MS Access ДҚБЖ -де деректердің типтері
Деректер типі
|
Пайдаланушы
|
өлшемі
|
Мәтіндік
|
Алфавитті-цифрлық деректер
|
255 байт
|
Memo өрісі
|
Алфавитті-цифрлық деректер – сөйлемдер, жаңа жол, мәтіндер
|
64 кбайт
|
Сандық
|
Сандық деректер
|
1, 2, 8 және 16 байт
|
Дата/уақыт
|
Дата және уақыт
|
8 байт
|
Ақшалық
|
Ақша суммасы туралы деректер. Үтірден кейін 4 таңбаға дейін
|
8 байт
|
Счетчик
|
|
4 байт
|
Логикалық
|
Логикалық деректер
|
1 бит
|
OLE объектісі
|
Диаграммалар, суреттер және Windows-тың қосымшаларының басқа да объектілері
|
1 гбайт
|
Жұмыстың орындалу реті:
MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе “Менің компьютерім” терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.
“Деректер қорын құру” терезесінен “Жаңа деректер қоры” ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
“Жаңа деректер қоры файлы” терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.
“Деректер қоры” терезесінде “Кесте” батырмасын таңдап, “Құру” батырмасын басыңыз.
“Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.
Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.
Өрістің типін беру үшін «Деректер типі» бағанындағы сәйкес ұяшықты шертіңіз. Таңдалған ұяшықтың оң жағында пайда болатын тізім символын ашып, керекті типті таңдаңыз. Әр өріске қасиеттер беріңіз (қасиеттер тізімі деректердің таңдалған типіне тәуелді болады).
- Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:
байт – 0-ден 255-ке дейін бүтін сандар, сақтау кезінде 1 байт орын алады.
бүтін (целое) – -32768-ден 32767-ге дейінгі бүтін сандар, 2 байт орын алады.
Ұзын бүтін (длинное целое)- -2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі бүтін сандар, 4 байт орын лады.
Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой) (4 байта) – «-3,4*1038-ден 3,4*1038-ге» дейінгі 6 таңбалы дәлдікке дейінгі сандар
Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой)(8 байта) – «-1,797*10308-ден 1,797*10308-ге» дейінгі 10 таңбалы дәлдікпен берілетін сандар
Достарыңызбен бөлісу: |