Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет15/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

Қарлұқ қағанаты (756—940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы 
деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында 
болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй əуле-
тінің тарихында” 581—618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар 
өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ
тайпаларының əуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай мен 
Тарбағатай арасындағы өлке.
VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш
тайпа — бұлақ, шігіл жəне ташлық кірген. Əмудариядан бастап 
Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың 
біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу 
аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн 
қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында
Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. 
Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы 
Қойлық қаласы болды. 
ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарла-
ды. Себебі, Орта Азиядан саманидтер əулеті мен арабтардың ша-
буылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының 
арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған 
күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің 
тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Та-
раз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе ба-
стады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі 
қырқыс, талас-тартыстардың нəтижесінде əлсіреді. Осы жағдайды 
пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы 
Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті 
құлап, Шу аңғарында Қарахандар əулетінің үстемдігі орнайды.
Оғыз мемлекеті (Х—ХІ ғғ.). Қарлұқ қағанатының солтүстік-
батыс жағында, Сырдарияның орта жəне төменгі бойында, оған 
жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ—Х ғасырларда 
Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. 
Əйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша 
Оңтүстік Қазақстанның жерінде, əсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта 
бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік 
тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда 
оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмəн жоқ. Алай-
да VІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне 
байланысты оғыздар Сырдарияның орта жəне төменгі бойына ауа 
бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының 
бірлескен одағының нəтижесінде патриархалды-феодалдық мем-
лекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 
тайпаға бөлінгенін жазады.
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе 
«Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған. Оғыз мемлекеті өзінің 
саяси жəне əлеуметтік құрылысы жағынан көне феодалдық мемле-
кет болды. “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің 
басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын 
күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз əскерлерінің бас 


40
41
қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде 
Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде 
жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты 
басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді. 
Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі 
Святославпен одақтасып хазарларды жəне князь Владимир 985 ж.
оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды 
талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген
ұрыстарының көп жағдайда сəтті болуы, олардың саяси беделін де 
көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп 
мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының əр жерде бас 
көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының 
маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы 
оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. 
Деректерге қарағанда селжұқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан. 
Осы кезде ел басына Əлиханның мұрагері Шахмəлік келіп, мемлекет 
едəуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмəлік 
көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың 
қолынан Хорезм түбінде қаза табады. Селжұқтармен жүргізілген 
көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты əлсіретті. Сөйтіп, ХІ 
ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды 
Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір 
бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір 
бөліктері Қарахан əулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хора-
сан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың 
құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, 
қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын 
қалыптастырушы түріктердің бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет