Жасап-шығарудың реті. Жасап шығару процесі жаңалықты қажет етеді, және де бұл жаңалық майда-шүйденің ішінде жоғалып кетпеуін, қолданылатын әдіс-амалдарын дұрыстығын қадағалау керек. Қазіргі кезде пайдаланушылардың көпшілігі әртүрлі жүйелерге кіре алады, сондықтан олар жүйелер ауысқан кезде өз жұмыс тәсілдерін ауыстыра қоймайды. Ішінде біркелкі жұмыс істейтін программалық "жанұяларын" дамытқан дұрыс. Бұған, сондай-ақ әртүрлі жүйедегі программалық интерфейстерін жасап шығару үшін қолданылатын стандарттық модульдер библиотекасы мүмкіндік береді. Интерфейс құрудың қабылданған принциптерін пайдалану. Пайдаланушының жұмыс бекеті мен физикалық байланысының, адам мен машинаның қарым-қатынасымен ортақ жағдайлары көп. Сондықтан, жұмыс бекетін жасауға және ұйымдастыруға оңай әкелетін, эргономикадағы жалпылама көптеген ұсыныстары болады. Сонымен қатар, ақпаратты экранда көрсету түрі әртүрлі компьютерлік жүйелерде бірдей емес: графикалық дизайні ақпаратты экранда көрсетілуіне, сөйлемдердің сөздік құрамына, негізгі кілттік элементтерді көрсету тәсілдеріне, деректерді ұсынылуына байланысты болады және т.с.с. Интерфейсті жасаушылар осы принциптерді білулері, және басқа саладан білімдерін өз проблемаларын шешудегі қиындықтарға қолдануға тырысулары қажет. Міндеттерді және пайдаланушыны түсіну. Интерфейсті жасаушы міндеттерді орындауға қажетті есептеу процесін түсініп қана емес, пайдаланушының мақсаты мен міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекетін бағалай білуі керек. Ол жүйенің потенциалды пайдаланушыларының ерекшеліктерін білуі керек. Соңғы жылдары компьютер мен программист арасындағы интерфейсті программалау саласындағы қарқынды атап өту керек.
Пайдаланушыларды тарту. "Пайдаланушыны және оның мақсатын түсіну" нұсқауларын орындаудан, беру оңай. Жүйені жасаушы және аналитик өз жұмысын қолданудың барлық саласын жақсы біледі деп және потенциалды пайдаланушының психологиялық қажетін терең түсіне алады деп күтуге болмайды. Негізгі типтік принциптерінің бірі, аналитиктің болашақ пайдаланушыларға сұрак жүргізу арқылы дерек алуында болады. Керек сұрақтарды жинаудың пайдалы әдісі - өзін жүйемен жұмыс істейтін пайдаланушының орнына қою. Бірақ интерфейстің қолайлылығын бағалаудың бірден бір әдісі - ол іс жүзінде, пайдаланушы дұрыс жұмыс жағдайында, жүйемен қалай қарым-қатынас жасайтынын көріп білу. Интерфейсті жобалау процесі, бірнеше кезеңнен тұратын: Сараптау - жасап шығару - компоновка - іске асыру - сызықтық процессінің өңдеу программасының дәстүрлі көзқарасына қайшы келеді. Іске асыруды үйлестіру. Интерфейстік тәжірибелі үлгілерін өңдеуге әкелетін, олармен пайдаланушылар жұмыс істейтін және де олардың реакциясына қарай керекті өнім пайда болғанша өзгеріп отыратын, интерактивті әдіс-амал керек. Бұл дегеніміз - интерфейстің элементтерін үйлестірудің икемді әдісті қолдану. Бейімделу әдістерін интерфейстің шеңберінде қарау керек. Негізгі принциптер интерфейсті жасау негізін құраса да, олар пайдаланушылардың бәрін қанағаттандыра алмайды. Орташа пайдаланушыға есептелген интерфейстің жасалын шығуы - бұл ең кіші ортақ бөлгішті іздеу сияқгы болады. Тура солай, пайдаланушыларды жасап шығаруға тарту, оның абсолютті қолданғыштығына кепілдік бермейді. Максаттарының жағдайы өзгермесе де, пайдаланушылардың сұранысы, өздері сияқты өзгеріп отырады. Дұрыс жобаланған интерфейс, мысалы, компьютер ойынындағыдай, әртүрлі пайдаланушылардың қажеттілігіне және де бір пайдаланушының жұмысының әртүрлі кезеңіне қарай бұрылып отыруы қажет. Адам - компьютер интерфейсінің бейімделу проблемасы - соңғы кездегі ізденістердің негізгі бағыты.
№5 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |