көрсеткіш бағаланып жатқан өнімнің көмегімен қанша өнім көлемі шығарылғанын немесе
белгілі бір уақыт аралығындағы өндірістік қызмет көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Тауардың
сенімділігі – тауардың ұзақмықтылығына жəне
қасиетіне, сақталуына,
жөнделуге жарамдылығына, тоқтамай жұмыс істеуіне байланысты сапа қасиеті.
Бағаланып жатқан өнімнің қасиетіне қарай сенімділік көрсеткіші осы төрт көрсеткішпен
де немесе кейбіреуімен де анықталады(МСТ 27.004.-85. Техникадағы сенімділік.
Технологиляқ терминдер мен анықтамалар жүйесі. МСТ 27.002-83.).
Технологиялық көрсеткішін өнімді жөндеу мен дайындауда жоғары еңбек өнімділігін
қамтамасыз ету үшін конструкторлы-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды.
Осы технологиялылықтың көмегімен өнімнің жаппай шығарылуын, материалдарды,еңбек
құралын жəне өндірісті технологиялық дайындау, өнімді дайындау мен пайдалану
уақытын орынды шығындауды қамтамасыз етеді.
Эргономикалық көрсеткіш бұйым мен
адамның өзара қарым-қатынасын, яғни оның
гигиеналық, физиологиялық, антропометриялық жəне психологиялық қасиеттеріне
ыңғайлылығы, сəйкестігін көрсетеді. Сондай көрсеткіштерге тоңазытқыштың тұтқасының
орналасуы, кран кабинасындағы
желдеткіштің болуы, велосипедтің рулінің орналасу
жағдайы, жарықтылық, ылғалдылық, діріл, шу, өнімнің
жануы кезінде иісті газ
концентрациясын айтуға болады. Өндірістік бұйымдардың эргономикалық сапа
көрсеткіштерінің терминдері мен анықтамаларын МСТ 16035-70 орнатады.
Эстетикалық көрсеткіштер ақпараттық айқындықты, пішінінің қолайлығын,
композицияның
тұтастығын, орындаудың жетістігін жəне бұйымның тауарлық түрінің
тұрақтылығын көрсетеді. Тұтынушылардың сұранысының артуына байланысты қазаіргі
заманғы бұйымдардың құрастырылуы – эстетикалық талаптардың сақталуын талап етеді,
яғни адамдар таза, əдемі, жарық ғимараттарда жұмыс істеп, өмір сүргісі келеді жəне
көрікті сырт пішіні бар, жұмыс істеуге ыңғайлы құралдарды қалайды.
Экологиялық көрсеткіштері дегеніміз өнімді өндіру жəне пайдалану кезінде
қоршаған
ортаға тигізетін зиянды əсері. Тауардың экологиялылығының көрсеткіштері – оның сапа
деңгейін анықтайтын маңызды қасиеттердің бірі.
Тауардың экологиялылығының нақты көрсеткіштеріне жатады:
-
əртүлі машиналық қозғалтқыштарда, агрегаттарда, кешендерде өнімнің
жануы кезінде зиянды қоспалардың мөлшері (элементтер, қышқылдар, металдар.);
-
химия, мұнай химиясы, тау-кен, металлургия, энергетик, ағаш өңдеу, тамақ
өндірістернің ауа, су бассейніне, топыраққа (жер қойнауын қосқанда) зиянды
қалдықтарды тастауы;
-
атом
энергиясын зерттеу, қолдану жəне басқаруға байланысты
объектілердің радиоктивті жұмыс істеу деңгейі;
-
əртүрлі қолданыстағы транспорттық құралдардың жəне басқа да
машиналар мен агрегаттардың шу, діріл жəне энергетикалық əсерінің деңгейі.
Əртүрлі обьектілер бойынша барлық осы көрсеткіштер сəйкес
нормативті актілер
мен құжаттарда мəлімделеді (заңдар, стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелері ).
Достарыңызбен бөлісу: