Стандарттаудың негізгі мақсаты – халықшаруашылығының, халықтың, еліміздің
қорғанысының, экспорттың қажеттілігіне өндірілетін өнімнің дамымалы талаптарын
анықтайтын норма-техникалық құжаттар жүйесін жасау.
Қолданыстағы стандарттау жүйесі актуалды деңгейде:
-
бірыңғай техникалық тіл;
-
өнімнің маңызды техникалық сипаттамаларының унификацияланған
қатары;
-
жалпы машина жасау өндірісінде қолданылатын
бұйымның типтік
конструкцияларын (мойынтіректер, қатайту бөлшектері, кесу құралы);
-
техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптауыштар жүйесін;
-материалдар мен заттардың анықтамалық мəліметтерін жасауға жəне қолдауға
мүмкіндік береді.
Отандық стандарттарды əзірлеуде Халықаралық стандарттау ұйымының талаптары
ескеріледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартарына енетін талаптар:
-
өмір сүру, денсаулық, мүлікті жəне қоршаған
ортаға қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін өнім, жұмыс жəне қызмет сапасына қойылатын міндетті
талаптар, техникалық қауіпсіздік жəне өндіріс санитариясына қойылатын міндетті
талаптар;
-
өнімнің міндетті үйлесімділік
талаптары;
-
өмір сүру, денсаулық, мүліктік жəне қоршаған ортаға қауіпсіздігін жəне
өнімнің өзараалмастырушылығы мен сəйкестігін қамтамасыз ететін өнім, жұмыс
жəне қызмет сапасын тексерудің міндетті əдістері мен талаптары;
-
параметрлік қатарлар жəне бұйымдардың типтік құрастырылуы;
-
өнімнің негізгі тутынушылық жəне пайдаланушылық қасиеті, қораптауға,
таңбалауға, тасымалдауға, сақтауға жəне өнімді жоюға қойылатын талаптар;
-
өнімді өңдеуде, өндіруде, пайдалануда
техникалық бірыңғайлылығын
қамтамасыз ету жайы, өнім сапасын, ресурстардың барлық түрлерінің сақталуы
мен
рационалды қолдануын, терминдерді, анықтамалар мен белгілеулерді жəне
басқа жалпытехникалық ережелер мен нормаларды қамтамасыз ету талаптары.
Сапаны бағалаудың кешенді əдістерін теориялық зерттеу нəтижесінде келесі
қортындылар алынды. Сапа – əртүрлі факторларды жинақтай сипаттайтын синтетикалық
көрсеткіш. Бұл түсінік өнімнің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығын көрсетеді.
Сапа көп ғасырлық даму жолынан өтті жəне өндірістің мүмкіншілігінің жетілуі мен
сұранысының артуына байланысты дамыды жəне қанағаттандырылды.
Достарыңызбен бөлісу: