G↑(немесеТ↓)Y↑C↑Y↑MD↑R↑I↓Y↓
Жиынтық сұраныс
IS-LM моделі AD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. Ал ақша теориясы – AD қисығын жылжытады.
Мысалы, ақша ұсынысының қалыпты жағдайында баға (Р) деңгейінің өсуі пайданың төмендеуіне әкеледі. Ақша ұсынысының МS↑ өсуі AD жиынтық сұраныс қисығының оңға жылжуына әкеледі, ал МS↓ төмендеуі AD қисығын солға жылжытады.
Бірақ қазір AD қисығын шығару және жылжыту үшін ақша теориясын емес, IS-LM моделін қолданамыз. Өйткені IS-LM моделі ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитінін түсіндіріп ғана қоймай, ол тағы теріс көлбеуі бар AD қисығын шығарады.
Ол бағалар деңгейі Р және тұтынушылар, фирмалар және мемлекет сатып алуға дайын өндіріс көлемі Y арасындағы ара қатынастар шкаласын көрсетеді.
Бұл тәуелділіктің графигі AD жиынтық сұраныс қисығы деп аталады (2.1 сурет). Ол Y-P диаграммасында теріс көлбеулі.
AD жиынтық сұраныс қисығын IS-LM моделі арқылы шығаруға болады
М ақша ұсынысы тіркелген болсын, ал бағалар деңгейі Р1–ден Р2–ге дейін өссін. Онда ақшаның нақты қалдықтары М/Р1–ден М/Р2–ге дейін азаяды. Y-i диаграммасында LM қисығы солға-жоғары жылжиды. Y-P диаграммасында екі тепе-теңдік нүкте (Y1,P1) немесе (Y2,P2) пайда болады. Оларды қалыпты сызықпен біріктіріп, AD жиынтық сұраныс қисығын аламыз.
.
Сурет. Жиынтық сұраныс қисығын шығару
Баға деңгейінің Р әсері қарастырылғанда AD жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжу байқалады, ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде, AD қисығының өзі жылжиды. Макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа қалайша әсер ететіндігін анықтауға болады. AD қисығының жылжу бағытын анықтауға болады, егер AD жиынтық сұраныс қисығын құру тәсілін талдасақ.
Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы
G мемлекеттік шығыстардың өсуі, Т салықтардың азаюы, С тұтынушылық шығыстардың өсуі, М ақша ұсынысының артуы, болашаққа жағымды болжау AD жиынтық сұраныс қисығын оңға қарай жылжытады Ондай болмаған жағдайда AD қисығының жылжуы солға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |