Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Дәрістер

Мәжіліс залының ауданы 12 м
2
.
Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м
2
есебінен бөлінеді. Асханада ас дайындау бөлмесі, ас 
қоймасы, ыдыс жуатын орын, буфет болады. 
Киім ілгіш гардероб екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш гардероб. 
Жуынатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қанатында орналасады. 
Баспалдақтардың ені 30 см, биіктігі 16 см болады және онда жарық көзі болу керек. 
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар 
 
Жиһаздар, жабдықтар оқушылардың жасына сәйкес болу керек. 
Парта қазіргі талап бойынша бала бойының ұзындығына сәйкес 5 топқа бөлінеді: 
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балаларға арналған; 
Б тобы – 130-145 см; 
В тобы – 145-160 см; 
Г тобы - 160-175 см; 
Д тобы – 175-190 см арналған. 
Әр топқа түстер бекітілген: А – сары, Б – қызыл, В – көкшіл, Г – жасыл, Д – ақ түсті. 
Әр мұғалім сынып бөлмесіне парта таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының 
ұзындықтарына сәйкес таңдайды. 
Парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда 3 қатардан әр қатарға 6-7 партадан, жоғары 
сыныптарда көбінесе екі қатардан орналастырады. Шеткі парта мен қабырға арасы 50-65 см, қатар 
аралығы 70-75 см, алдыңғы парта мен тақта арасы 2,4-3 м, соңғы парта мен тақта арлығы 8 м болу керек. 
Партада отыру ережесі: аласа бойлы балалар, нашар еститін, нашар көретін балалар алдыңғы 
қатарға отырғызылады. 
Оқушы дұрыс отырғанда бел омыртқасы мен сегізкөз сүйектері, жауырынның төменгі ұштары 
орындық арқалығына тиіп тұрады және ұршық, тізе буындары тік бұрыш жасап бүгіліп табаны еденге 
немесе партаның аяқ қойғышына еркін тіреледі. Білектері үстелдің үстінде еркін орналасады. Партада 
дұрыс отырып үйренгенде ғана оқушылар сабақ кезінде шаршамай еркін отырады. Дұрыс отырмаса тез 
шаршап, сабаққа зейіні төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет