ықпал еткені байқалды.
Сонымен, зерттеу негізінен генетикалық негізделген биологиялық белгілер
ықпалдары спорттық дарындылық құрылымында жоғары екенін және жас, жыныстық
айырмашылықтары болатынын көрсетті.
Демек, спорттық дарындылықты кешенді зерттеу дайындықтың түрлі
сатыларындағы спорттық іріктеудің өлшемдерінің мазмұнын әзірлеуге арналған
ақпараттарды алуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ спорттық іріктеудің негізгі міндеттерінің
бірі – бұл біріншіден, алғашқы дайындық сатысындағы жалпы спорттық дарындылық
деңгейін, екіншіден, тереңдетілген спорттық мамандану сатысындағы арнайы дарындық
деңгейін анықтау мен бағалауға мүмкіндік береді. 
Жалпы спорттық дайындылық құрылымын зерттеу бойынша нақты міндеттер
қоямыз, атап айтқанда:
1) Жалпы спорттық дарындылық барлық спорт түрлері өкілдерінің қызметін талдау
мен жарыс және жаттықтырудың заманауй талаптары негізінде зерттелуі мүмкін.
2) Үлкен жаттықтыру жүктемелері мен одан кейінгі күшті шапшаң қалпына келтіру
жоғары дәрежелі спортшыға тән. Бұл зор денсаулықты, жоғары жұмыс қабілеті деңгейін
талап етеді, дене қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Дененің құрылым ерекшелігін,
соматотипін және дене бітімін зерттеудің маңыздылығын айта кету қажет.
3) Көптеген спорт түрлеріндегі спорт нәтижесі қимыл қабілетін дамытудың жоғары
деңгейін қамтамасыз ететін тиісті қимыл үйлесімін бұлшық ет сезімталдығын кеңістікті
бағдарлауын және басқа қасиеттерінің дамуын талап ететін жаттығуларды орындау
сапасымен анықталады.
4) Жарыс әрекеті жүйке жүйесі мен көңіл-күй тұрақтылығына, спорттық стресс
жағдайында өз сезімін басқару іскерлігіне қойылатын жоғары талаптарды ұсынады.


5) Спорттық дайындылық спортта жоғары жетістіктерге жетуге арналған қимыл, дене
және психикалық қабілеттерді барынша дамытуға көмектесетін қасиеттерін үйлестіру
ретінде қарастырылады.
6) Спорттық дарындылықты зерттеу тұрақты жоғары спорт нәтижелерін қамтамасыз
ететін өзара байланысқан құрамдас бөліктердің көпшілігі мен белгілі бір құрылымы бар
өзгермелі жүйе ретінде қарастыруды ұсынады.
7) Балалар мен жасөспірімдердің спорт дайындығының алғашқы сатысындағы жалпы
спорттық дарындылықты қимыл және дене қабілеттерін сынау көмегімен, сондай-ақ
соматикалық даму мен көңіл-күй тұрақтылығын бағалау үшін педагогикалық бақылау,
сауалнама, сұрақ-жауап әдістерін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет