Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет50/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Дәрістер

Белоктың алмасуы 
 
Дене салмағының 25% белок құрайды. Белок екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі белок деп. 
Қарапайым белоктың құрамында төрт зат: оттегі, сутегі, көміртегі, азот болады. Ал күрделі белоктың 
құрамында бұл төрт заттан басқа күкірт, фосфор,темір т.б. болады. 
Белок мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. 20 амин қышқылдары бар. Оларды орны толатын 
(таптыратын) және орны толмайтын (таптырмайтын) амин қышқылдары деп ажыратады. Орны 
толмайтын амин қышқылдары (10 амин қышқылы) организмде өндірілмейді, организмге олар тамақпен 
бірге түседі. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин
фенилаланин, гистидин жатады. 
Белоктың қызметі: - биологиялық катлизатор – ферменттердің негізі болып саналады; 
- транспорттық қызмет (гемоглобин оттегі мен көміртегіні тасымалдайды); 
-жиырылу қызметі (бұлшық еттің құрамындағы актин және миозин белоктары); 
-құрылыс материалы (клеткалар құрамының негізі). 
Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты 
өзгереді. 
Белоктың қажет мөлшері 
Баланың жасы 
Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг 
2-3 айдан бір жасқа дейін 
4,0-5,0 
2-3 жас 
3,5-4,0 
12-15 
2,5-3,5 
15-17 
2,0-3,0 
17-21 
1,5-2,0 
21-50 
1,0-1,3 
Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінің маңызы зор. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, 
минералды заттар, витаминдер және т.б. бала ағзасына қажет заттар бар. 
Май мен көмірсудың алмасуы 
Май мен көмірсудың құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі.Бұл екеуінің 
құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға 
мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі. Денедегі майдың 
мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1 
г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат 
бөлінеді. 
Дені сау ересек адамның тамағында 30%-дай май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді. 
Тамақ құрамында жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек. 
Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май 
ұлпалары мен жасушаларда жиналады. 
Көмірсулар ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап 
қанға сіңеді. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері 
0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық етерге тасылады да, гликогенге 


33 
айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны 
глюкозурия деп атайды. Бұл ауру инсулин гормоны жетіспегенде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет